жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Жаңа білім объектілерін меңгеруге, сондай-ақ физика саласындағы жаңа білімді генерациялауға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету, кәсіптік тілде ғылыми және өндірістік міндеттерді қалыптастыру және оларды қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар көмегімен шешу; бейбітшілік, жақсылық пен әділдік идеяларына негізделген белсенді азаматтық ұстанымы бар;
Білім алушыларға физика саласында теориялық білімді және практикада зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру, өз саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау - конструкторлық бюролар және ұқсас бейіндегі басқа да ұйымдар үшін кәсіби кадрлар даярлау; жоғары және орта-арнайы білім беру жүйесінің ұйымдарын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету; жаратылыстану-ғылыми және техникалық бейіндегі ұйымдарды басқару кадрларымен қамтамасыз ету.
Физика
7M05303
Физика-техникалық
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты магистранттарда пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды алыстан әсер ету физикасы пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. кеңістік-уақыттың классикалық табиғатына реляциялық әдіснаманыталдауды;
2. қарым-қатынас жүйелерінің унарлы және бинарлы теориясын қолдануды;
3. заттық қарым-қатынастың унарлы жүйесінің негізінде кеңістік-уақыт геометриясының әдістерін білуді;
4. өлшемділік, сигнатура және орын анықта квадраттық сипаты тәрізді классикалық кеңістік-уақыттың қасиеттерін түсіндіруді.
Пәннің қысқаша мазмұны:
ЖСТ-дағы есептеулер жүйесін анықтаудың монодалық әдісі. ЖСТ-дағы сақталу заңдылықтары. Гравитация мен электромагнетизмнің бес өлшемді теориясы. Кеңістің-уақыттың реляциялық тұжырымының принциптері. Унарлы және бинарлы геометрия. Микроәлем физикасына реляциялық көзқарас.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың гравитацияның классикалық теориясы пәні, мақсаты және міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, гравитацияның классикалық теориясының негізгі бөлімдерімен, гравитацияның классикалық теориясында қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. гравитацияның классикалық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын;
2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін;
3. гравитациялық құбылыстарды классикалық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны: Риманов геометриясы және тензорлық талдау. Гравитациялық өріс теңдеулері. Гравитациялық көздерге жақын кеңістік-уақыт. Жалпы салыстырмалылық теориясының классикалық әсерлері. Космологияға кіріспе.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағдарланған. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттарға орбиталық тұрақтылық туралы мәлімет беру және жалпы салыстырмалық механикада векторлық элементтерге қатысты орнықтылық мәселесі туралы білім беру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жалпы салыстырмалы теорияда қолданатын дифференциалды геометрияның негізгі концепцияларын түсінуді;
2. аффиндық қисындылық, спиндық қисындылық, Фок-Иваненко коэффициенттерін қолдануды;
3. бұрау тензоры, Эйнштейн-Картан теориясын тұжырымдауды;
4. Эйнштейн-Картан теориясында есептерді шешуді;
5. спинордық анализды қисық кеңістікте толық қолдануды.
Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысының тұрақтылығы мәселелерінің қысқаша тарихи мәліметі берілген және қисық уақыт-кеңістігіндегі тұрақтылық мәселесінің дұрыс тұжырымдасы беріледі. Әр-түрлі гравитациялық және электрмагнит өрістерінде сынақ дененің қозғалысының класстары Ляпунов және Лагранж бойынша тұрақтылық және тұрақсыздыққа зерттеледі.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың бойында рационалды-теоретикалық ойлаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы терең түсінік қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. білу ғылымның табиғатын, құрылымын, ұйымдастыру және қызмет ету принциптерін; ғылымның генезисі мен тарихын оның үлгілерінің, бейнелерінің және ойлау түрлерінің қалыптасуын;
2. жасай білу ғылыми ізденіс қызметінде туындайтын және терең кәсіби білімдерді қажет ететін міндеттерді тұжырымдауды және шешуді;
3. жасай білу зерттеудің қажетті әдіс-тәсілдерін таңдауды, бұрынғыларын жетілдіруді және нақты ізденістің міндеттерінен туындайтын жаңа әдіс-тәсілдерді жасауды;
4. ғылымның тарихы мен философиясының, жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық білімдер методологиясының негізінде қазіргі заманғы теория мен практиканың шындығын сараптауды және түсінуді;
5. әдістемелік және әдістік білімдерді ғылыми ізденісте, педагогикалық және тәрбие жұмыстарында қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны:
«Жаратылыстану ғылымының философиялық мәселелері» курсы арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады. Ол магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып. Пәннің мазмұны: ғылымның тарихы мен философиясының негізгі мәселелері мен тақырыптарының ерекшеліктерін және өзара байланысын анықтау; ғылымның өзіндік санасын оның әлеуметтік-философиялық қырлары тұрғысынан ашу; ғылымның мамандық, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегі феноменін түсіндіру; жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың пәндік ерекшеліктерін, олардың ортақ жақтары мен айырықшылықтарын ашу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты-жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық іс-әрекеттің құзыреттілігін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру. ЖОО-дағы педагогикалық аксиология негіздері (оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеушілік), әдістемелік инновациялық технологиялар, педагогикалық такт, этика ережелері, тәрбиелік іс-шаралардың стратегиясы мен әдістері, қазіргі ғылыми парадигмалардағы педагогиканың орны, оның гуманитарлық білім контексіндегі жаңа ғылыми фактілері қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттарда пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды жұлдыздар эволюциясы мен галактика динамикасы пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жұлдыздар эволюциясы мен галактика динамикасының негізгі міндеттерін тұжырымдауды, талдау және шешуге дағдылануды;
2. есептердің күрделілігін түсінуді;
3. жұлдыздар эволюциясы мен галактика динамикасы есептерін сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Жұлдыз аралық орта. Протожұлдыздар. Гиродинамикалық және энергетикалық тепе-теңдіктің теңдеулері. Жұлдыздар орталығындағы температура, қысым және тығыздық. Жұлдыздар динамикасы.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән конденсирленген күй физикасында қарқынды оқытылып жүрген нақтылы кванттық жүйелердегі компьютерлік модельдеудің заманауи әдістерін оқытып, оларды оңтайлы қолдану мүмкіндіктерін үйретуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерін, физикалық жүйелер симметриясының кеңістік-уақыт координаттар түрлендірулеріне салыстырмалы сақталу заңдарымен байланыстарын мазмұндау. Магистранттарға физикалық құбылыстар заңдылықтарының терең түсінігін беру. Магистрант қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерінің айқын түсінігін иелену керек.
Осы пән шеңберінде: салыстырмалылық принципі; Галилей мен Лоренцтің түрлендірулері; ковариантты түрдегі физика теңдеулері; симметрия принципі, суперпозиция, белгісіздік принципі; сәйкестік принципі; энергияның сақталу заңы және уақыттың біртектілігі; импульстің сақталу заңдары және қозғалыс мөлшерінің моменті; кеңістіктің айна симметриясы және жұптылықтың сақталу заңы; тепе-тең бөлшектер мен бөлшектер статистикасы; күшті әрекеттесудің заряд тәуелсіздігі; заманауи физиканың негізгі принциптері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты магистранттардың пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ көп өлшемді гравитация пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді
1. гравитацияның кванттық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын;
2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін;
3. гравитациялық құбылыстарды кванттық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.
4. кванттық гравитация бөлімдерінің ерекшеліктерін саралауды;
5. астрофизика және космологиядағы кванттық-гравитациялық әсерлерді теориялық талдау және есептеу әдістерін қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Гравитацияны кванттау. Гравитациялық өрістегі зарядтың кванттық механикасы. Гравиатомдардың сәулеленуі... Кванттық геометродинамика. Кванттық космология. Қисық уақыт-кеңістігіндегі кванттық өріс теориясы.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - көп-бөлшекі жүйелердін компьютерлік модельдеу әдістері, мақсаттары мен міндеттері туралы магистранттардың идеяларын қалыптастыру; магистранттарды классикалық және кванттық көп-бөлшекі жүйелерді компьютерлік модельдеудің заманауи әдістерімен таныстыру, көп-бөлшекі жүйелердің физикалық қасиеттері мен сипаттамаларын есептеу қабілетін дамыту;
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады:
Плазмадағы әр түрлі процестерді сипаттайтын сызықты емес, дифференциалдық, интегралдық теңдеулерді шешу және талдау үшін теориялық әдістер. Плазмадағы физикалық объектілердің, құбылыстардың, процестердің модельдерін құру. Монте-Карло, молекулалық динамика және квазибөлшектер әдістері. Осы әдістерді нақты есептерде жүзеге асыру. Плазмадағы процесстерді математикалық модельдеудің сандық әдістерімен, әр қайсысының артықшылығы мен кемшілігімен студенттерді таныстыру, сандық әдістерді қолданудың шегін салыстыру және көрсету, плазма физикасындағы есептерді шешу үшін сандық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: педагогикалық ғылымның теориялық негіздері мен практикаға бағытталған аспектілерін меңгеру арқылы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер: педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін түсіндіруге; педагогиканың негізгі ұғымдарын жүйелеуге; білім беру процесіне қатысушылармен өзара іс-қимылдың нысандарын, әдістері мен құралдарын қолдануға; білім беру процесін жобалауға; оқытудың, дамудың, тәрбиенің заңдылықтары мен қағидаттарын ескере отырып, кәсіби қызметті жоспарлауға қабілетті болады; қазіргі қоғамдағы педагогикалық мамандықтың әлеуметтік рөлін бағалау.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – басқару психологиясының негізгі түсініктерін зерттеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми-негізделген даярлықпен қамтамасыз ету, таңдалған мамандық шеңберіндегі кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару аймағының маңызды мәселелерінің теориясын түсініп және практикада қолдану үшін қажетті алғышарттарды құру. Бұл курс психологиялық ғылым мен практика дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес ғылыми білімдермен таныстырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттарда физика тарихы мен әдістемесі пәні, мақсаттары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, магистранттарды физиканың негізгі бөлімдерімен, физикалық идеялардың эволюциясымен, табиғатты тану принциптері мен әдістерімен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. іргелі физикалық құбылыстардың ашылуын хронологиялық баяндауды;
2. қазіргі физиканың негізгі мәселелерін тұжырымдауды және талдауды;
3. әлемнің физикалық бейнесін сипаттау үшін физиканың негізгі мәселелерін түсіну қабілетін.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Физиканың дамуына жалпы шолу. Механика тарихы. Электромагнетизм тарихы. Оптика тарихы. Жылу тарихы. Атом тарихы. Әлемнің заманауи физикалық көрінісі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты магистранттарда пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды физиканың заманауи проблемалары мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. физиканың заманауи проблемаларының негізгі міндеттерін тұжырымдауды, талдау және шешуге дағдылануды;
2. есептердің күрделілігін түсінуді;
3. физиканың заманауи проблемаларын сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды;
4. теориялық талдау және физиканың заманауи проблемаларын сипаттау әдістерін қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Гравитацияның классикалық теориясының жетістіктері. Гравитацияның кванттық теориясының жетістіктері. Геометрия мен физикада гиперкешенді сандарды қолданудың жетістіктері. Кванттық механикадағы жетістіктер.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың гравитацияның классикалық теориясы пәні, мақсаты және міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, гравитацияның классикалық теориясының негізгі бөлімдерімен, гравитацияның классикалық теориясында қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. гравитацияның классикалық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын;
2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін;
3. гравитациялық құбылыстарды классикалық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны: Риманов геометриясы және тензорлық талдау. Гравитациялық өріс теңдеулері. Гравитациялық көздерге жақын кеңістік-уақыт. Жалпы салыстырмалылық теориясының классикалық әсерлері. Космологияға кіріспе.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің оқытудың мақсаты: астрофизикалық құбылыстардың физикалық табиғатын түсіну, қазіргі Астрофизика тұрғысынан жаңа идеяларды бағалау және синтездеу дағдыларын дамыту; жақын және алыс ғарыш туралы, жалпы әлем және онда болып жатқан физикалық процестер мен құбылыстар туралы түсініктерді қалыптастыру;
Пәнді оқу нәтижесінде студент келесі қабілеттерге ие болады:
1. астрофизикалық есептерді шығару үшін сандық әдістерді қолданады;
2. астрофизикалық мәселені шешу үшін заманауи компьютерік технологиялар қолдана алады;
3. астрофизикалық есептерді шығару үшін кәсіби әдістердің қолданысын қалыптастырады;
4. символдық әдісті қолданып нәтиже ала алады;
5. өрстік жүйелерді сипаттау негізінде іргелі қағидаларды, түсініктер мен гипотезалармен таныса алады;
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарға Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының негізгі есептері және әдістері жайлы түсініктерді беру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жалпы салыстырмалық теориясының математикалық аппаратын түсіну;
2. өз еркімен Эйнштейннің гравитация теориясының қолданбалы және теориялық есептерін шығару;
3. Фок әдістерін Эйнштейн теңдеулерін шешу барысында қолданып бейімделу.
4. ЖСТ математикалық аппаратын қолдану
5. Эйештейннің гравитация теориясының мәселелерін тұжырымдау
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
Жалпы салыстырмалық теориясының механикасы. Шварцшильд метрикасы, Керр метрикасы, жуық метрикалар, гармониялық шарты, Фок бойынша метриканы қатарға жіктеу, Фок бойынша квазистационар жуықтауында Эйнштейн теңдеулерін шешу. Лензе-Тирринг есебі. Эйнштейн теңдеулерінің дәл және жуық шешімдері және олардың астрофизика мен космологияның қолданбалы есептеріне пайдаланылуын қарастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курс қараңғы заттардың жаңа теорияларының және олардың ықтимал қолтаңбаларын, модельдік физиканы LHC (Large Адрон коллайдер) феноменологиясына назар аудара отырып, стандартты модельден тыс жерде дамытуға және ерте ғаламдық теорияларды дамытуға бағытталған зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, кең ауқымды бөлшектердің феноменологиялық сипаттамасын қамтиды. бөлшектер физикасына байланыстарын зерттеу.Коллайдер эксперименттерінде өлшеулерді декодтау үшін қажетті адроникалық түзетулерді есептеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттарда пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды жұлдыздар эволюциясы мен галактика динамикасы пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты магистранттардың пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ көп өлшемді гравитация пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді
1. гравитацияның кванттық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын;
2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін;
3. гравитациялық құбылыстарды кванттық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.
4. кванттық гравитация бөлімдерінің ерекшеліктерін саралауды;
5. астрофизика және космологиядағы кванттық-гравитациялық әсерлерді теориялық талдау және есептеу әдістерін қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Гравитацияны кванттау. Гравитациялық өрістегі зарядтың кванттық механикасы. Гравиатомдардың сәулеленуі... Кванттық геометродинамика. Кванттық космология. Қисық уақыт-кеңістігіндегі кванттық өріс теориясы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың гравитацияның классикалық теориясы пәні, мақсаты және міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, гравитацияның классикалық теориясының негізгі бөлімдерімен, гравитацияның классикалық теориясында қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. гравитацияның классикалық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын;
2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін;
3. гравитациялық құбылыстарды классикалық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ көп өлшемді гравитация пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді
1. көп өлшемді гравитацияның негізгі міндеттерін тұжырымдауды;
2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін;
3. көп өлшемді гравитацияның есептерін талдауды және шешуді;
4. гравитациялық құбылыстарды көп өлшемділік тұрғысынан сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Банах кеңістігіндегі талдау элементтері. Тегіс көптүрлілік. Көптүрліліктің тегіс көріністері. Жанасу кеңістігі мен жанасу көріністері. Риман геометриясының элементтері. Диагональды метрикасы бар көпөлшемді космологиялық модель. де Ситтердің көпөлшемді кеңістігі. Анизотропты сұйықтығы бар көпөлшемді модель. Өрістің сыртқы формасы бар көпөлшемді модель.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- магистранттарға әлемнің құрылымы және эволюциясы жайлы мағлұматтарды және макро дүниенің зандылықтары жайлы
Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады:
Астрофизикада экзотикалық компакт объектердің, қараңғы материя мен қараңғы энергияның ашылуымен байланысты соңғы ғылыми жетістіктерді қарастырады. Релятивтик астрофизиканың пәні мен объекті. Астрофизикадағы соңғы ғылыми жаңалықтар. Әлемнің физикалық құрылымы. Кеңейіп бара жатқан Әлемнің теориясы. Космологияның заманауи мәселелері. Әлемнің құрылымын және эволюциясын зерттеу әдістерін оқыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты физикалық теңдеулерді шешудің алгоритмдерін жасау және қазіргі заманғы компьютерлік пакеттермен және бағдарламалармен есептеулерді жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Бұл курс физикалық мәселелерді шешудің сандық әдістерін және оларды компьютерге енгізу; теңдеулер жүйесін шешудің компьютерлік бағдарланған әдістері; физикалық проблемаларды шешудің түпкілікті нәтижелерін көрсету үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану; Гаусс әдісі; Монте-Карло әдісін түсіндіреді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән қазіргі заманғы бөлшектер физикасын зерттеуге бағытталған, бұл белгілі парадокстар мен аномалиялардан еркін, қарапайым бөлшектердің әдіснамалық тұрғыдан жетілдірілген теориясын құру дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистраттарға астрофизикадағы заманауи мәселелер және жұлдыздық заттардағы ядролық реакциялар туралы білімдерін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1.ғарыштық объектілерге қолданылатын физикалық заңдылықтарды білу;
2.ғылыми-техникалық ақпараттарды сараптай алу,
3.зерттеу бағыты бойынша отандық және шет елдік тәжірибелерді үйрену;
4. заманауи ядролық астрофизиканың фундаментальды заңдылықтарын игеру.
5. ғарыштық объектілерге қолданылатын физикалық әдістерді қолдану.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.