философия докторы (PhD)
Медицина, ауыл шаруашылығы, ветеринария, экология және әртүрлі өндіріс орындарындағы өзекті мәселелерді шешу үшін вирусология саласында жоғары білікті, кәсіби құзыреттікке ие ғылыми-педагогикалық және өндірістік-басқарушы мамандарды дайындау
Вирусология
8D05110
Биология және биотехнология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-рейтингтік басылымдарда ғылыми-техникалық есептер, шолулар, презентациялар, ғылыми баяндамалар және жарияланымдар түрінде орындалған жұмыс нәтижелерін ұсыну қабілетін қалыптастыру, академиялық және қоғамдық ортада тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттілікті жетілдіру. Ресми және академиялық тілдің ерекшеліктері зерттеледі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Биологиялық қауіпсіздік деңгейіне, персоналды және қоршаған ортаны биологиялық қорғаудың инженерлік жүйелеріне, инфекциялық агенттерді инактивациялау әдістеріне, персоналды жеке қорғау құралдарына, адам мен материалдық ресурстардың ықтимал шектеулерін ескере отырып, "эпидемиялық траекториялар", "эпидемиядан болатын шығындар" есептеулеріне, зерттеулердегі этика ұғымдары; биологиялық қаруға тыйым салу конвенциясы, оны дамыту, зерттеушінің этикалық міндеттемелеріне қатысты мәселелер қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің аясында деректерді статистикалық өңдеу және нуклеин қышқылдарын молекулалық будандастыруға негізделген әдістер, вирустарды бөлу және типтеу әдістері, вирустық инфекциялардың жылдам және жедел диагностикасы, қатты фазалы иммуносорбент әдісі, электронды және иммуноэлектронды микроскопия, иммунофлуоресценция әдістері, цитологиялық әдістер қарастырылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-молекулалық вирусологияның заманауи әдістерін және вирусологиялық талдаудың әдіснамалық негіздерін қолдану қабілетін қалыптастыру, әртүрлі эксперименттік модельдер мен заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, зертханалық зерттеу әдістерінің дағдыларын меңгеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу кезінде бактериофагтарды ашуға және қолдануға, олардың әсер ету механизмдеріне, жіктелуіне, қолданылу саласына, бактериофагтардың шығарылу формасы мен негізгі қолданылатын препараттарына, сондай-ақ инфекциялық ауруларды емдеу мен алдын алуда бактериофагтарды пайдалану мүмкіндігіне қатысты мәселелер қаралатын болады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қолданбалы вирусологиядағы вирустық және субвирустық бөлшектердің әртүрлілігінің маңыздылығын бағалау қабілетін қалыптастыру. Өзекті қолданбалы міндеттерді шешу үшін вирустардың (адамның, жануарлардың, қарапайым өсімдіктердің) және олардың геномдарының алуан түрлілігі: вирустық инфекцияларды диагностикалау, иммундық жауаптар негізінде вирустық маркерлерді сәйкестендіру, вирустық инфекцияларды зертханалық диагностикалау әдістері, metagenics және imagery технологиялар мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу кезінде вирустық бөлшектердің құрылымын, вирустардың геномикасын, жасушадағы вирустардың репликациялық циклын, вирустар мен олар тудыратын аурулар туралы тұтас түсінік қалыптастыру үшін вирустар тудыратын ауруларды диагностикалаудың, алдын-алудың және емдеудің молекулалық негіздерін түсінуге байланысты вирусологияға қолданылатын вирустар таксономиясы, медициналық вирусология және молекулалық биология бөлімдерінің мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - вирустық инфекцияның иммунопрофилактикасы мен иммунотерапия саласындағы білімді пайдалану қабілетін қалыптастыру. Иммунитеттің қазіргі заманғы теориялары, ағзаның иммундық жағдайын бағалау, вирустардың антигендік құрылымы, вирустық инфекциялардың патогенезі мен диагностикасындағы иммуноглобулиндердің рөлі, вирустық инфекциялардағы иммунопатологиялық реакциялар, аутоиммундық антиденелер, интерферондардың қасиеттері, интерферондардың түзілу механизмдері және әсері зерттеледі.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.