әлеуметтік ғылымдар магистрі
ЕО мен Орталық Азия арасындағы мәдени байланыстарды орнатудағы мамандандырылған аймақтық проблемаларды шешуге қабілетті мәдени дипломатия саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау, мультимәдени ортадағы делдалдық дағдылары мен коммуникативтік дағдыларды меңгеру; мәдени дамудағы ұтымды және объективті бағалау арқылы жаңа концептуалды және әдістемелік тәсілдер негізінде университетте мәдени пәндерді оқытуды қамтамасыз ету, және оның құндылық жүйелерін өзгертуге әсер етуі, мінез-құлық үлгілері, мәдени және мәдениетаралық қарым-қатынас, дәстүрлі және заманауи мәдениеттегі дәстүрлер мен инновациялар, заманауи ақпараттық технологияларды тарту негізінде қазіргі заманғы қоғамның мәдени дипломатия және қазіргі заманғы мәдениеттану мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми зерттеулердің және теориялық дереккөздердің нәтижелерін салыстырмалы талдау жүргізу, магистрлік диссертацияда, ғылыми басылымдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін рәсімдеу
Мәдениеттану (СУ, Болгария)
7M03104
Философия және саясаттану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың бойында рационалды-теоретикалық талдаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы, сонымен қатар ғылым дамуының заңдылықтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің стратегиясы мен әдістері туралы пікір-таластар мен негізгі мәселелерді жан-жақты сараптамалық білім қалыптастыру
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Еуропалық Одақ елдерінде мәдениет саласындағы саясатты іске асырудың мәнін, негізгі мақсаттарын, қағидаттары мен тетіктерін ғылыми түсінуді қалыптастыру және дамыту, аталған салаларда зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалануда талдамалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамыту,<br/> қарастырылып отырған аймақтың мәдени өмір саласын реттейтін мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ЕО мәдени саясатының теориялық және әдіснамалық формалары мен тәжірибелерін талдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мобильді және көші-қон процестерінің теориялық және қолданбалы тұжырымдамаларын ғылыми түсінуді қалыптастыру және дамыту, аталған салаларда зерттеудің заманауи әдістерін қолдануда аналитикалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамыту, мәдениет контекстінде жергілікті және жаһандық деңгейлерде мобильді және көші-қон қозғалыстарының пайда болу, даму және жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың қоғамға әсер ету механизмін талдау.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнңің мақсаты: мәдениет пен әлеуметтік байланыстардың өзара іс-қимылының әртүрлі элементтерін ғылыми түсінуді қалыптастыру және дамыту, аталған салаларда зерттеудің заманауи әдістерін қолдануда аналитикалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамыту, бұқаралық коммуникациялардың нысандарын, тәсілдері мен құралдарын, жаһандық және жергілікті жерлерде тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылды ескере отырып, маңызды әлеуметтік-мәдени проблемаларды талдау және оларды ғылыми-практикалық формаларын әзірлеу
5
[АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
Пәннің мақсаты – постмодернизм мәдениеті философиясының дамуындағы негізгі тенденцияларды, қазіргі жағдайды объективті бағалау қабілетін дамыту, мәдениетті зерттеудегі концептуалды көзқарастардың ерекшеліктерін, мәдени мұра өкілдерінің негізгі теориялық қағидаларын қалыптастыру. постмодернизм мәдениетінің философиясы, постмодернизм мәдениеті философиясының негізгі ұғымдарына, теориялық ережелеріне, оның теориялық және практикалық маңызына сыни баға беруді қалыптастыру
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін анықтау мен белгілеудің негізгі принциптерін, әдістерін қолдану, объективті нормаларды пайдалана отырып, мәдени мұра объектілерінің мәдени құндылығын анықтау дағдыларын қалыптастыру. , Қазақстан Республикасының заңдары негізінде мәдениет ескерткіштерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асырудың заманауи тәсілдеріне, технологияларына, әдістері мен әдістеріне қатысты нормативтік ережелерді қолдану
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - заманауи қоғамның гендерлік аспектілерін аналитикалық түсіндіруде әдіснамалық принциптер мен тұжырымдамалық тәсілдерді қолдану қабілеттерін дамыту. сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамдағы гендерлік қатынастарды, гендерлік айырмашылықтар туралы проблемасын, гендерлік стратегияларды, гендерлік теңдік, гендерлік толеранттылық, интолерантылық мәдени зерттеулерде қолданылатын төзбеушілікті талдауға қолданылатын теориялық және әдістемелік тәсілдердің айрықша ерекшеліктерін объективті бағалау қабілетін дамытуға бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: дипломатиялық және консулдық қызметтердің қызметі саласындағы білімді қалыптастыру және дамыту, халықаралық байланыстарды тиімді жүзеге асыру, ресми және іскерлік іс-шараларды өткізу үшін қажетті практикалық дағдылар мен кәсіби дағдыларды жетілдіру, Халықаралық қатынастар, экономика, құқық, жария дипломатия және тарих салаларында жалпы хаттамалық-этикеттік мәдениетті арттыру
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әлемдік аренада геостратегиялық ойыншы ретінде Еуразияны талдау негіздерін кешенді түсінуді қалыптастыру және дамыту, аталған салаларда зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалануда аналитикалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамыту, Еуразиялық аймақ пен әлемдік қоғамдастықтың геостратегиялық, әлемдік шаруашылық, демографиялық және тарихи-мәдени аспектілері арасындағы байланыстарды талдау
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жергілікті (байырғы) халықтардың ұлттық мәдениеті туралы білімдер жүйесін және оларың этноконфессионалды аспектісіндегі интеллектуалды меншігін қалыптастыру. Оқыту нәтижесінде магистрант қабілетті болады:
1. басты теориялық сұрақтар мен байырғы халықтардың мәдениетінің жіктелуі жөніндегі білімді пайдалануға;
2. заманауи отандық және шетелдік мәдениеттанулық ғылым деңгейін ескере отырып байырғы халықтардың ежелгі және қазіргі тарихи-мәдени мәдениет қоғамы туралы шынайы түсінікті білуге;
3. қазіргі заманғы өркениетті сақтау мен дамыту үшін гуманистік құндылықтардың мәнін түсіну қабілетін игеруге;
4. ХХІ ғасырда полимәдени кеңістік қалыптасуымен шартталған, мәдениетаралық байланыстар мен қарым-қатынастардың дамуына байланысты дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды философиялық мәселелерді талдауға;
5. мәдениет дамуының негізгі заңдылықтарын адамзат қоғамының ұлттық және әлемдік деңгейде адами тіршілік етудің тарихи-мәдени даму формасы ретінде көрсетуге.
Пәннің бағытталуы. Курс магистранттарды жергілікті (байырғы) халықтардың мәдени мұралары мен ойларын, оның сақтау формалары мен құрамы, байырғы халықтардың мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа беруі туралы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Пәнді оқыту барысында келесі астарлары қарастырылады: Жергілікті (байырғы) халықтарды, олардың тілдері, антрпологиялық құрамы, шаруашылық-мәдени типтерін жіктеу; Антропогенез теориялары, этнос теориялары, әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктері; Сақ, сармат, скифтердің мифтері мен діни наным-сенімдері; Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы; Далалық өркениеттің негізгі құндылықтары; Көне түркі өркениеттері және жетістіктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жергілікті (байырғы) халықтардың мәдениеті, бірлігі, көптүрлілігі және ұлттық ерекшелігі туралы білімді меңгеру, мәдени сұхбат шеңберінде түрлі құбылыстарды зерттеу. Оқыту нәтижесінде магистрант қабілетті болады:
1. әлемнің түрлі елдеріндегі заманауи этномәдени және этникалық үдерістерімен қоса жергілікті (байырғы) халықтардың тіршілік әрекетінің ұлттық жүйесін зерттеуге;
2.жергілікті (байырғы) халықтардың тілдерінің ерекшелігін, этникалық аумағын, мәдениеті мен тұрмысының ерекшелігін, этногенез мен этникалық тарихын анықтауға;
3. жергілікті (байырғы) халықтардың сұрақтарын халықаралық деңгейде көтермелеу мен жүзеге асыруға;
4. этнологиялық білімдегі инструменталды және деректік негізді, сонымен қатар, мәдениеттанулық ғылымда қолданылатын материалды бірыңғайлау тәсілін қолдануға;
5. жергілікті (байырғы) халықтардың мәдениет туралы түсінігін өмірдің материалдық жағдайлары және адамның дүниетанымымен анықталатын оның синкретикалық алуан түрлілігінде қолдануға.
Пәннің бағытталуы. «Жергілікті (байырғы) халықтар мәдениеті» жалпы курсын оқығанда алған дағдыларды, білімдерді жалпылау, және осының негізінде белгілі мәселелерді шешу: байырғы халықтардың этномәдени айырмашылықтарының ерекшеліктерін зерттеу; материалды мәдениеттің, әлеуметтік институттардың, идеологиялардың, халықтық өнердің тұрмыстық формаларына, олардың табиғи ортаға бейімдеушілік контекстінде сараптама жасау. Пәнді оқыту барысында келесі астарлары қарастырылады: Этникалық ландшафт қалыптасу ерекшеліктері; Жергілікті (байырғы) халықтардың дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері; Жергілікті (байырғы) халықтар мәдениеті түсінігіндегі әлемнің өмірлік құрылысы; Жергілікті (байырғы) халықтардың өміріндегі дәстүрлі салт-жоралғылар мен мерекелер; Номадизм мәдениет типі ретінде; Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - әр түрлі антропологиялық теориялар мен сыни талдау дағдыларын қолдана отырып, әлеуметтік-мәдени шындық бойынша зерттеулер жүргізу, мәдени анализ, далалық зерттеу әдістерін, негізгі антропологиялық теориялардың категориялық, әдістемелік аппараттарын салыстырмалы талдау үшін қолдану қабілетін дамыту, қоғамдағы және мәдениеттегі тұлғаның рөлін анықтайтын адам мінез-құлқының биологиялық және әлеуметтік, мәдени аспектілерің талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнңің мақсаты: мәдениет пен әлеуметтік байланыстардың өзара іс-қимылының әртүрлі элементтерін ғылыми түсінуді қалыптастыру және дамыту, аталған салаларда зерттеудің заманауи әдістерін қолдануда аналитикалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамыту, бұқаралық коммуникациялардың нысандарын, тәсілдері мен құралдарын, жаһандық және жергілікті жерлерде тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылды ескере отырып, маңызды әлеуметтік-мәдени проблемаларды талдау және оларды ғылыми-практикалық формаларын әзірлеу
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттардың мәдениет ұғымының әр түрлі мағыналарын, адам мен қоғам, адам мен табиғат, адам мен өркениет арасындағы тығыз қарым-қатынастарды үйлестіруге бағытталған, сондай-ақ мәдени-рухани мұра мен қоршаған әлемде өмір сүрудің сақталуын қамтамасыз ететін әртүрлі ұлттық-мәдени платформаларды объективті тұрғыдан талдау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Маманды жаңа форматта сапалы даярлау, магистранттардың ақпараттық қоғам құбылысын, ақпараттық мәдениеттің қалыптасу тарихын, оның адам өміріндегі рөлін, медиа ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін талдау, бағалау қабілетін қалыптастырудан тұрады. Мәдениеттанушының жұмысында осы алынған нәтижелерді оң тұрғыдан қолдану, интерпретацияны жасау, мәдени мұра сақтау, ақпараттық мәдениеттің, цифровизациялаудың инкультурация, әлеуметтену, адамның интеграциясы процестеріне әсері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлемнің мифологиялық бейнесін мәдениеттің синкреттік формасы, миф теориясын мәдениет туралы білімнің жеке саласы ретінде қарастырып, мифті қарастырудың нақты зерттеу ыңғайлары мен тәжірибелерінің ерекшелігін айқындау. Оқыту нәтижесінде магистрант қабілетті болады:
1. мәдени факторларды ашу, өмір мен мифологияға байланысты болатын мәдениеттегі өзгерістердің күйін анықтауға;
2. өзінің құндылықтарымен, нормалары және түсініктерімен байланысты қоғамның ұстанымдарын анықтау, және біруақытты оны екінші қоғамға түсіндіруге септігін тигізуге;
3. миф ерекшелігі мен мифологиялық ойлау саласындағы білімді әлемді меңгеру тәсілі ретінде;
4. мифологияның логикасы мен негізгі даму кезеңдерін оның мәдени-тарихи динамикасы мен рационалдылық формаларының дамуына сәйкес талдай алуға;
5. қарастыру материалына толықтай сүйеніп, пәннің түсініктік аппаратын қолдана отырып, дәлелді әрі логикалық түрде миф теориясы саласындағы білімді түсіндіруге.
Пәннің бағытталуы. Миф пен өмір мәдениетінің түрлі формаларына, мифтің негізгі теориялық концепцияларына, миф пен өмір мәдениетінің философиялық мәселелеріне сараптама жасау. Курс мәдени-философиялық мәселеге көңіл бөле отырып, мәдениет теориясы мен тарихы, философия тарихы және әлемдік мәдениет тарихы туралы білімді жаңадан қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқыту барысында келесі астарлары қарастырылады: Мифология, оның типологиясы мен қызметтері; Мифтерді зерттеудегі теориялық ыңғайлар: мәдениеттанулық, этнографиялық, әлеуметтанулық, философиялық, филологиялық және т.б.; Миф және ғылым: XXI ғасырдағы негізгі миф теориялары; Миф «ұжымдық пікірлер» ретінде; Мифтер және бұқаралық мәдениет; Миф жасау мәдениеттің өнімді механизмі ретінде; Мифология және утопия мәдениет феномендері ретінде.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат жүйесіндегі Орталық Азия өңірінің рөлі мен орнын кешенді түсінуді қалыптастыру және дамыту, аталған салаларда зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалануда талдамалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамыту, Орталық Азияның тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, өркениеттік заңдылықтарының халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіне әсерін талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: саяси психологияның және халықаралық қатынастардың негізгі тұжырымдамаларын, теориялары мен модельдерін ғылыми түсінуді қалыптастыру және дамыту, аталған салаларда зерттеудің заманауи әдістерін қолдануда аналитикалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамыту, саяси мінез-құлық пен саяси сана заңдылықтарын талдауды жүзеге асыру, әлеуметтік-психологиялық модельдер мен халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, адамдардың саяси мінез-құлқы бойынша кейстерді шешу
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-магистранттардың визуалды тәжірибені, олардың институттарын, аудиторияларын, технологиялары, мәдени нысандарын электрондық мәдениеттің , әлеуметтік желілердің қазіргі заманғы даму тенденцияларын сыни бағалау арқылы талдау қабілеттерін, нәтижелерін жүйелеу қабілетін қалыптастыру болып табылады. ақпараттық қоғамның әртүрлі аспектілері, қазіргі мәдениеттің негізгі ақпараттық ресурстарының жай-күйі туралы зерттеулер, мәдениеттанушы жұмысында медиа ресурстарды қолдану мүмкіндіктерін сыни бағалау
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.