Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті жоғары деңгейде жобалауға және жүргізуге, әдіснаманы, терең психологиялық-педагогикалық білімді және білім берудің заманауи технологияларын меңгеру негізінде тұлғаның дамуының ғылыми және психологиялық-педагогикалық мәселелерін шешуге қабілетті, балалар мен ересектерді психологиялық-педагогикалық зерттеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті білім беру мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын дамуға бағытталған, ол келесі қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс:
- педагогика және психология, превентология саласындағы жаңа теориялардың терең заманауи білімдерін түсіндіру және жалпылау;
- психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, аралас ғылыми саладағы білімді өз ғылыми зерттеулерінің контекстіне біріктіру, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау;
-психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық стратегиялары мен әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;
-білім беруде жеке тұлғаның диагностикасы, профилактикасы және кеңес беру бойынша психологиялық-педагогикалық қызметті бағалау және жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтердің жұмысын талдау;
-әрі қарай оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.
- жастармен жұмыс жасаудағы превентологиялық технологияларды игере отырып, тұлғаға педагогикалық-психологиялық көмек беруді жүзеге асыру.
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану Исключена из Реестра
7M01803
Философия және саясаттану
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім алушыларға әлеуметтік бағдарламалардың теориялық және практикалық мәселелері туралы, әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау және олардың технологиялары туралы білім, білік, дағдыларын меңгерту.
Курсты оқу барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттерін қалыптастыру:
-әлеуметтік бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру;
-әлеуметтік бағдарламалардың технологиясын меңгереді;
-әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру әдістерін қолданады;
-әлеуметтік бағдарламаларға мониторинг және сарапта жасау дағдыларын меңгереді;
- замануи әлеуметтік бағдарламалардың тиімді моделін құрастырады;
-әлеуметтік бағдарламаларды жасау және жүзеге асырудағы этикалық нормаларды игереді.
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
- әлеуметтік бағлардамаудың теориялық мәселелерін;
- әлеуметтік бағдараламау: ұғымы, түрлерін;
- әлеуметтік және мемлекеттік бағдарламаларды;
- әлеуметтік бағдарламалардың технологиялық үдерісін;
- әлеуметтік бағдарламалардың дайындық кезеңін;
- әлеуметтік бағлардамалардың индикаторларын;
- әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру әдістерін;
- әлеуметтік бағдарламаларды есебін презентациялау;
- әлеуметтік бағдарламаларды мониторингілеу, бағала, сараптау;
- заманауи әлеуметтік бағдарламалдардың тиімді моделін;
- әлеуметтік бағдарламаларды мониторингілеу түрлерін.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әртүрлі әлеуметтік жағдайлардағы адамдармен педагогикалық жұмыс контекстінде әлеуметтік өзара әрекеттесуді, тұлғаны дамыту мен әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыруды түсінуге және түсіндіруге мүмкіндік беретін іргелі принциптер мен тұжырымдамаларды ұсыну.
Әлеуметтік педагогиканың бұл негіздері әлеуметтік педагогтар әлеуметтік мәселелердің себептері мен салдарын түсінуге және оларды шешудің тиімді стратегиялары мен бағдарламаларын жасауға көмектесетін теориялық тәсілдер, әдістемелік құралдар мен тәжірибелерді қамтиды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Әлеуметтік педагог қызметіндегі диагностикалаудың негізгі теориялық аспектілерін зерттеу. Курс баланың бойындағы кемшілктерді айқындауға, «тәуекел тобындағы» балаларға диагностикалаудың әдісіне бағытталған. Магистранттарды әлеуметтік-педагогикалық және білім беру мекемелері мен әлеуметтік қызметте, түрлі халық топтарымен диагностикалық, өзін қоршаған микроорта тұлғаларымен, әлеуметтік – педагогикалық алдын алу жұмыстарын, түзетулер және қайта қалпына келтіру жұмыстарын, әлеуметтік жоспарлау, басқару жұмыстарын жүргізудің теориясы, практикасымен таныстырады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Білім беру мен тәрбиелеудегі гумандық педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерімен магистранттарды таныстыру, гумандық педагогикада білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруды және жоспарлауды және мұғалімді білім берудегі гуманистік тәсілдерді іске асыруға дайындау.
Негізгі аспектілер: гуманды педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері, гуманды педагогиканың ғылым ретінде қалыптасу тарихы, рухани-адамгершілік тәрбиелеудің педагогикалық теорияларын түсіну, адамның рухани гуманизмінің педагогикасын және адамның тәрбиесінің негізгі адами аспектілері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - өзін-өзі тану және рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселелерін зерттеу қабілетін дамыту; рухани-адамгершілік білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін түсіну, өзін-өзі танудың теориялық және әдіснамалық негіздерін ғылыми білім саласы ретінде меңгеру, ғылым және білім беру қызметінде жалпыға ортақ құндылықтарды қолдану саласында білім алушының құзыреттілігін дамыту.

Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру:
-өзін-өзі тану және жалпы рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық, психологиялық, педагогикалық және аксиологиялық мәселелерін білу және талдау;
-ғылым саласы ретінде өзін-өзі танудың мазмұны мен құрылымын, теориялық және әдіснамалық маңыздылығын жүйелендіру;
-білім беру мен тәрбиелеуге әртүрлі әдістемелік тәсілдерді талдау және ажырату;
-жеке бағдарланған, аксиологиялық, белсенділік, антропологиялық тәсілдерді қолданудың мазмұнын және бағытын талдауды меңгеру;
-пәннің категориялы және тұжырымдамалық аппаратын талдау және жаңасын синтездеу;
-әмбебап құндылықтардың мәнін білу және оларды өмірде қолдану;
-моральдық және рухани тәрбие идеяларын тұтас педагогикалық үдерісіне біріктіру үшін алынған білімді пайдалану;
-интуитивті және дискриминациялық ойлауды дамытумен, қоғамға деген қайырымдылық қызмет дағдыларын қалыптастыруға құзыретті болу
Курстың мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтардың мазмұнын білу, оны зерттеулерде және жеке өмірде қолдана білу, сондай-ақ, біріктіру бастамасын табу мүмкіндігі туралы білімді меңгеруге бағытталған; әлемдегі және ҚР-да рухани білім берудің тарихын білу; студенттердің бойына интуитивті ойлауды дамытатын қоғамға деген адал қызметтің дағдысын, құзыреттілікті қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ата-ананың қарауынсыз қалған патронаттық ұйымдардық және мемлекеттік мекемелердегі балалармен, балаларды асырап алушы отбасыларға әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу көрсету (патронат, асырап алушы отбасы, т.б.) асырап алушы, қамқоршы, қорғаншы отбасыларға кеңес беру, диагностикалық қызметктің әдіс-тәсілдерін меңгеретін әлеуметтік педагогикалық қызметке дайындайды.
Пәнді меңгеруден кейін магистрант қабілетті болады:
«жетім», «әлеуметтік жетім», «қамқоршы», «қорғаншы», «патронат», «асырап алушы отбасы», «бала асып алу», «орнын басушы отбасы», «депривация» ұғымдарының мәнімен танысады;
замануи жағдайда қамқоршының негізгі түрлеріне сипаттама береді;
мемлекеттік қамқоршы мекемелердегі, отбасының орнын басушы әлеуметтік педагогикалық қызметкердің жұмысының әдістерін, кезеңдерін және қызметін біледі; әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім балаларды қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу мәселелері бойынша өз қөзқарасын негіздей және қалыптастыруды меңгереді;
ата ананың орнын басушылардың құзіреттіктерін және әлеуметтік жетім мәселелерін бойынша педагогикалық жағдаят міндеттерді талдай білуді және құрастыра білуді меңгереді;
әлеуметтік қамқоршы мекемелердегі және орнын басушы отбасылармен әлеуметтік педагогикалық қызметкердің қызметін ақпараттық әдістемелік қамтамасыз ету және жоспарлай білуді меңгереді;
болашақ кәсіби қызметіндегі әлеуметтік жетімдіктің мәселелерін шешуге өз еркімен қатысу және дайындықты меңгереді.
Курс ата-ананың қарауынсыз қалған патронаттық ұйымдардық және мемлекеттік мекемелердегі балалармен, балаларды асырап алушы отбасыларға әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу көрсету (патронат, асырап алушы отбасы, т.б.) асырап алушы, қамқоршы, қорғаншы отбасыларға кеңес беру, диагностикалық қызметктің әдіс тәсілдерін меңгеретін әлеуметтік педагогикалық қызметке дайындайды. Курстың өзегі қазіргі заманғы әлеуметтік жетімдер мәселелері-мен, оларды шешу жолдарымен, ата ананың қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларды отбасыларға орналастырудың түрлі мемлекеттік және отбасылық үлгілерімен танысу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды жеке ерекшеліктердің психологиясы мәселелерімен, дарындылықтың жеке табиғи алғышарттарының ерекшеліктерін түсіне білу, дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытуда дамыту жүйесі туралы қөзқарастың болуы туралы таныстырады.
Курс барысында дарындылық түрлері, дарынды балалармен психологиялық-педагогикалық, психоәлеуметтік сипаттамалары, аталған санаттағы балалардың мәселелері қарастырылады; әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс бағыттары ұсынылған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Акмелогиялық білімдер жүйесіндегі феноменологияы, заңдылықтар және механизмдердің жетістіктерін білу; әлеуметтік педагогтың акмеологиялық міндеттердің кең спектерін шеше білуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар келесі құзыреттіліктерді игереді: әлеуметтік-педагогикалық акмелогияның қалыптасу кезеңдерін, мақсаттары, нысаны, пәні, акмелогиялық ғылымның әдіснамалық негіздері, акмеологияның категориялық ұғымдық аппаратын, акмеологиялық әдістер мен модельдерді, кәсіби дамудағы акмеологиялық тұжырымдамаларды біледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Халықтың әртүрлі виктитогендік топтарын әлеуметтендіруді жүзеге асыру ерекшеліктері туралы ғылыми көзқарастар жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік осал балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету бойынша мамандарды даярлау.
Негізгі аспектілер: жәбірленуші балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық құбылыс ретіндегі балалар виктимизациясы проблемасы, зардап шеккен балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысының ерекшелігі, халықтың әртүрлі виктимогендік топтарына кеңес беру ерекшеліктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарға педагогикалық кеңес берудің теориясын меңгеру, білім алушылардың жеке тұлғалық супервизиясы мен әлеуметтік- мәдениеттілігін дамытуды меңгеру, педагогтардың супервизияны жүзеге асыру ережелерімен танысу. Курс әлеуметтік педагогтың кеңес берудің теориясы мен супервизияның қызметін, супервизияның тиімді әдістерін пайдалануды айқындап көрсетеді
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: бакалавриатта дайындау үшін білім беру бағдарламаларын жобалаудың дидактикалық принциптерін меңгерту және үйрету; блім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың базалық бағыты ретінде құзіреттілік тұғырды жүзеге асыруды, жобалау құзіреттілігін оқыту.
Магистранттар негізгі оқу жоспарларын, білім беру бағдарламаларын салыстырады; білім беру бағдарламаларының модулін құрастырады, құзіреттіліктерін жобалайды; бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Балалық шақ мәселелерін әлеуметтік педагогикалық зерттеудің теориясы мен практикасымен таныстыру. Курс әлеуметтік педагогтың зерттеу обьектісі болып табылатын түрлі санаттағы балаларлы әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістері мен әдіснамасының мәселелеріне арналған. Курс барысында тәуекел тобындағы, девиантты мінез құлықты, «көшедегі балалар» зерттеу және оларға қолдау көрсету мен сүйемелдеу ерекшеліктерін оқып үйренеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Дағдарыс орталықтарындағы әлеуметтік-педагогикалық жұмысты үйрену; жұмыстағы дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелері туралы көзқарастың қалыптасуы; әлеуметтік педагогтың девиантты мінез құлықты, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс қызметін оқып үйрену, негізгі міндеттерімен, мекеменің принциптері мен әдістерімен танысу.
Курс дағдарыс орталықтарының қызметінің ерекшеліктерімен, принциптерімен, әдістерімен және дағдарыс жүмыстарының негізгі формаларымен.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану курстарын, сондай-ақ мұғалімнің әдістемелік және жобалық құзыреттіліктерін үйрету қабілетін дамыту.
Кәсіби білім беру үдерісіндегі әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану курстың миссиясы мен мәнін айқындауға тұжырымдамалық тұғырларды қарастыру; өзін өзі тану үдерісінің мәнін ашу; болашақ маманның әдістемелік және технологиялық негіздерін қалыптастыру; тұлғалық және кәсіби өзін өзі дамытудың тәжірибелік біліктіліктері мен теориялық білімдер жүйесін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру:
- қоғамдағы мәселелерді шешу мақсатында ғылыми ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдап және өзін өзі тану мен әлеуметтік педагогиканы оқытуда пайдалану;
- осы курсты оқыту әдістемелері мен технологияларын бағалау әлеуетін тексеруге бағытталған дағдыларды мңгеру;
осы пәнді оытудағы инновациялық және интерактивті технологияларды құрастыру дағыдларын қалыптастыру;
- университетте әлеуметтік педагогиканы оқыту процесін, мектепте және колледжде өзін-өзі тану үрдісін құру, университетте дәйекті түрде.
Курстың мазмұны әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танудың оқыту әдістерінің пәні мен міндеттерін, осы курсты оқытудың тұжырымдамалық, материалдық, процессуалдық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған; өзін-өзі танудың психологиялық-педагогикалық технологиялары, өзін-өзі дамыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманы ретінде өзін-өзі жетілдіру; әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі танудың әдістемелік принциптері; Әлеуметтік педагогика мен рухани-адамгершілік тәрбиенің әдістерінің, әдістерінің және технологиясының ерекшеліктері
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды түрлі интеллект теорияларымен таныстыру, осы теорияларды практикалық қызмет барысыда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Курс дәстүрлі тестологиялық және эксперименталды психологиялық интеллект теориясын қарастыру, сонымен қатар, тұлғаның ақыл ой және жеке тәжірибесін ұйымдастыру ерекшеліктері контекстінде инттелект табиғатын интеллектуалды дарындылықтың түрлері мен интеллектуалды мүмкіндіктердегі жеке айырмашылықтар тетіктерін оқып үйренуге арналған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды практикалық іс-әрекетте біліммен, дағдымен, оңалту дағдыларымен қаруландыру, олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту. Оңалту және алдын-алу жұмыстары бағдарламасының негізгі принциптерін, мағынасын, түрлерін, формаларын, құрылымдарын меңгеру.
Негізгі аспектілер: профилактикалық және сауықтыру мекемелерінде жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, консультативтік-сауықтыру жұмыстарының мәні, құрылымы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - адамның өзін-өзі танудың заманауи теориялық тұжырымдамаларының мазмұнын зерттеу қабілеттерін дамыту; магистранттарға өзін-өзі тану бойынша заманау тұжырымдамалардың басымдықтарын, оның өзекті теориялық әдіснамалық аспектілерін талдауды, өзін өзі тануды дасыту үдерісін салыстырамалы түрде сипаттама беру, өзін-өзі тану бойынша отандық және шетедік тұжырымдамалармен таныстыру; қазіргі кезеңдегі өзін өзі танудың замануи мәселелерін жасай білу туралы қөзқарас қалыптастыру және сонымен қатар, тұлғаның әлеуметтенуінің өмірлік негіздерін үйрету.
Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру:
• өзін-өзі танудың өзекті мәселелерінің пайда болу себептерінің құрылымын біледі;
• өзін-өзі тану бойынша отандық және шет елдік тұжырымдамаларды білетін болады;
• өзін өзі тану бойынща өзекті мәселелерді құрастыру дәне анықтай білу біліктіліктерін меңгереді;
• өзін өзі тану бойынша заманауи мәселелердің даму үдерістеріне салыстырмалы талдау жасай біледі;
• тұлға әлеуметтенуінің өмірлік мәселелері бойынша мониторинг жүргізу және құралдарды таңдай алу дағдыларын меңгереді.
Курс рухани-адамгершіліктік білім беру мақсатында заманауи өзін-өзі тану тұжырымдамалары туралы білімді игеруге бағытталған; зерттеушілік және тәжірибелік жұмыста өзін-өзі тану тұжырымдамаларын қолдану; педагогтың рухани-адамгершіліктік позициясын қалыптастыру жас ұрпаққа рухани-адамгершіліктік тәрбие берудің маңызды факторы ретінде
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: электрондық оқыту, цифрлық білім беру теорияларына негізделген цифрлық білім беру ресурстарын құру бойынша мұғалімдердің цифрлық құзіреттілігін дамыту.
Пәннің негізгі аспектілері: цифрлық құзіреттіліктің құрылымы, цифрлық буынның ерекшеліктері, мұғалімнің рөлі, ЦБP тұжырымдамасының мәні, ЦБP классификациясы, оқу дизайнының түрлері, байланыстыру теориясы, актерлік-желілік теория, ризоматикалық педагогика, ағым теориясы, эвтогогика, оқу процесінде қолданылатын цифрлық білім беру ортасының түрлері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: цифрлық ұрпақтың денсаулығын сақтау, білім беруде педагог-психологтардың қабілеттерін дамыту, диагностика жүргізу және алдын-алу , тәуелділік, цифрлық аутизм және т.б. диагноз қою, қолдау, нашақорлық, цифрлық аутизм және т.б. ауытқулардың алдын алу.Негізгі аспектілер: цифрлық ұрпақ теориясы; цифрлық ұрпақты психологиялық-педагогикалық қолдаудың мәні мен кезеңдері, цифрлық ұрпақ балаларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету түрлері; Интернетке тәуелділік әдістері, цифрлық буллинг, цифрлық аутизм және т.б.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.