өнертану ғылымдарының магистрі
Баспа жобаларын басқару, мәтіндік, графикалық және мультимедиалық материалды ресімдеу дағдыларын меңгерген баспа менеджменті мен типографиканың салааралық бейіндерінің тоғысында мамандар дайындау.
Баспа менеджменті және типографика
7M02103
Журналистика
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: веб-сайттар жасаудың заманауи тәжірибесін, баспаның негізгі ұстанымдары мен модельдерін жобалау, баспаларда интернет-технологияларын енгізуді, кітап саудасын жан-жақты талдап, зерттеуді қамтиды; баспа бизнесін тиімді жүргізу, сайт немесе басқа интернет-ресурстар үшін ақпаратты редакторлық жолмен өңдеу үшін, веб-сайттар мен веб-баспаларды құру мен олардың жұмыс істеуі саласында магистранттардың құзыреттілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттың өз бетінше жобаларды дайындау мен жаңа инновациялық стратегияларды әзірлеу үшін баспа жұмысының ісін ұйымдастыру және графикалық дизайн саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында кәсіби қабілеттерін қалыптастыру. Ғылым әдіснамасының қазіргі заманғы ережелері, баспа ісі және дизайнерлік бастамаларды ілгерілету үшін ғылыми-зерттеу құралдарын, ғылыми жарияланымдар және магистрлік деңгейдегі зерттеу жобаларын жасау технологиясының заңдылықтары зерделенетін болады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Баспа және графикалық бағдарламалар нарығын терең талдау, визуалды өнердің даму құралдарының бағдарламаларымен жұмыс істеуге дағдылану қабілетін қалыптастыру. Сандық баспагердің және сандық дизайнердің құзыреттілігі мен кәсіби дағдылары; Курс Quarkappstudio және DigitalPublishingSuite бағдарламалық кешендерімен AppleiPad және iPad2, Rim Playbook заманауи планшеттік құрылғылардың негіздері мен MotorolaXoom, SamsungGalaxyTab сияқты Android негізінде сандық газеттер мен журналдардың баспагерлерінің кәсіби қызметтері мен шығармашылық өнімдері талданады; Курс аясында компьютерлік модельдеу және кәсіби дизайнерлік арнайы бағдарламалар игеру, оқытылу қарастырылған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - зерттеу әдіснамасын әзірлеуді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы медианы зерттеудің әртүрлі парадигмалары шеңберінде медиалық тәжірибені талдауға және сыни бағалауға, эмпирикалық зерттеуде деректерді жинау әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ұлттық өнер мен рухани, мәдени дәстүрлерге негізделген графикалық дизайн әдістерінің жүйесіне терең талдау жасау және оны тәжірибеге енгізу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары; қазіргі заманғы жаңа өнердегі қазақ графикасының, оның тарихи, табиғи стильдік ерекшеліктері мен этнодизайнның даму кезеңдері мен аспектілері сараланып, талданады; жарнама дизайны, типография, ою-өрнек өнері, баспа жұмысының ісі, графикалық дизайндағы жобалау әдістері және олардың барлық саладағы қатынасы мен әсері болатын көрнекі дәстүрлі өнер мен рухани мәдениеттің негізгі факторлары зерделенетін болады.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басылымды, жобаны құру, шығару, ақпараттық-коммуникациялық айналымға енгізу және тұтынушыны өзіне қажет баспа түрімен (баспа, аудио-, видео-, электронды) қамтамасыз ету қабілетін қарастыру, баспа-полиграфия үрдісінде баспагер-редактордың рөлі басылымдарды шығаруға және таратуға дайындыққа бағытталған өзара байланысты ұйымдастырушылық, басқарушылық және маркетингтік жұмыстар кешені ретінде зерттеледі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттар электрондық кітаптардың өндірістік және дистрибуциялық ерекшеліктерін, инфрақұрылымын, электронды басылымдарды дайындаудың әдістері мен құралдарын, оқуға арналған әртүрлі құрылғылар мен бағдарламалар арқылы электронды басылымдарды өңдеудің жолдарын, формалары мен әдіс-тәсілдерін құзыретті талдау жасай отырып, қабілетін қалыптастырады. Сандық орта кітап шығарудың жаңа кезеңінің негізгі шартты белгісі ретінде зерттеледі: интернеттің дамуы, мобильді құрылғылардың пайда болуы (ұялы телефондар, планшеттер, электронды кітаптар), баспа бизнесінің даму векторының кеңейіп дамуының аспектілерін қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы полиграфия технологиялары мен олардың құрылымы, қызметі, танымы мен орнын, басылым міндеттемелерін тереңдете меңгеру арқылы кәсіби іс-әрекетте өз оқу қызметтерінде макеттерді жүйелі қолдану дағдыларын меңгереді. Нәтижесінде студенттер баспа жұмыстарын, баспа өнімдерін сапалы дайындау әдістерін, технологияларын, полиграфиялық және баспа өнімдерін басып шығарудан кейінгі технологияларды, тиімді мультимедияларды жаңа бағдарламаларға сүйене отырып меңгереді. Пән, баспа, баспа технологияларының мәні туралы түсініктермен және ұғымдармен кеңейтіледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: баспа ісінің құқықтық басқаруын түсіну қабілетін дамыту. Баспалардың белгілі бір заңдылық шеңберінде жұмыс істейтін әр түрлі меншік формасындағы ұйымдар ретінде зерттеліп, оны реттейтін және оның сыртқы сипатының бар құқықтық нормаларын (мысалы, келісімшарттық және авторлық құқық, қайта басып шығару құқығы) қарастыру көзделген. Баспа ісінің қызметтерінің өзара байланыстарының бірнеше бөліктерден тұратын ішкі және сыртқы ортаға бейімделген жүйе ретінде зерттеледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Семиотиканың (соның ішінде визуалды семиотиканың) және дизайнның негізгі түсініктерін, теориясы мен даму тенденцияларын сипаттау мен бағалау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында білім алушылар визуалды цифрлық семиотика, семиотикалық әдістеме негіздері бойынша білім алады және дизайндық жобаларда визуалды коммуникация құралдарымен жұмыс жасап, оларды тиімді ұйымдастыру құралдары ретінде, дизайн түрлерін, дизайндағы стильдерді, визуалды коммуникациялардағы формалар мен мазмұндық элементтерін, түстің рөлін қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың визуалды мәдениетінің тарихи парадигмаларын жүйелі талдау мен кәсіби бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар графикалық дизайнның қалыптасуы мен дамуы туралы толық түсінік беру; Графикалық дизайн мен типографика тарихының қалыптасу жолында полифункционалды әлеуметтік-мәдени құбылыстардың көрінісін саралау, талдау; Олардың пайда болу себептері, қалыптасуының тарихи, табиғи кезеңдерінің ерекшеліктерін талдау; Өзіндік стильдік бағыттары мен дизайнның ғылыми гуманитарлық білімнің әртүрлі формаларымен тығыз байланысын қарастыру: эстетика, экономика, психология, әлеуметтану, мәдениеттану және т.б. аспектілерде негіздері зерттеледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: баспа өнімдерін тарату кәсіпорындарында интернет жүйесін пайдалану деңгейлерін, сондай-ақ интерактивті сауданың ерекшеліктерін жүйелі ұйымдастыру жолдарына талдау жасалады. Курс заманауи кітап тарату технологиясының мақсаттарын, міндеттерін, нысандарын анықтауға мүмкіндік беріп, оның жүйелі байланыстарын қарастырып, арнайы тақырыптарды зерттеуге және игеруге бағытталады. Өзінің кәсіби қызметінде сандық технологиялар мен өнімдерді тиімді пайдаланатын кітап тарату кәсіпорындарына терең талдау жасалады: сұраныс бойынша басып шығару, интернет-дүкендер желілері, электрондық клиенттік мәліметтердің базасы және т.б.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жалпы мәдени функцияларды жүйелі талдау және өзіндік дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, ішкі философиялық, рухани құндылықтары бар салалар ретінде кітап және типография туралы ақпараттардан хабардар болу және кәсіби құзіреттілікті арттыра отырып, өзіндік қабілеттерін қалыптастыру. Кәсіби қызметті қалыптастыруға бағытталған мәдени-этикалық функциялар: зияткерлік және жалпы мәдени деңгейді жетілдіру, дамыту қабілеттерін зерттеудің жаңа әдістерін өз бетінше меңгерту; сондай-ақ баспа өніміндерінде қамтылған табиғи ерекшеліктер туралы негізгі білімнің философиялық аспектісін зерделеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы кітаптану кезеңдерін қалыптастыру проблемалары мен үрдістеріне объективті талдау жасау, ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру. Кітаптанудың теориялық, әдіснамалық базистерімен байланысты проблемалар мен үрдістер зерделенетін болады. Кітап туралы ғылымның тұжырымдамалық жүйелерін енгізу, түзету жұмыстарын атқару, ғылыми міндеттерді қою модельдерін жетілдіру және оларды шешу қажеттілігі қарастырылды. Қазіргі жағдайда "кітап" феноменінің зерттелу деңгейін зерделеуде жаңа тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылатын болады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - жанрлық ерекшеліктерді, әдеби процесс заңдылықтарын, баспа стратегияларының ерекшеліктері шеңберінде қазіргі заманғы әдебиетті дайындау және шығару ерекшеліктерін сыни талдау және сараптамалық қабылдау қабілетін қалыптастыру. Студенттер ғылыми-сыни әдебиетті ұғыну дағдыларына ие болады, классика феноменін талдайды, беллетристика мен бұқаралық әдебиет нарығын зерделейді, табысты коммерциялық жобаларды талдайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың баспа өнімдерін сатуға ынталандыру әдістері мен жолдарын сипаттау; оларды тиімді және жүйелі қолдану қабілеттерін қалыптастыру, баспа ісіндегі бренд дизайнын насихаттау, оның ерекшеліктері. Нақты баспаның бренд имиджін құру үшін дизайнды жобалау мен ұйымдастырып, жоспарлау әдістері, сериялар немесе кітаптың тақырыбы, авторлардың дайын жобалары талданып, зерттеледі; баспа логотипінің көрнекі көрінісін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу, ұйымдастыру жолдары. Баспа ісіндегі маркетингті зерттеу менеджментінің жалпы теориясына және маркетингтік қызмет жүйелерінің негіздерін игеру көзделген.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: студенттерге графикалық безендірудің жобалық әдістемесінің қалыптарын, ұлттық бағыттағы визуалды имидждегі көркем шығармашылық жобаларды жасаудың метафориялық тиімді әдістерін жүйелі түрде талдау қабілеттерін қалыптастырады. Графикалық дизайн саласының бірі ретінде типографияның ең жаңа үлгідегі жобалау әдістерінің семиотикалық-коммуникативті тәсілдері мен рәміздік табиғи сипатын зерттеп, заманауи визуалды ортада әдіснамалық жобалау іс-әрекеттерінің қызметтері мен негізгі мәселелерінің тиімді шешімдерінің алғышарттары ұсынылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: сандық және баспа мазмұнын өңдеу және жобалау дағдыларын дамыту. Магистранттар редакциялық стандарттардың табиғи өзгеруін, редактор кәсібіндегі басқарушылық функцияларды арттыра отырып, кәсіби құзыреттіліктерді игереді, баспа, дизайн, редакторлық шеберлікті меңгереді және жаңа медиа редакторлардың жұмысын саралап, талдау жұмыстарын жүргізеді (сандық-редактор, веб-мазмұн редакторы). Сонымен қатар автоматтандырылған мәтінді редакциялау мен түзету жүйелерін меңгереді.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.