Білім беру бағдарламасының мақсаты - күн энергетикасы саласында фотоэлектрлік және жылулық күн түрлендіргіштерімен байланысты ғылыми зерттеулерді жүргізе алатын, фотоэлектрлік және жылулық күн энергиясы жүйелерін модельдеу және жобалау үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана алатын, ғылыми-зерттеу институттарында, индустриялық-инновациялық орталықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
Күн энергетикасы (Исключена из Реестра)
7M07124
Физика-техникалық
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарда жаңа буынның күн элементтерін жобалау кезінде қолданылатын тиімді материалдар туралы білім кешенін қалыптастыру. Жаңа буынды күн элементтерін дайындауға арналған материалдардың негізгі материалдары мен түрлері; аморфты гидрогенделген жартылай өткізгіштер негізінде көп ауысымды фотоэлементтер; жұқа қабатты күн элементтерін, монокристалды және поликристалды күн элементтерін қалыптастыру технологиясы; күн элементтеріне арналған жаңа материалдар мен ұғымдар; наноматериалдар; бейорганикалық және органикалық күн батареялары; органикалық күн элементтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері; органикалық фотоэлементтердің жұмыс істеу принциптері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру.Курс болашақ оқытушының білім беру қызметін оқытудың кредиттік технологиясын қолдана отырып жобалауды,Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар)игеруді қарастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарды фотоэлектрлік жүйелер құрылымы мен компоненттерінің теориялық және практикалық негіздеріне оқыту. Фотоэлектрлік жүйелердің құрылымы; контроллерлер; ШИМ контроллерлері; MPPT контроллерлері; инверторлар; электр энергиясын желілік сақтау; электр энергиясын сақтау технологиялары; химиялық, электрохимиялық, механикалық және электрлік жинақтау; шығындарды талдау және электр энергиясын сақтауды оңтайландыру; ең жоғары жүктемені басқару; тарату және таратуды жаңғырту; электр энергиясын жинақтау жүйелерін инженерлік қамтамасыз ету.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Smart Grid технологиясы негізінде магистранттарда энергетикалық менеджменттің негізгі тұжырымдамалары туралы түсінік қалыптастыру. Энергия менеджері; кәсіпорынды басқару құрылымындағы энергия менеджменті қызметі; кәсіпорынның энергия ресурстарының жұмсалуын есепке алу және бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын талдау; кәсіпорынның энергия тұтынуын метрологиялық қамтамасыз ету жүйелері; энергия тиімділігі көрсеткіштері; бағалау әдістері шығындар аудиті және алынған нәтижелерді бағалау; энергетикадағы зияткерлік жүйелер; Smart Grid тұжырымдамасы; зияткерлік сенсорлар мен есептегіштер; қауіпсіздік және істен шығудан қорғау жүйелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарға гибридтік күн жылу электр стансалары жүйелерін құрастыру мен пайдаланудың теориялық және технологиялық аспектілерін оқыту. Гибридті күн коллекторлары; табиғи айналымы бар күн жүйесі; PV/T ауа коллекторы; вакуумдық коллектордың жұмыс принципі; жылу және масса алмасу процестерінің математикалық моделі; гибридті фотоэлектрлік жылу жүйелері; жылу техникалық есептеу; ыстық сумен жабдықтауға жылу шығыны; автономды объектінің күн жылу және электрмен жабдықтау жүйесінің модельдері; аралас PV /T (CPV / T) жүйелерінің ерекшеліктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарда күн батареяларын өндірудің заманауи, дәстүрлі әдістері мен технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Жұқа қабықшалы күн элементтерін бақылау және диагностикалауға арналған негізгі әдістер мен жабдықтар; жұқа қабықшалы күн элементтеріндегі деградациялық процестер; жұқа қабықшалы батареяларды пайдалану ерекшеліктері; күн батареясының фотоэлементтерін қосу схемасы; контактілі және байланыссыз литография; ламинация; фотоэлектрлік элемент жасау; модульдерді құрастыру; гетероқұрылымды күн модульдері негізінде фотоэлементтер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарды күн жылу жүйелерін пайдалану және құрастырудың теориялық және практикалық дағдыларына үйрету. Күн жылуымен жабдықтау жүйелері; күн жылуымен жабдықтау жүйелерінің сыныптамасы; жылу тасымалдағыштың түрлері және оның айналым тәсілдері; жылумен жабдықтау схемаларының мысалдары; жылумен жабдықтау жүйесінің параметрлерін есептеу және модельдеу; жылуды бұру коэффициентін есептеу кезінде аралық жылу алмастырғышты есепке алу; объектінің жылу энергетикалық теңгерімі; жылу сорғысы жұмысының энергетикалық режимін таңдау; күн жылуымен жабдықтау жүйелерін жобалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарға күн электр жүйелерін жобалау дағдыларын үйрету. Күн фотоэлектрлік қондырғылар; қондырғылардың түрлері; фотоэлектрлік модульдердің негізгі компоненттері; күн фотоэлементтерінің параметрлерін есептеу; шығу қуатын есептеу; автономды фотоэлектрлік жүйелер; гибридті жүйелер; күн фотоэлектрлік жүйелер; күн электр станциясының энергетикалық балансын құру; күн энергиясымен жабдықтау жүйесінің элементтері; күн электр станцияларын пайдалану ерекшеліктері;қажетті қуатты күн электр станцияларын жобалау; күн электр станцияларының тиімділігін бағалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарға күн фотоэлементтерінің технологиялық ерекшеліктері мен физикалық қасиеттерін үйрету. Күн батареяларын дайындау әдістері; температуралық және электрлік сипаттамалар; күн батареяларын алмастырудың баламалы схемасы; фотоэлектрлік модульдің жүктемелік сипаттамасы; бос жүріс кернеуі; қысқа тұйықталу тогы; қуат сипаттамасы; ПӘК; максималды қуат нүктесі; күн элементтерінің параметрлері мен шығу сипаттамаларын өлшеу әдістері; күн батареяларын алудың заманауи технологиялары; күн фототүрлендіргіштерінің тиімділігін арттыру әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарда күн электр станцияларын бақылау және басқару жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Күн электр станцияларын автоматтандыру және басқару жүйелері; басқару және бақылау жүйелерін құру принциптері; максималды қуатқа жету үшін батареяның күйін басқару жүйесі; күн қондырғысын бақылауды басқаруға арналған датчиктер; күн энергиясын басқару жүйелерін жобалау; күн электр станцияларының жұмыс параметрлерін бақылау және оңтайландыру; күн батареяларының шығу қуатын болжауға арналған бағдарламалық жасақтама.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарда күн концентраторлары бар фототүрлендіргіштерді талдау және пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Күн концентраторлары мен гелиоқабылдағыштар; күн фотоэлектрлік қондырғыларға арналған күн концентраторларының түрлері; күн концентраторларының оптикалық параметрлері; күн концентраторларының дизайны мен техникалық параметрлері; күн концентраторларының тиімділігін арттырудың ғылыми-техникалық әдістері; күн линзаларының құрылымы мен түрлері; параболалық және жалпақ гелиоқабылдағыштар; жылумен жабдықтау жүйелерінде концентрациялық гелиоқабылдағыштарды практикалық қолдану; күн батареяларының тиімділігін арттыру жүйелерінде концентрациялық линзаларды қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттарға әртүрлі энергетикалық ресурстардан электр энергиясын алу және түрлендіру технологияларын үйрету. Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері; жаңартылатын энергия көздері; энергия көздерінің қорлары мен ресурстары; энергия ресурстарын тұтыну серпіні және энергетикалық шаруашылықты дамыту; энергетиканың экологиялық проблемалары; адамның энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы дәстүрлі емес көздердің орны; дәстүрлі емес энергетиканы дамыту проблемалары мен перспективалары; энергетикалық ресурстарды қайта құру жөніндегі тиімді технологиялар.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.