философия докторы (PhD)
Пәнаралық бағыттың заманауи әдіснамасына негізделген ғылым, экономика, денсаулық сақтау, ұлттық қауіпсіздік және білім беру салаларындағы нейротехнологияның өңделуі мен қауіпсіздігі, интегративті нейроғылымның ғылыми-зерттеу, практикалық, сараптамалық-аналитикалық әрекеттері жүзеге асатын жаһандық еңбек нарығының талаптарына жауап беретін; әлемдік нейроғылымның дамуына үлкен үлес қосатын, халықаралық ғылыми қауымдастыққа енетін, қоғамның технологиялық прогресі мен әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ететін ғылыми зерттеулер үшін моральдық-этикалық жауапкершілікті көтеретін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға қабілетті, әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие, нейроғылым саласындағы халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау.
Нейроғылым
8D05109
Биология және биотехнология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - аналитикалық мәтіндік әрекетпен байланысты кәсіби коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру. Курс лингвистикалық және прагматикалық ойлаудың қалыптасуына ықпал етеді, PhD докторанттарда тілдің экспрессиялық бірліктерін талдау және ауызша және жазбаша ғылыми қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына байланысты қажетті бірлікті сауатты таңдай білу қабілеттерін қалыптастырады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - ғылыми зерттеулердің әдіснамасы туралы білімді қалыптастыру, нейроғылымдағы тиімді ғылыми жұмыстарды жоспарлау және жүргізу. Курс ғылыми зерттеудің әдістері мен тәсілдерін дамытуға бағытталған. Ғылыми зерттеу әдіснамасын дәйекті қолдану болашақ ғалымның нейроғылым саласындағы ғылыми зерттеу деңгейінің жан-жақты өсуіне ықпал етеді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - мидың әртүрлі деңгейдегі, молекулалықтан жүйелік деңгейге дейінгі функцияларын түсіну үшін біріккен ғылыми бағыттардың синтезі ретінде нейроғылым проблемалары туралы интегративті ойлауды қалыптастыру. Курс нейроғылым саласындағы заманауи пәнаралық зерттеулерді қарастырады, соңғы басылымдарды талдауға сыни көзқарас пен ғылыми мәселелерге шешім табудағы креативті көзқарасты дамытады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - сананың нейробиологиялық және математикалық зерттеулерінің ғылыми әдіснамасын анықтайтын сананы философиялық тұрғыдан түсінуден бастап, сананың тарихи және қазіргі заманғы теорияларын сыни тұрғыдан талдау қабілетін қалыптастыру. Курс сана мен зерттеу жолдарының проблемасына өзіндік дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру үшін креативтік ойлауды дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - нейротехнология саласындағы соңғы жетістіктерге негізделген адам мен компьютердің өзара әрекеттесу принциптерін талдау және ғылыми қолдану, мидың белсенділігі арқылы адам мен компьютердің өзара әрекеттесу әдістерін сипаттау, адамның нейротехнологиялық қосымшаларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курс нейроғылымдағы қолданбалы мәселелерді шешу үшін адам-компьютер өзара әрекеттесуінің жетістіктері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - мидың негізгі даму заңдылықтарын, оның жасқа байланысты өзгеру динамикасындағы пластикасын, сондай-ақ аномальды дамудың компенсаторлық механизмдерін анықтау. Курс докторанттарды мидың пластикалығы нейроғылымы саласындағы заманауи зерттеулермен таныстырады, осы саланың мәселелерін шешуде жаңа зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін мидың «ағза-қоршаған орта» жүйесінде қалыптасуын зерттеу жағдайын талдауға мүмкіндік береді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ми сигналдарын талдаумен коннективити теориясына негізделген заманауи әдебиеттерді талдау қабілеттерін қалыптастыру. Курс мидың сигналдарына әр түрлі деңгейлерде және модальдарда күрделі математикалық тәсілдерді біріктіреді, мидың сегрегациясы мен интеграциясын өлшеуді, мидың динамикалық белсенділігінің себептерін анықтайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қартаю процестерімен байланысты мидың жасқа байланысты өзгерістері саласындағы ғылыми зерттеулерді сыни тұрғыдан талдау қабілетін қалыптастыру. Курста қартаюдың мидың қызметіне, жүріс-тұрысына, когнитивтік процестер жұмысының тиімділігінің жасқа байланысты төмендеуіне әртүрлі қартаю теориялары тұрғысынан әсер ету механизмдері ашылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - нейроғылымдағы ми сигналдарын өңдеу әдістері мен тәсілдерін, ми сигналдары табиғатының негізгі физикалық-математикалық ережелерін зерттеу. Курс сізге мидың сигналдарының әртүрлі типтерін талдауға арналған заманауи қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, зерттеу мәселесін шешу үшін сәйкес математикалық және статистикалық талдауды таңдаудың дұрыс стратегиясын таңдау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - докторанттарда мидың функциялық бірліктерінің негізінде жатқан молекулалық және жасушалық механизмдер туралы заманауи әдебиеттерге сыни талдау жасауды қалыптастыру. Курс жүйке жасушалары мен жүйке тіндерінің молекулалық және жасушалық ұйымдасу деңгейлерін, морфологиясын, нейрондардың молекулалық сәйкестілігі мен физиологиялық ерекшеліктерін, сигналдарды нейрондармен өңдеу механизмдерін зерттеуді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - эволюциялық нейробиологияны, адам мен жануарлардың мінез-құлқының нейрофизиологиялық негіздерін түсіну үшін эволюциялық психологияны синтездеу қабілетін қалыптастыру. Курс негізінен адамның мінез-құлық процестерінің жүйке негіздерін, сондай-ақ субъективті тәжірибені қалыптастырудағы ортаның рөлін зерттеуді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - мидың жұмысын түсіну үшін жасанды интеллектті қолдану, ми жұмысын клеткалық, желілік және жүйелік талдау негізінде модельдеуде ми функциясының математикалық модельдерін құру, мидың жұмысын талдау тәсілдерін эксперименттік қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курс жасанды интеллект жүйелерінде қолданылатын шешімдерді іздеу әдістерімен таныстырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - пәнаралық синтез негізінде жүйке жүйесінің ауруларын заманауи зерттеулерге сыни талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Курс орталық жүйке жүйесінің патологиялары туралы, мысалы, ми ісіктері, нейродегенеративті аурулар, мидың қан тамырлары аурулары, орталық жүйке жүйесінің инфекциялары туралы нейроғылымның сабақтас бағыттары тұрғысынан патологиялық процестерді зерттеу мақсатында интегративті түсінік қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - оқыту және ес теориялары, нейропластиканың оқыту мен ес механизмдеріндегі рөлі туралы заманауи түсінікті қалыптастыру. Курс оқыту мен ес механизмдерін классикалық тұрғыдан зерттеудің тарихи перспективасын, сонымен қатар осы проблеманы пәнаралық зерттеудің қазіргі жетістіктерімен таныстырады, бұл осы бағыттағы зерттеулерді өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.