философия докторы (PhD)
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары деңгейде ғылыми және кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті заманауи аналитикалық және ақпараттық технологияларды иеленетін информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы жоғары білікті кадрларды дайындау.
Информатика
8D01502
Ақпараттық технологиялар
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2500000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курс докторанттарды сөйлеу мен жазудың ғылыми стилінің негізгі ерекшеліктерімен таныстырады, мәтіннің логикалық емілесін құру, ақпарат көздерін сыни бағалау, академиялық және ғылыми-педагогикалық мәтіндерді, жарияланымдар мен презентациялар құру қабілетін қалыптастырады
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бұл курс білім беру қосымшаларындағы жасанды интеллект тұжырымдамалары мен тәжірибелерін терең зерттеулерді қамтиды. Докторанттар генеративті жасанды зерденің негізгі әдістерін және оның интеллектуалды білім берудегі рөлін зерттейді. Сонымен қатар, олар генеративті жасанды зерде принциптерін меңгереді және білім беру мақсатында технологияларды талдау және енгізу қабілеттерін дамытады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бұл пән зерттеу жобаларын талдай білу, ғылыми-педагогикалық мәселелерді тұжырымдау,<br/> теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу, қажетті зерттеу әдістері мен құралдарын таңдау, жиналған фактілерді қисынды түрде жалпылау және пайымдаулар жасауға мүмкіндік беретін<br/> ұсынымдар мен зерттеу нәтижелерін әзірлеу, теориялық тұжырымдар жасау үшін қажет.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән докторанттарды информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы тәуелсіз зерттеу әдіснамасы бойынша даярлауды, ақпараттық қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогикалық зерттеулердің әдістерін, формаларын, әдіснамалық базасын, информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы ғылыми-зерттеу модельдері мен технологияларын әдіснамалық негіздеуге мүмкіндік береді
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курс докторанттардың оқыту мен білім беру интерфейстерін визуализациялау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған, бұл оларға заманауи білім беру технологияларын дамытуға белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді. Докторанттар оқу үдерісін дербестендіру тәсілдерін, нақты уақыт режимінде білім алушымен өзара әрекеттесу әдістерін меңгереді, сондай-ақ білім беру үдерісіне интеграциялау үшін оларды визуализациялауға баса назар аудара отырып, бейімделген білім беру интерфейстерін құру дағдыларын қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру мен кәсіби проблемаларды шешуде ғылым мен білімнің қазіргі заманғы мәселелерін білуге дайындықты қалыптастыру, робототехниканы пайдалану арқылы жобалаудың теориялық білімдерін қалыптастыру, білім беру робототехникасы саласында оқытуды жүзеге асыруға дайындық.
Пәннің міндеті: Робототехника саласында жас ерекшеліктеріне қарай топтарының мүмкіндіктерін ескере отырып. білім беру робототехникасының потенциалын қалыптастыру және қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Виртуалды оқыту ортасында оқу және оқу-әдістемелік жұмыстардың дидактикалық әдістерін меңгеруін және электрондық оқыту технологияларымен танысу.
Пәннің міндеті: Виртуалды оқыту құралдарын жіктеу. Дидактикалық жобалау көрсеткіштерінің таксономиясы. Көрнекі және когнитивті мультимедиа мүмкіндіктері. Үйретуші программалар сценариіндегі басқару элементтері. Қолданбалы программалық пакеттерге дидактикалық талдау. Интеллектуалды тренажерлер сценариін құрастыру принциптері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: болашағы бар салалардың бірі ретінде бұлтты технологиялар туралы идеяларды қалыптастыру, сондай-ақ компьютерлік ресурстарға кең жолақты және ыңғайлы желіні ұсынудың заманауи құралдары.
Пәнді оқудың нәтижесінде докторант келесіні игеріп шығады:
- серверлік виртуализацияның негізгі ұғымдарын қолдану;
- бұлтты есептеулер саласында қызмет көрсету модельдерін әзірлеу;
- виртуалдандыру құралдарымен жұмыс істеу.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.