Педагогика және психология (РХДУ)

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

педагогика ғылымдарының магистрі

Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті жоғары деңгейде жобалауға және жүргізуге, әдіснаманы, терең психологиялық-педагогикалық білімді және білім берудің заманауи технологияларын меңгеру негізінде тұлғаның дамуының ғылыми және психологиялық-педагогикалық мәселелерін шешуге қабілетті, балалар мен ересектерді психологиялық-педагогикалық зерттеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті білім беру мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын дамуға бағытталған, ол келесі қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс:
- Педагогика және психология саласындағы жаңа теориялардың терең заманауи білімдерін түсіндіру және жалпылау;
- психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, аралас ғылыми саладағы білімді өз ғылыми зерттеулерінің контекстіне біріктіру, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау;
-психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық стратегиялары мен әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;
-білім беруде жеке тұлғаның диагностикасы, профилактикасы және кеңес беру бойынша психологиялық-педагогикалық қызметті бағалау және жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтердің жұмысын талдау;
-әрі қарай оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.

Педагогика және психология (РХДУ)

7M01102

Философия және саясаттану

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

1350000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)