гуманитаралық ғылымдар магистрі
Археология аясында ғылым және білім беру, тарихи және ағартушылық салалар үшін Қазақстанның ұлттық басымдықтары туралы құнды тұжырымдарға ие, осы саладағы қазіргі заманғы білімді, жаңа теорияларды түсіндіру және бағалау дағдылары бар және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде IT қолдана алатын, инновациялық, пәнаралық әдістерді қолдана отырып далалық және қолданбалы зерттеулерді, археологиялық экспедицияларды жүргізуге қабілетті, археологиялық пәндерді дәстүрлі және қашықтан оқыту кезінде жаңа инновациялық оқыту әдістері мен технологияларын енгізе білетін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.
Археология
7M02219
Тарих
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда ғылыми ойлаудың қазіргі заманғы түрін қалыптастыру, сондай-ақ білім алушыларда әртүрлі әдістерді, соның ішінде жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, сонымен қатар жүйелі тәсіл шеңберінде археология, этнология және мәдени антропология әдістерін қолдана отырып пәнаралық зерттеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән магистранттардың ғылыми-методологиялық көзқарастарын қалыптастыратын теориялық курс болып табылады.
Пәнді оқу барысында келесі мәселелелер қарастырылады:
ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тайпаларының мәдени мұралары. Ежелгі Қазақстан тайпаларының қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік саылары. Материалдық мәдениеті, шаруашылығы. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тайпаларының рухани мәдениеті. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстандағы этномәдени үдерістерді бағалау мен сипаттау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бұл пән кешенді болып табылады. Ол тыңдаушыларды скиф-сібір әлеміне жататын археологиялық ескерткіштерді, Еуразияның ежелгі тарихының скиф дәуіріне жататын әдеби және жазба дереккөздерін зерттеу тарихымен, Еуразияның скиф-сібір аң стилінің шығу тегі мен дамуының негізгі теорияларымен, скиф-сібір аң стилінің генезисі, сәндік - қолданбалы өнер мәселелерімен таныстырады, сондай-ақ Еуразия халықтарының скиф әлемі тарихына қатысты әртүрлі тарихи, социоантропологиялық және этнолингвистикалық мәліметтерден тұрады.Пәннің мақсаты: магистранттарды ежелгі әлемдік өркениет тарихындағы
скиф - сібір аң стилінің орны туралы және Еуразияның тарихы мен
мәдениетінде скиф мұрасының тағдыры туралы қазіргі замандағы
археологиялық және тарихи ғылымдармен таныстыру. Курс пәнаралық
сипатқа ие, ол археологиялық, тарихи, әдеби дереккөздерді Тарихи
интерпретациялау процесінде әр текті пәндердің синтезіне, ерте
көшпенділердің сәндік-қолданбалы өнер туындыларына, белгілі бір мәтін ретінде талдау мәселелеріне назар аударады.
- студенттерде адамзат өркениетіне, өз халқына, оның мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне қатыстылық сезімін, ғылыми зерттеулер мен алғашқы көздерге сүйене отырып, тарихи және объективтілік принциптеріне сүйене отырып, хронологиялық реттілікте қоғамдық дамудың ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру.
- студенттің жеке қабілеттерін ашу үшін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау
- бағдарламаны орындау барысында оқу-зерттеу қызметіне танымдық қызығушылықты жандандыру;
- арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- студенттерді археология, тарих, мәдениет, табиғат ескерткіштерін қорғауға және археологиялық объектілерді қалпына келтіру принциптеріне қатысуға тарту;
- тапсырылған іске жауапкершілікті және дербестікті тәрбиелеу;
- ұжымда өмір сүруге және жұмыс істеуге тәрбиелеу;
- студенттердің тарихқа деген қызығушылығын арттыру және туған өлкесі мен Отанының өткеніне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. - азаматтық адамгершілікті тәрбиелеу;
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Магистранттарда сақ-скиф археологиясын зерттеуде теориялық және методологиялық негіз болуға ықпал еткен жаңа теориялық концепциялар мен тұжырымдамалар туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар, ерте темір дәуіріне жататын тайпалардың өмірі, қоғамдық, әлеуметтік құрылымы мәселесіне арналған еңбектермен таныстыру.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – түркі дәуіріндегі археологияның өзекті мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Оқу нәтижесінде: ежелгі түркілердің мәдениетін зерттеу мәселелері, ежелгі түркілердің археологиялық ескерткіштерінің сипаттамаларының ерекшеліктері, түркі мәдениетінің Орталық және Солтүстік Азиядағы түрлі этностар мен этникалық топтардың мәдениетке әсері.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу барысында эксперименталды археологияның негізгі әдістерімен, археологиялық деректерді әртүрлі тарихи-мәдени процестермен салыстырумен, эксперименталды археология саласындағы ашылымдармен, экспериментте алынған нәтижелердің археологиялық зерттеулердің жалпы әдістеріне әсерімен, эксперименталды археологияның қазіргі жетістіктері, пікірталас мәселелері және перспективалық бағыттарымен танысады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
"Антропогенез" пәні (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – маантропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - археологияның теориялық және әдіснамалық мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру, ғылыми зерттеудің нақты методологиясының дағдыларын қалыптастыру.
Пән: археологиялық материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін, интенсификация, археологиядағы теориялық зерттеулерді, заманауи теориялық концепцияларды, археология деректері бойынша мәдениеттердің өзара әрекеттесу мәселелерін анықтау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Магистранттарда әлемдік өркениеттер типологиясы, қазіргі және өткендегі өркениеттер даму тарихының ерекшеліктері, «өркениет» түсінігі және оның негізгі теориялары туралы түсінік қалыптастыру. Алғашқықауымдықтан өркениетке өту, ежелгі өркенитеттердің, ежелгі дәуірдегі адам, табиғат, қоғам және олардың археологиялық ескерткіштерінің жалпы сипаттамасы туралы білім беру. Білім беру нәтижесінде магистрант:
1. «Өркениет» түсінігін және өркениеттің негізгі теорияларын зерттеуде тереңдетілген заманауи білімді көрсетуге;
2. Алғашқы қауымнан өркениетке өту жөнінде өз қорытындыларын хабарлауға;
3. Ежелгі өркениеттер мен олардың археологиялық ескерткіштері сипаттауға;
4. Әлемдік өркениет шеңберіндегі теориялық және тарихи білімді талдауға қабілетті.
5. Тарихи-мәдени мұра бойынша принциптер мен әдістерді қолдану.
Пәннің мазмұны. Пән магистранттардың Ежелгі дүние өркениеттері туралы көзқарастарын қалыптастыратын теориялық курс болып табылады. Пән ежелгі өркениеттер туралы деректерді түсіндіру; Ежелгі Грекия өркениетін, батысеуропалық ортағасырлық өркениет пен Византияны зерттеу; Орта ғасырдағы Шығыс өркениеті мен ортағасырлық орыс өркениетіне ерекше назар аудару секілді білім жүйесіне негізделеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Магистранттарда ғұн-сармат археологиясын зерттеуде теориялық және методологиялық негіз болуға ықпал еткен жаңа теориялық концепциялар мен тұжырымдамалар туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар, ғұн-сармат дәуіріне жататын тайпалардың өмірі, қоғамдық, әлеуметтік құрылымы мәселесіне арналған еңбектермен таныстыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстандағы этномәдени үрдістерді зерттеу мәселелерін бағалау қабілетін қалыптастыру. Зерттелу нысаны: үйсін археологиялық ескерткіштері. Көшпелі қоғамдардың скиф-сақ дәуіріндегі даму кезеңі. Ғұн тайпаларының шығу тегі. Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тарихи географиясы. Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениетінің этникалық үрдістерінің рөлі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән Еуразия халықтарының өнеріндегі скиф-сібірлік аң стилін зерттеудің өзекті мәселелерін айқындайтын курс болып табылады. Пән скиф-сібірлік аң стилі археологиясын зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері; сақ-скиф тайпалары шығу тегі процесінің факторлары мен заңдылықтарын ашу; сақ-скиф тайпаларының негізгі археологиялық ескерткіштерін, саяси тарихын, идеологиясы мен қоғамдық құрылысын зерттеу секілді білім жүйесіне негізделеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарды әлемдік антикалық ескерткіштерді зерделеудің тарихымен, эталонды және негізгі археологиялық кешендермен, материалдар категориясымен, өнер ескерткіштерімен, өзекті сауалдарымен және негізгі әлемдік ғылыми мектептермен таныстыру. Басты назар әлемдік абсолюттік және салыстырмалы хронологияның түйінді түрткілдерін құрастыратын археологиялық кешендерге аударылады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың когнитивтік және индустриялық Археологияның өзекті мәселелері бойынша базалық жалпы кәсіптік білім алу. Ол қазіргі археологияның екі саласын біріктіреді. Оқу нәтижесінде: әр түрлі ғылыми-тарихи парадигмалар шеңберіндегі танымдық және өнеркәсіптік археологиялық білімнің орны; пән бойынша археологиялық дереккөздердің негізгі түрлері, олардың қалыптасу ерекшеліктері және қазіргі әлемдегі танымдық мүмкіндіктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: археологиялық ескерткіштерді зерттеудегі қола дәуірінің хронологиясын анықтайтын негізгі пәнаралық құралдарды қолдану қабілетін қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарға алғашқы қала өркениетінің қалыптасуы мен даму тарихы туралы білім беріледі. Орта Азия және Қазақстандағы алғашқы қалалық мәдениеттің пайда болуы, олардың негізгі бағыттары,
қалалық өркениет ошақтарының қалыптасуы жан-жақты қарастырылады.
Оқыту нәтижесінде магистрант келесідей дағдыларды жүзеге асыра алады:
қала және қалалық мәдениеттің пайда болуы;
- қалалардың белгілері мен функциялары;
- қала және қамалдар;
- бекініс жүйесі;
- үй-жайлары мен шаруашылық құрлыстары.
- қалалардағы қолөнер шеберханалары: қыш өндірісі, метал өңдеу, ағаш өңдеу, сәулет өнері және т.б.;
- ирригациялық жүйелері;
қалалардың ішкі және сыртқы саудасы туралы археологиялық деректер жайлы танымдарын игереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Орталық Азия археологиясының өзекті мәселелерімен таныстыру. Оқу нәтижесінде: алған білімдерін Орталық Азияның материалдық, рухани және қалалық мәдениетінің дамуын зерттеуде пайдалану; біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен байырғы халықтың этногенезінде Орталық Азия қалалық мәдениетінің рөлін көрсету; Орталық Азия археологиясын зерттеуде өзінің дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру; ғылыми-зерттеу жұмыстарында анықталған деректерді талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-ежелгі дәуір мен Орта ғасырдағы Қазақстан аумағындағы урбанизация процесінің ерекшеліктері. Оқу нәтижесінде: әртүрлі кезеңдерде қалалық архитектураның дамуы, Орталық Азия өңірінің ауқымды бөлігінің әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарының және халықтың діни өмірінің ерекшелігі. Урабанизация процесін қалыптастыру принциптері мен жолдарын түсіну. Урбанизация мәселесінің тарихын білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – Тәжірибиелік трассология - бұл ежелгі адамдардың тас пен сүйектен жасалған құралдарының функционалдық мақсаты туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін ажырамас әдіс. Нәтижелерді алу үшін әртүрлі материалдарды өңдеудің әдіс-тәсілдерін модельдеу мүмкіндіктері қолданылып, бұл өз кезегінде жекелеген өндірістер мен жалпы шаруашылықты қайта құруға көшу үшін алғышарттарын жасайды. Табиғи тас бұйымдары ыдырату мақсатында өнімдерді құрастыруға қабылданады. Жоспарлау бұл - ежелгі қоныстың келбетін және оның орналасу динамикасын қайта құру мақсатында жоспардағы мәдени қабаттардың бөлінуін зерттеу болып табылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – типтерді құруға негізделген жіктеу жүйесі болып табылады. Тас индустриясының қызметі мен түрі жағынан тастарды ыдырату техникасы жүзеге асырылады. Тас индустриясында бұйымдарды талдау және ыдырату техникасында қайталама өңдеу (түрі) қызметі қолданылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-магистранттарда археология, этнография және этнология саласында эксперименттік әдісті қолданудың нақты зерттеу мәселелерін дербес әзірлеу кезінде қажетті теориялық-әдіснамалық негізді қалыптастыру. Оқу нәтижесінде: эксперименттік археологияның негізгі әдістері, археологиялық универсумды әртүрлі тарихи-мәдени процестермен салыстыру, экспериментте алынған нәтижелердің археологиялық зерттеулердің жалпы әдістемесіне, заманауи жетістіктерге, эксперименттік археологиядағы пікірталас проблемалары мен перспективалы бағыттарға әсері.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.