Халықаралық құқық (РХДУ)

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

заң ғылымдарының магистрі

Бағдарламаның мақсаты - ТМД Желілік университетінің жобасы бойынша жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы шеңберінде халықаралық құқық саласындағы ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау. Бұл бағдарламаның түлектері халықаралық құқық, юриспруденция және сыртқы саясат саласындағы жұмысқа сұранысқа ие болады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу іс-шараларын өткізуге дайын болады. Бағдарлама мемлекеттің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, халықаралық құқық пен сыртқы саясаттың, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, құқық қорғау, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысатын мекемелердің, министрліктер мен ведомстволардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Осы бағдарлама бойынша оқыған түлектер халықаралық құқық пен ТМД елдерінің заңнамаларына сәйкестігі мәселелері бойынша сараптамалық консультациялық, талдамалық, басқарушылық іс-шараларды жүргізе алады, мемлекеттік органдардың қызметінде халықаралық құқық қағидаттарын бұзуға жол бермейді; халықаралық құқық саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге, ғылыми жарияланымдар мен магистрлік диссертацияларға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жасауға қабілетті болады.

Халықаралық құқық (РХДУ)

7M04202

Халықаралық қатынастар

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

1850000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)