әлеуметтік ғылымдар магистрі
Магистрлер даярлаудың осы бағытына бойынша стандарттарға, отандық және халықаралық еңбек нарығына мен жұмыс берушілердің талаптарына сай, магистранттардың кәсіби дағдыдарын қалыптастыра, әртүрлі дәрежеде сарапталған мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті; зерттеу дағдылары мен дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, шет тілдерін жетік меңгерген сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау
Әлемдік саясат (МГИМО)
7M03123
Халықаралық қатынастар
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1850000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жаһандық қауіпсіздік мәселелерін және халықаралық жанжалдарды реттеу заманауи нысандарды болжау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: әлемдік қоғамдастықтың пен аймақтық ұйымдардың этносаяси жанжалдарға әскери, саяси, дипломатиялық және өзге де құралдарын қолдана отырып араласу әдістері; қақтығыстар және бітімгершілік операциялар туралы ақпаратпен жүйелі жұмыс істеу қабілеттілігі қалыптасуы
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әлемдік шаруашылық байланыстар сипатында, мемлекетаралық қатынастар жаңа тұжырымдары мен дамуы мегатрендтерді түсіну. Пәнде оқытылады: халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерінің мәнін, экономикалық; әлеуметтік мәдени, идеологиялық қатынастар әрекетінің заңдылығың, әлемдік саясаттың қазіргі тұжырымдары дағдылары
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы жаһандық дамуға ықпал етуші факторлар, жаһандану ұғымы туралы бас түсініктемелер туралы білім береді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: жаһанданудың әлемдік саясаттың салаларына әсер ететін бағыттарын зерттеу, халықаралық қатынастардың дамуына жаһандық тенденциялардың енуін зерттеу
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - негізгі теориялық-тұжырымдамалық парадигмалар мен ғылыми мектептерді (реализм, либерализм, конструктивизм, неоклассикалық және модернистік теорияларды) білу негізінде студенттердің халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатты теориялық талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу: Халықаралық қатынастар теориясының негізгі категориялары мен анықтамаларын пайдалануға, негізгі теориялық тәсілдерді түсіндіруге, халықаралық қатынастардың құрылымдық және функционалдық аспектілерін ашуға мүмкіндік береді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ХҚ жаһандық құрылымының трансформациясы мен даму үдерісінің заңдылығы, қисынын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру, Пәнде оқытылады: курс шеңберінде оқылатын теориялар және концепциялардың түсінік, сәйкес халықаралық-құқықтық база, жаңа әлемдік тәртіпті құқықтық рәсімдеу әдістері, бейбіт келісімдер мен бітімге келу аяқталып, «жаңа әлемдік тәртіптің құрылу» кезеңінің басталуына байланысты мәселелер, аймақтық қауіпсіздіктің жаһандық және жергілікті факторлары арақатынасын бағалау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлі, халықаралық ұйымдар қызметін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру.
Пәнде оқытылады: ХҚ саласындағы жаңа зерттеулерді есепке ала отырып теориялық-әдістемелік қағидалардың негіздері, БҰҰ рөлін халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу және сақтау негізгі механизмі ретінде қарастыру, БҰҰ реформалау жөнінде пікірталас түсінігі
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми бағдарын қалыптастыру және дағдыландыруын қамтамасыз ету қабілеттілігін қалыптастыру. Пән келесідей мәселелерді зерделеуге бағытталған: жоғары мектептегі ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және инновациялық қызмет, оларды жоспарлау мен басқару туралы білімді меңгеру; ғылыми зерттеудің кезеңдерін жоспарлау және ғылыми ізденістерді коммерцализациялау кезеңдерін анықтау қабілеттілігін қалыптастыру
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нақты интеграциялық бірлестіктер қызметі, кеңестік кеңістіктен кейінгі кеңістіктегі интеграциялық үдеріс, еуразиялық теория мен идеология негіздерін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
- классикалық еуразияшылдық пен қазіргі неоеуразияшылдық өзара байланысын құрастыру;
- қазіргі таңдағы бірегей доктрина ретінде Н.А. Назарбаевтың доктринасын талдау;
- еуразиялық интеграция негіздері жайлы Н.Назарбаев доктринасын шоғырландрылған түрде көрсету;
- Еуразиялық доктринаның дамуын: ұлттық-мемлекеттік деңгей, аймақтық деңгей және жаһандық деңгейін салыстыру;
- ҚР-дың әлемдік интеграция үдерістеріндегі рөлі мен орнын, сондай-ақ еуразиялық халықтарының өзара ортақ рухани байланысын талдау;
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Н.Назарбаевтың еуразиялық интеграция доктринасының теориялық-әдіснамалық негізі (еуразияшылдық, аймақ, интеграция, еурзиялық интеграция доктринасының қағидалары). Н.Назарбаевтың доктринасындағы Еуразия тарихын зерттеу және ұғынуға қатысты жаңа бағыт (интеграциялық үдерістер мәнмәтінінжде, тәжірибелік мүмкіндіктер, еуразиялық кеңістік тарихы мәселелерінің өзектілігі. Қазақстан мүддесі үшін жаһандық және аймақтық саяси үдерістер болашағы мен салдары (ЕурАзЭҚ, Ортақ экономикалық кеңістік, Кедендік Одақ). Қазіргі Қазақстан тарихында және оның халықаралық даму басымдықтарынында еуразиялық идеяның рөлі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мәдениеттердің өзара әрекеттесуін, олардың қазіргі ХҚ ықпалдылығын зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: мәдениетаралық өзара ic-қимыл талдау жасаудағы теория мен тәжірибе, ХҚ зерттеу үшін мәдениет феноменінің талдау әдістері, мультимәдениет, мәдениетаралық өзара қатынас ерекшеліктері, трансұлттық мәдени қауіпсіздіктің тетікті ережелері
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін сипаттау, бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің қазіргі халықаралық жүйесінің жаңа өлшемдерін зерттеу барысында қолданылатын өзіндік түсініктері мен бағыттарының мазмұны, негізгі халықаралық мәселелерге қатысты ҚР ұстанымдары, жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік саласында болып жатқан үдерістер
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: тұрақты даму теориясы, тәжірибесі, оның ХҚ ықпалы жөніндегі қазіргі түсініктерді зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: тұрақты даму тұжырымдамасының тарихи даму аспектілері, пайда болу алғышартын, оның мақсаттарына (адами қажеттіліктерді қамтамасыз ету), міндеттеріне және қағидаларына, талдау дағдыларына сай кәсіби қызметте, тұрақты дамудың сараптамалық, сыни салаларына сай құрылған инновациялық стратегиялар
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазіргі ХҚ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының және саяси зерттеу технологиялары мен әдістерінің инновациясын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: қазіргі хқ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының теориялық-әдіснамалық негізі, экономикалық ойлардың даму тарихындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу әдіснамалары, шешім қабылдау үрдістерін талдау амалдары; әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қазргі үлгілерін салыстыру
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ОА аймақтық қауіпсіздік мәселелерінің негізгі кешенді мәселелері мен қауіп қатерлерін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру.
Пәнде оқытылады: Орталық Азия аймағының геосаяси үдерістерінің динамикасы, аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен мемлекетаралық ынтымақтастық шеңберіндегі аймақтық ұйымдардың қызметі, аймақтағы жаңа қауіпсіздік қатерлері мен өзгермелі әлемдің тәртіп контекстіндегі ОА рөлі
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ХҚ саласында қолданбалы сараптама жүргізе алу, қазіргі жаһанданған әлемнің оқиғалар жөнінде білімді жүйелейді қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: халықаралық жағдайдың қазіргі талдауының жалпы теориялық-әдіснамалық негізі , халықаралық саяси жағдайларды талдау және болжамдау әдіснамасын анықтау және түсіндіру, кәсіби қызметте халықаралық жағдайлардың үлгілену нұсқалары жөніндегі мағлұматтарды қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ойындар теориясында қолданылатын арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын түсіну, халықаралық мәселелер мен жағдайлардың талдау үшін оны қолдану қабілеттілігін қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: cаяси оқиғалар мен үдерістерді болжау қабілеттілігін қалыптастыру, үлгілеудің негізгі амалдарын үйрену, ХҚ үдерістер сараптамасы дағдыларын қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
- Ғылымның алдыңғы қатардағы трендтері мен тәжірибе сұранымдарына сәйкес халықаралық зерттеу жүргізу тәсілі мен әдіснамасын қолдану;
- жүргізілетін ғылыми зерттеуінің объектісі мен пәнін құрастыру;
- халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеудің жаңа үрдістеріне сәйкес негізгі мәселелерді шешудің ең ықтимал маңызды қағидалары туралы жалпы тұжырымдамалық көріністі дәйектеу;
- халықаралық зерттеу жүргізу мақсатында ғылыми теориялар мен заңдарға таңдау жүргізу;
- сараптамалық-болжамалы нәтижесінің дәйектілігін негіздейтін дәлелдемелер жүйесін құру.
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: ХҚ зерттеу әдіснамасының теориялық-әдіснамалық негізі (қисынды аппарат, ғылыми зерттеу жүргізудің қағидаттары, ХҚ зерттеу жүргізу тәсілі мен әдіснамасының түсінігі мен болмысы).Зерттеу әдіснамасының негізгі кезеңдері жағдайды сараптау әдісі (бақылау, құжаттарды зерттеу, салыстыру). Экспликативті әдістер (контент-талдау, ивент-талдау, когнитивті карталау әдісі).Болжамалы әдістер (үйлестік бойынша қорытынды, қарапайым экстраполяция әдісі, дельфия әдісі, сценарий құрастыру және т.б., жүйелік тәсілдеме, модельдеу, хронологиялық топтама талдауы, спектрлік талдау, компьютерлік симуляция және басқа.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы қойылымды-сараптамалы болжау әзірлеу, халықаралық мәселелер мен үдерістерді қолданбалы зерттеу дағдысы, әдіснамалық сараптау дағдылары жөнінде білімді жүйелейді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздерін, халықаралық-саяси ақпараттар сараптамасы, оларды іріктеу әдіснамасын игеруді.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: