педагогика ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті жоғары деңгейде жобалауға және жүргізуге, әдіснаманы, терең психологиялық-педагогикалық білімді және білім берудің заманауи технологияларын меңгеру негізінде тұлғаның дамуының ғылыми және психологиялық-педагогикалық мәселелерін шешуге қабілетті, балалар мен ересектерді психологиялық-педагогикалық зерттеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті білім беру мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын дамуға бағытталған, ол келесі қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс:
- Педагогика және психология саласындағы жаңа теориялардың терең заманауи білімдерін түсіндіру және жалпылау;
- психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, аралас ғылыми саладағы білімді өз ғылыми зерттеулерінің контекстіне біріктіру, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау;
-психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық стратегиялары мен әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;
-білім беруде жеке тұлғаның диагностикасы, профилактикасы және кеңес беру бойынша психологиялық-педагогикалық қызметті бағалау және жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтердің жұмысын талдау;
-әрі қарай оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.
Педагогика және психология
7M01102
Философия және саясаттану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша кәсіби қызметтің құндылық-семантикалық негіздерін ғылыми тұрғыдан түсінуге әкелетін білім беру психологиясындағы мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсілдер саласындағы әдіснамалық білімді меңгеруде магистрдің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Курс психологиялық заңдылықтарды, іс-әрекеттің принциптері мен әдістерін және мәдени-тарихи теорияны түсініп, қабылдауға бағыт- бағдар береді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды болашақ кәсіби қызметте алған білімдері мен құзыреттерін қолданбалы бағытта қолдану үшін психологиялық-педагогикалық диагностика және психометрия саласындағы теориялық және практикалық тұрғыдан даярлау. Курс кәсіби ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде диагностикалық қызметтің этикалық принциптерін сақтай отырып, білім берудегі диагностика мен психометрияның қолданбалы негіздерін игеруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда психотерапия және психокоррекция әдістерімен психологиялық және психикалық денсаулықтың бұзылуының алдын алу және ескерту қабілетін қалыптастыру, сондай-ақ психологиялық және психикалық денсаулықтың алдын алу бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу бойынша жобалау құзыреттілігін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында студенттердің келесі қабілеттерін қалыптастыру:
- психологиялық кеңес беру, психотерапия және психокоррекция сияқты психологиялық көмек бағыттарында іске асырылатын психологиялық әсер етудің негізгі теориялық тәсілдері мен техникасын талдау;
- түзету бағдарламасын құру және оны жүзеге асыру принциптерін практикада қолдану;
- психологтардың кеңес беру кезінде практикалық жұмыста қолданатын әсер ету әдістерін қолдану;
- білім берудегі психотерапия және психокоррекция негіздері бойынша білім жүйесі негізінде психокоррекция және психотерапия әдістерін қолдану;
- психокоррекциялық және психотерапевтік көмек көрсету;
- психокоррекциялық және психотерапиялық көмектің тиімділігін бағалау.

Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
- психологиялық көмек берудің негізгі ережелері;
- психокоррекциялық және психотерапевтік кеңес берудің теорялық негіздері ;
- коррекциялық бағдарлама құрудың принциптері;
- кеңес беруде психологиялық практикалық жұмыстың әдістерін қолдана білу;
- психотерапевтік және психокоррекциялық көмеу беру;
• коррекциялық бағдарлама құруды және психологиялық кеңес беруді ұсыну.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды білім беру сараптамасын жүргізудің теориялық-қолданбалы негіздерін ақындау, сараптамалық бағалау мен мониторингтің әдістемелік ұсынылымдарын, сараптама сапасын бағалау әдістерін меңгерумен, сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу нысандарымен таныстыру. Курс қолданыстағы «білім беру жүйелерінің» мазмұны мен ұйымдастырылуына түзетулер енгізу үшін оқыту сапасының мониторингін және мониторинг нәтижелерін талдауды жүзеге асыруға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім алушыда педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде туындайтын психологиялық заңдылықтар мен феномендерді бағалау қабілетін қалыптастыру, кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдер қабылдау үшін психологиялық білімді қолдана алуды қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистранттер төмендегі білімдерді меңгереді:
- ғылыми-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру үшін қажетті психологиялық ғылым мен тәжірибенің негіздері туралы қазіргі заманғы ғылыми ақпаратты меңгеру;
- педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде туындайтын психологиялық заңдылықтар мен феномендерді бағалау;
- психология тұрғысынан өмірлік және кәсіби жағдайларды сыни тұрғыдан талдау, мінез-құлық пен оқу нәтижелері арасындағы өзара байланысты, даму ресурстары мен мүмкіндіктерін көру;
- өзі туралы және басқа да психологиялық ақпаратты пайдалану және негізделген пікірлерді қалыптастыру;
- кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдер қабылдау үшін психологиялық білімді қолдану;
- кәсіби, зерттеу және кәсіби міндеттерді шешу үшін табысты коммуникативтік стратегияларды жүзеге асыру.

Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
• Психологияның ғылым ретіндегі теориялық-әдіснамалық негіздерін;
• Оқыту мен тәрбиенің психологиялық теориясын;
• Психологиядағы тұлға мәселесінің әдіснамалық талдауы, психологияның әр түрлі бағыттарындағы тұлға тұжырымдамаларын;
• Тұлғаны зерттеудегі мәдени-тарихи тұғырды;
• Адамдардың бір-бірін қабылдау мен түсінудің психологиялық ерекшеліктерін;
• Оқыту үдерісіндегі кейкілжің психологиясының әдіснамалық талдауын қарастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: инклюзивті өзара іс-қимыл жағдайында білім алушылардың денсаулығын сақтаудағы даму қажеттілігіне жауап беретін мүмкіндіктері шектеулі инклюзивті өзара мәдениетаралық қарым-қатынасын түзетуде психологиялық ғылыми-теориялық білім жүйесін қалыптастыру. Курс білім алушының ерекшеліктеріне, ақаулық тереңдігіне және мүмкіндіктеріне байланысты жеке білім беру бағытын когнитивті жобалауда мәдени қарым-қатынас құру әрекетін жүзеге асыруға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: гештальт-терапия негіздері бойынша магистранттардың теориялық білім жүйесін қалыптастыруда психологиялық тренинг бойынша практикум ұйымдастыруда психологиялық тұрғыдан жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағыттау. Курс білім берудегі психотерапия және психокоррекция негіздері бойынша білім жүйесіне негізделген гештальт терапиясы, психокоррекция және психотерапия әдістерін педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінде практика жүзінде қолдануға үйрету.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда андрогогиканың заманауи негіздерін ескере отырып ересектерге білім беру технологияларын жобалау қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистранттер мынадай қабілеттерге ие болады:
- менеджер ретінде көшбасшылық қасиетін дамыта алу;
- білім беру ұйымдарында кқшбасшылық концепциясын негізге ала отырып адамдарды басқара алу;
- шешім қабылдай алу, мәселелер мен стрессті талдау мен басқару, ұжым құру, нәтижелі қарым-қатынас орнату;
- білім алушылар мен т.б. көшбасшылық қасиетін бағалай алу;
- білім беруде көшбасшылық психологиясының құралдарын жетік меңгеру.
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
- андрогогиканың теоргиялық негіздері;
- ересектерді оқыту процесінде заманауи технологиялар мен әдістер;
- ересектерді оқыту процесін ұйымдастыру әдісі;
• кәсіби карьера мен үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру бағдарын жобалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: андрогогиканың теориялық негіздері, ересектерге білім берудің заманауи мәселелері, ересектерге білім беру технологияларын жобалау туралы идеяларды қалыптастыру. Курс ересектерге білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін диагностикалау әдістері мен технологияларын игеруге бағытталған; педагогикалық жағдаяттарды бағалау және ересектердің қоғамға және табиғи ортаға бейімделуіндегі білім берудегі интеграциялық үдерістерді зерделеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әр түрлі психологиялық кеңес беру және жүйелі бақылау мектептерінің ғылыми-әдістемелік тәсілдерін талдау негізінде білім алушының құзыретінде арт-технология әдістерін қолдануға кәсіби даярлығын қалыптастыру. Пән оқыту үдерісінде арт-терапияның негізгі әдістері мен түрлерін тиімді пайдалануға, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашуда өмірлік және зияткерлік дағдыларды дамытуда психотерапиялық байланысын меңгеруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім алушылардың белсенді түрлендіру қызметінің құзыреттіліктерін игеру, оқыту үдерісін жобалау және ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын дамыту тиімділігінің өлшемшарттарын айқындау. Курс заманауи білім беру технологияларын жобалауға, оларды ЖОО жүйесінде педагог-психологтың инновациялық қызметінің мазмұны мен құрылымына, принциптері мен шарттарына сәйкес келетін дәстүрлі, зияткерлік және инновациялық технологиялар мысалында жіктеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: инклюзия мен эксклюзия әлеуметтік қатынастар мәдениетінің көрсеткіштері ретінде қарастырып, инклюзивті және эксклюзивті білім беру теориясы мен стандарттарын дамыту мәселелері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Курс білім беру жүйесінде инклюзивті және эксклюзивті ортасын жобалауға, әлеуметтік инклюзия индикаторлары ретінде осы саладағы зерттеулердің дамуына талдау жүргізуге бағыттау
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда көшбасшылық теориясының, тұжырымдамасының, принциптері мен функцияларының базалық, кәсіби білімдерін, сондай-ақ менеджменттегі көшбасшылық қасиеттерді дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Курс білім берудегі көшбасшылық пен басқару психологиясының практикалық құралдарын игеруге, білім беру үдерісінде анықталған қақтығыстар мен стресстерді жою туралы шешім қабылдауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нейролингвистикалық бағдарламалау саласындағы педагог-психологтың консультативтік және психотерапиялық тәжірибесінің негіздерін қалыптастыру және басқару қызметіндегі бағдарламаның негізгі технологияларын меңгеру. Курс қазіргі кезеңдегі нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын, принциптерін, мақсаттары мен міндеттерін игеруге және кәсіби қызметте нейролингвистикалық бағдарламалау моделі мен техникасын қолдануға бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мәдени трансформация жағдайындағы заманауи жоғары білім беруде инновациялық әдістерді-дизайн-ойлауды қолдану қажеттілігіне байланысты. Курсты оқыту нәтижесінде білім алушының оқу жобаларын іске асыруда жаңа идеяларды іздестіруге және стресске төзімділік танытуға, қысқа уақыт аралығында түрлі деңгейдегі жағдаяттар шешімін табуға, аналитикалық ойлауының жаңа өнімдерін игеруге бағыт-бағдар береді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру сапасын басқарудың жүйелі білімін, құзыреттілігін қалыптастыру, сапаны әмбебап басқарудың негізін қалаушылардың теорияларын және сапаны басқарудың ғылыми мектептерінің маңызды ережелерін негіздеу. Курс жоғары білім беру сапасын басқарудың әдістері мен құралдары, технологиялары мен ерекшеліктері негізінде білім беру жүйесінің қызметін өзін-өзі бағалауды жобалауға, ұйымдастыруға және жүзеге асыруға бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: дәстүрлерді сақтау жағдайында гендерлік білім берудің теориялық-практикалық негіздерін және әлеуметтік үдерістердің өсуінің тәжірибесін жинақтау, әлем және Қазақстан елдерінің ерлер мен әйелдердің жаңа гендерлік мінез-құлық үлгілерін қалыптастыру. Пән бағытталған мәдени жүйені игеру үдерісін және ғылыми-кәсіби қызметтің бағалау мен модельдеу үшін отбасылық қатынастар құрылымына әсерін анықтау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарда педагогикалық пәндер бойынша білім беру үдерісін жобалау мен ұйымдастырудың әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру, Педагогиканы оқыту әдістемесінің мәселелеріне қызығушылық туғызу, ЖОО-да педагогикалық пәндердің оқытушысы ретінде үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.
Курсты оқу барысында студенттердің қабілетін қалыптастыру:
- әр ұрпақтың педагогикалық пәндері бойынша оқулықтар мен оқу бағдарламаларын, отандық және шетелдік тәжірибені талдау және бағалау, әдістемелік құзыреттілік негізінде ЖОО-да педагогикалық пәндердің мазмұны мен сабақтарын жобалау;
- сабақтарға талдау және рефлексия жүргізу және оны жетілдіру; қашықтықтан оқыту сабақтарына талдау жүргізу;
- педагогикалық пәндерді оқытудың жаңа оқу мазмұнын, технологиялары мен нақты әдістерін жобалау; ;
- педагогикалық пәндерді оқыту үшін инновациялық және қашықтықтан оқыту әдістерін қолдану;
- оқытудың әдістемелік үлгілерін, әдістемелерін, технологиялары мен тәсілдерін әзірлеу және оларды әртүрлі үлгідегі білім беру мекемелерінде қолдану.
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
• Оқытушының әдіснама мәдениеті мен құзыреттілігі;
• Педагогика, жоғары мектепте педагогика курсын оқытудың әдіснамалық ерекшелігі;
• Этнопедагогика курсын оқытудың әдіснамалық ерекшелігі;
• Әлеуметтік педагогика курсын оқытудың әдіснамалық ерекшелігі;
• Элективті педагогикалық курстарды оқытудың әдіснамалық ерекшелігі, Action Research қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: колледж және ЖОО-да психологиялық курстарды жобалау мен оқытуда әдістемелік қабілеттерді қалыптастыру, педагогикалық қызметтің дидактикасы, психологиясы және әдіснамасы саласында теориялық білім кешенін қолдану.
Курсты оқу барысында магистранттарда қабілеттерді қалыптастыру:
- психологиялық пәндерді оқытудың әдістемелік тәжірибесін (отандық және шетелдік) салыстыру;
- сабақ өткізу кезінде психологиялық қарым-қатынасты жүзеге асыру;
- педагогикалық үдерісті психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, ұғымды психологиялық дүниетаным негізінде жобалау;
-психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша дәрістерді талдау сызбасын құру;
- ЖОО оқу үрдісінде білім алушылармен нәтижелі қарым-қатынасты жүзеге асыру ; ;
- білім беру мақсаттары мен білім алушылардың өзекті дайындығының ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі сабақ түрлерін жоспарлау және ұйымдастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
• Жоғары мектепте психологиялық пәндерді жүргізудің теориялық және әдіснамалық негізі;
• Гуманитарлық пәндерді инновациялық оқытудың стратегиясы, оқудың оқытудың және дамыта оқытудың , т.б. психологиялық теориясы;
• Сабақтың барлық түрін (дәріс, семинар, практикалық және лабораториялық жұмыс) активті және интерактивт, қашықтық оқыту әдістерімен жүргізу;
• Жоғары оқу орнында психология пәндері оқытушысының басқарушылық қызметі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды жоғары мектепте оқытушылық қызметке даярлау; жоғары мектеп дидактикасы, педагогикалық қызметтің психологиялық және әдіснамалық-теориялық білім кешенімен қаруландыру.
ЖОО-ның оқу үдерісінде білім алушылармен нәтижелі өзара кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған психологиялық және педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесі мен технологияларын меңгерту.Пәннің
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды психодиагностиканың теориялық негіздерімен және психологиялық-педагогикалық медициналық-әлеуметтік консультациялармен, жеке тұлғаны зерттеу жолдары мен тәсілдерімен, психодиагностикалық процедурамен, сондай-ақ бала дамуын қолдау қызметтері мен орталықтарының қызметін регламенттейтін халықаралық және қазақстандық нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистранттер төмендегі білімдерді меңгереді:
- қызметінде этикалық нормалар мен ережелерді қолдану, консультативтік байланыс шарттарын сақтау;
- кеңес берудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау, клиенттермен кеңес беру үдерісін құрудың жолдарын анықтау;
- психологиялық-педагогикалық кеңес берудің бағдарламасын дайындау;
- клиенттерге кеңес беруде диагностиканың әдістерін талдау, салыстыру;
- психологиялық- педагогикалық кеңес берудің теориялық негіздері мен заманауи принциптерін меңгеру;
- терең тыңдау негізінде клиентпен өзара іс-әрекет жасау және талдау; - өзінің кәсіби қызметінде кеңес беру ұстанымын бағалау, кеңес беру қызметінің супервизиясын жүргізу.
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
- психологиялық- педагогикалық кеңес берудің теориялық негіздерін;
- жеке тұлғаға кеңес берудің тәсілдері мен зерттеу жолын;
- баланың дамуын қолдау орталықтарының қызметін реттейтін халықаралық және қазақстандық нормативтік-құқықтық құжаттарын;
- психологиялық-педагогикалық кеңес беру және білім беру мен педагогикалық жағдайларды модельдеу формаларын.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың цифрлық білім беру үдерісінің дидактикалық мақсаттары мен құралдардының даму заңдылықтары мен үрдістерінің теориялық негіздерін қалыптастыру. Пән мазмұнында қашықтықтан оқыту үдерісінде цифрлық педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген цифрлық ортада білім беру үдерісін ұйымдастырудың стратегиялық, бағдарламалық, ғылыми-әдістемелік ұсынылымдарын ара-қашықтық оқыту үдерісінде тиімді пайдалануға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: эмоционалды интеллект туралы білімді тұлғаның өзгеретін жағдайларға бейімделуіне, эмоционалды интеллектті дамыту құралдарын игеруге, басқалардың эмоцияларын басқаруға және сындарлы түрде әсер етуге қабілетті интегралды ресурс ретінде қалыптастыру. Курс жетістікке жету және эмоцияларды басқару алгоритмі мен принциптерін, эмоционалды интеллекттің өзін-өзі диагностикалау әдістерін ашу үшін эмоцияларды пайдалану механизмдерін игеруге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.