ON1 Маркетингтік, қаржылық және стратегиялық талдау нәтижелері негізінде компанияның даму перспективаларын анықтау .
ON2 ұйым қызметінің мақсаттарына, міндеттеріне және ішкі, сыртқы жағдайларына сәйкес келетін өндірістік ағын мен логистикалық жүйені құру.
ON3 Бизнес-жоспарды әзірлеу, жобаның іске асырылуы мен пайдалылығын негіздеу, маркетингтік, өндірістік және қаржылық талдау әдістерін қолдану.
ON4 қаржы активтерінің тиімді құрылымын қалыптастыру, пассивтер мен қарыз қаражатының оңтайлы құрылымын белгілеу, ұйым ресурстары шығысының негізгі бағыттарын анықтау, қаржылық нәтижелер көрсеткіштерін бақылау.
ON5 компанияның жұмысын оңтайландыру, шығындарды азайту және пайданы ұлғайту үшін Business Intelligence қазіргі заманғы құралдарын, Big Data талдау әдістерін қолдану. ON6 Компанияның штаттық кестесін құру, лауазымын, қызметкерлердің жалпы санын және жалақы қорын анықтау.
ON7 бизнестің негізгі функционалдық салаларымен байланысты жағдайлар мен процестерді талдау бойынша жүйені құру: компанияның даму стратегияларын әзірлеу және іске асыру, адамдарды және ұйымдарды басқару, қаржы, инновациялар, операциялар мен өзгерістерді басқару, жобаларды басқару;
ON8 жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін құру, таза дисконтталған кірісті, рентабельділік индексін, кірістіліктің ішкі нормасын, жобаның өтелу мерзімін анықтау.
ON9 мотивацияны, көшбасшылықты, топтық динамиканы, жанжалдарды басқаруды және жоғары корпоративтік мәдениетті және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоса алғанда, адам ресурстары мен ұйымдастырушылық тәртіпті тиімді басқарудың жеке моделін әзірлеу.
ON10 қаржылық және бухгалтерлік есеп пен есептілік деректерін талдау және оларды экономикалық есептерді жүргізу және стратегияны іске асыру үшін қалыптастырылған ақпарат көздері ретінде пайдалану;
ON11 жеке тұлғалық өсу бағдарламасын құру, ол өз бойында аспаптық, тұлғааралық, жүйелік, тұлғалық құзыреттіліктерді, басқарушылық дағдыларды – көшбасшылық, мақсат қою, шешім қабылдау, уақытты басқару жоспарлау көкжиегін жаһандық және тұрақты кеңейтуді ойлау қабілеті.
ON12 жоба командасының басқа мүшелерімен тез және оңай байланыс орнату, өз көзқарасын сауатты баяндау және мәселелерді шешудің жолдары мен тәсілдерін ұсыну.
Іскерлік әкімшілендіру
7M04106
Al-farabi business school