Есептеу ғылымдары және статистика

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

философия докторы (PhD)

Бағдарлама ішкі және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ел мен аймақтың қажеттіліктеріне және даму жолдарына сәйкес жоғары білікті ғылыми, педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы студенттердің есептеу ғылымы саласындағы терең білімдерін қалыптастыруға, математикалық модельдеу әдістері, аппроксимация сұлбаларын талдауға, математикалық теңдеулер негізінде деректерді талдау мен болжаудың статистикалық әдістерін қолдануға, университетте және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытудың келесі бағыттары қарастырылған:
- дифференциалдық теңдеулер үшін есептерді шығарудың есептеу әдістері;
- математикалық физика есептерін сандық шешуге жуықтау сұлбаларының жинақталуын талдау;
- әр түрлі бейімделген есептеу торларын салу және пайдалану;
- математикалық модельдерді қою үшін ғылыми гипотезалар негізінде дифференциалдық теңдеулерді тұжырымдау;
- есептеу алгоритмдерінің параметрлерін таңдау үшін нақты деректер бойынша математикалық статистика әдістерін қолдану;
- сандық тәжірибелерді қолдану арқылы модельдендірілген процестің дамуын болжау;
- математикалық физика есептерін сандық шешу үшін жоғары өнімді есептеу алгоритмдерді құру және қолдану;
- өзін-өзі дамыту, ғылыми ойлау, сыни талдауға, кванттық есептеу сияқты жаңа зерттеу бағыттарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- физика, химия, биология, қаржылық процестер, геология, кинетика мәселелерін компьютерлік болжау.

Есептеу ғылымдары және статистика

8D05405

Механика-математика

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

2200000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)