Электроника және басқару жүйелері

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

БББ ерекшеліктері : Жоқ
БББ аккредиттеудің болуы:
Халықаралық аккредиттеу:
Бірлескен БББ (ББББ) жоқ
БББ материалдық-техникалық базасы:
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте зертханалар бар:
1. Телекоммуникациялық жүйелер зертханасы
2. Наноэлектроника зертханасы
3. Сигналдарды бейсызық талдау зертханасы
4. Астрофотометрия және оптоэлектроника зертханасы
5. Хаотикалық процестер физикасы зертханасы
6. Бейсызық физика зертханасы
7. Жұқа пленкалы жартылай өткізгіш материалдар мен наноқұрылымдардың технологиялық зертханасы.
8. Рентгенқұрылымды талдау зертханасы.
9. Жартылай өткізгіштік Оптоэлектроника және нанофотоника зертханасы.
Кадрлық әлеует: кафедрада жұмыс істейді:
-11 физ.-мат ғылым және техн.ғылым докторлары;
-12 профессор;
-22 физ.-мат. ғылым және техн.ғылым докторлары;
-16 доцент;
-18 PhD докторлары.
Практика базалары:
1. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ " еншілес мемлекеттік кәсіпорны
3. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультеті -педагогикалық тәжірибе
5. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "инженерлік бейіндегі зертхана"
6. Электроника және байланыс жөніндегі ұлттық компаниялар
7. Ренсселер политехникалық институты, Трой қ., Нью-Йорк штаты, АҚШ
8. Лаваль Университеті, Канада
9. Leibniz Institute of Photonic Technology, Jena/Germany
10. University of Malaya, Куала-Лумпур, Малайзия
11. Wasaw University of Technology, Варшава, Польша
12. Czech Technical University in Prague, Прага, Чехия

Академиялық ұтқырлық: оқу процесі барысында докторанттар докторлық ғылыми бағытына сәйкес келетін шетелдік мамандардың консультациясына қатысуға мүмкіндігі бар. Докторантурада алған білім мен дағдылар оларға кафедра оқытушылары өткізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік береді. Қашықтықтан білім беру технологиялары докторантураның ғылыми тағылымдамалары бағдарламасы бойынша елден тыс жерлерге шыққан қашықтықтан оқыту нысаны бар студенттер үшін оқу үрдісінде қолданылады.

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары, (ғылыми жобалар) докторанттардың негізгі зерттеу тақырыптары индустрияға да, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерге доктораттардың өздері белсенді тартылатын университетте жүргізілетін ғылыми бағыттарға да бағытталған. Мысалы, біздің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының қызметкерлері нейрондық желілер, машиналық көру және Дүниежүзілік банктің қаржыландыруы бойынша бейне аналитика саласындағы ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру бойынша жобаны жүзеге асыруда. Бұл жобаны автоматтандыру, әскери техника және білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі қолдады. Сонымен қатар, шу деңгейі белгісіз кезде сигнал/шу қатынасын сандық бағалаудың жаңа әдісін және пассивті радиолокациялық жүйені әзірлеуде және сигналдарды өңдеуде көпдиапазонды фракталды антенналарды қолдану бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру: радиотехника, электроника және телекоммуникация бағыты бойынша докторанттарды дайындау және бірлескен зерттеулер жүргізілуде.:
1. Energy Science and Technology, EPFL (Ecole Polytechnique Federale de Lausanne Lausanne,Switzerland) 18th
2. Industrial Engineering and Innovation Sciences, Eindhoven University of Technology 102th
3. System and control, University of Twente 186th
4. Electrical Engineering, Stanford University 2nd

Электроника және басқару жүйелері

8D07115

Физика-техникалық