іскерлік әкімшілендіру докторы(DBA)
Жоғары білікті, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді, мыналарға қабілетті мамандарды даярлау:
1. Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар мен бағыттарды тиімді басқаруды жүзеге асыру, мұны персоналды, тәуекелдерді және тұтастай алғанда ұйымдардағы және қызмет саласындағы өзгерістерді сауатты басқару арқылы қамтамасыз ету.
2. Бағдарламалар мен жоспарларды бір жүйеге біріктіруді қамтамасыз ету, оның бақылауын және тиімділігін қамтамасыз ету.
3. Ұйымның қызметін талдау және басқару ғылымы мен саланың даму тенденцияларын ескере отырып, алынған нәтижелер негізінде шешім қабылдау.
Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру
8D04112
Farabi International Business School
DBA
күндізгі
0 〒 (күндізгі, DBA)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, DBA)
5
АБ + Емтих (100)
Пән сандық, сапалық және аралас әдістерге негізделген зерттеулерді жүргізу бойынша базалық құзыреттілікті қалыптастыруды, нәтижелердің жеткізілуін және оларды практикалық пайдалануды қамтамасыз ететін мәліметтерді талдаудың әр түрлі құралдарын қолдануды, зерттеу нәтижелерін практикалық қызметте және диссертациялық зерттеу жүргізу кезінде қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5
АБ + Емтих (100)
Пәннің мақсаты қоғамда болып жатқан әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді талдау, дамудың мүмкін бағыттарын болжау қабілетін қалыптастыру; Бағдарламада мынадай сұрақтар зерттеледі:ғылыми танымның әдіснамалары, ғылыми білімнің мәселелері және оның ақиқатын негіздеу, олардың экономикалық зерттеудегі ерекшеліктері, экономикалық зерттеудегі ғылыми танымның құрылымы мен динамикасы. ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері
5
АБ + Емтих (100)
Қазіргі жағдайда тәуекелдерді басқару ұйымның қызметін басқарудағы негізгі процестердің бірі болып табылады. Тәуекел-менеджмент корпоративтік басқару мен көшбасшылықтың бір бөлігі болып табылады, ұйымды басқарудың барлық деңгейлерінде қалай жүзеге асырылуына айтарлықтай әсер етеді. <br/> Шешімдерді қабылдау және тәуекелдерді басқару әдіснамасы бойынша теориялық білімді, ISO 31000:2018 халықаралық стандарты негізінде тәуекелдерді басқару жүйесі мен процесін қалыптастыру механизмдерін түсіну дағдыларын, тәуекелдерді анықтау және оларды талдау дағдыларын меңгеру. Жүйені құрудың практикалық дағдыларын дамыту.
5
АБ + Емтих (100)
Пән ұйымдардағы өзгерістерді басқарудың теориялық негіздерін, өзекті концепцияларын зерделеуді және оларды практикада қолдануды қамтамасыз етеді. Пәннің шеңберінде Өзгерістерді басқарудың тиімді үрдістерін, технолонияларды, өзгерістерді ауыртпалықсыз енгізу әдістері мен құралдарын қалыптастырудың практикалық дағдылары қалыптасады және олардың ұйымда өмір сүруін қамтамасыз етеді. Өзгерістерді басқару контекстінде басқарудың жоғары буындағы менеджерлердің рөлі зерттеледі.
АБ + Емтих (100)
Бұл пәнде ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттары мен тұрақты дамудың негізгі аспектілері қарастырылады. Студенттер компаниялардың ESG стратегияларын әзірлеу және енгізу жолдарын, халықаралық стандарттарды (мысалы, UN SDGs, GRI, SASB), сондай-ақ ESG көрсеткіштерін бағалау мен есептілік тетіктерін үйренеді. Пәнде жауапты инвестициялар, экологиялық менеджмент, әлеуметтік әсер және тұрақты корпоративтік басқару модельдері жан-жақты талданады.
АБ + Емтих (100)
Медициналық қызметтер нарығының маркетингі денсаулық сақтаудағы әлеуметтік басқарудың маңызды элементі болып табылады, сапа шарттары мен бәсекелестіктің қысымына өсіп келе жатқан сұраныс контекстінде ұйым нарықтағы өзіндік мінез-құлық стратегиясын қалыптастыруы тиіс.
Пәннің шеңберінде маркетингтік құралдарды және медициналық қызметтерді ұсыну модельдерін қолдану мүмкіндіктері оқытылады, нарықты талдаудың құзыреттілігі, өзара әрекеттесу аспектілері және тұтынушымен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты қалыптастыру тәсілдері қалыптасады.
АБ + Емтих (100)
Бұл курсты оқу білім алушыға жанжалдарды басқарудың барлық деңгейлерінде пәндік саласында кең және жүйеленген білім мен дағдыларды алуға, жанжалдарды реттеудің құралдары мен тәсілдерін, жанжалдарды шешудің келіссөз үлгілерін, сондай-ақ жанжалдардың пайда болуы мен шешілуі кезінде психологиялық көмек көрсетудің теориясы мен тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді.
АБ + Емтих (100)
Пәннің мақсаты – докторанттарға стратегиялық маңызы бар жобаларды және ұйымның бизнес-процестерін интеграцияланған тұрғыдан талдап, жобалық портфельді, ресурс ағындарын және процестерді цифрлық құралдар арқылы оңтайландыруға үйрету; сондай-ақ тұрақты даму, тәуекел және өзгерістерді басқару қағидаттарын пайдалана отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған зерттеулер мен қолданбалы шешімдер әзірлеу құзыретін қалыптастыру.
АБ + Емтих (100)
Стратегиялық және орта мерзімді жоспарлар кез келген ұйымда даму трендтерін анықтайды, тактикалық жоспарлар ұйымның ағымдағы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді осы жоспарлардың негізінде ұйымды басқарудың барлық процесі құрылады. Бұл пән ұйымның барлық кезеңдерінде қызметті жоспарлау, іске асыру және мониторингті дұрыс және тиімді жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді дамытуға арналған және жоспарлар арасында өзара байланысты құруға, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге арналған.
АБ + Емтих (100)
Мақсаты – ұйымның қаржысын тиімді басқару, бюджеттік жоспарлау, қаржылық көрсеткіштерді талдау және инвестициялық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Докторанттар заманауи қаржы құралдарын қолданып, стратегиялық қаржылық басқару әдістерін меңгереді.
АБ + Емтих (100)
Мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеудің стратегиялық негіздерін, медициналық ұйымдардың басқаруындағы заңнамалық тәуекелдерді және медициналық қызмет көрсету кезінде туындайтын құқықтық жауапкершілік механизмдерін талдау мен басқару дағдыларын қалыптастыру..
АБ + Емтих (100)
"Мемлекеттік-жеке серіктестік" пәнін меңгеру мақсаты: білім алушылардың жеке және мемлекеттік ұйымдар мен тұлғалардың өзара әрекеттестігінің практикалық дағдыларын меңгеру, өндірістік, стратегиялық инвестициялық және инвх қызмет түрлерін ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
АБ + Емтих (100)
Бұл пән ұйымдардағы өзгерістерді тиімді басқару және тәуекелдерді талдау мен азайту әдістерін зерттейді. Студенттер өзгерістерді басқару модельдерін (мысалы, Kotter, Lewin, ADKAR), ұйымдық трансформация стратегияларын, ішкі және сыртқы тәуекелдердің түрлерін, олардың ықтимал әсерін бағалау мен алдын алу тәсілдерін меңгереді. Пәнде нақты бизнес-кейстер негізінде дағдарыстық жағдайларға жауап беру және бейімделу дағдылары қалыптастырылады.
АБ + Емтих (100)
Пән менеджердің қызметін үйлестіруге және жеке тиімділігін арттыруға бағытталған дербес менеджмент негіздерінің бірі болып табылады.
Тайм-менеджмент құралдарын пайдалану сондай-ақ жобаларды, қаржыны, шешім қабылдау және қақтығыстарды реттеу тәсілдерін басқаруда тиімділіктің өсуін қамтамасыз етеді, бұл сыртқы ортаның жоғары белгісіздігі жағдайында шешім қабылдауға көмектесетін басқарушыларға үлкен артықшылық береді.
Защита практики
Зерттеу тәжірибесі
ҒЗЖ қорғау