техника ғылымдарының магистрі
«7М06102 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты – ақпараттық жүйелер саласында төменде көрсетілген қабілеттерге ие болатын ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы дайындау:
- ақпараттық жүйелерді жобалау, құру және басқару саласындағы жаңашыл теориялар бойынша білімдерін интерпретациялау және жалпылау;
- ғылыми зерттеулерді өздігінен жүргізу;
- туындаған мәселелерді бейтаныс қоршаған ортада шешу мақсатында іргелес ғылыми салалардан білімдерді жинақтап пайдалану;
- өзіндік ғылым зерттеудің нәтижелерін ин-тер¬претациялау және оларды мамандарға және саланың маманы емес тұлғаларға баяндау;
- классикалық және инновациялық оқыту әдістерінің негізінде білім беру үрдісінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;
- өзіндік оқу және ғылыми-инновациялық қызмет атқару бағдарламасын қалыптастыру.
Ақпараттық жүйелер
7M06102
Ақпараттық технологиялар
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Ақпараттық жүйелер (АЖ) контекстінде блокчейн технологиясы туралы жан-жақты түсінік пен практикалық білім беру және магистранттардың әртүрлі АЖ облыстарында блокчейн технологиясын тиімді пайдалану үшін қажетті дағдылармен жабдықтау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – кәсіпорындардың іскерлік мақсаттарына қол жеткізуге және жаңа бәсекелік артықшылықтарға ие болуға бағытталған шешімдер қабылдау үшін ақпараттық жүйелерді дамытуды басқару әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру.<br/> Қарастырылатын тақырыптар: Ақпараттық ресурстарды стратегиялық пайдалану. Ақпараттық жүйелерді стратегиялық талдау модельдері. АЖ стратегиялық талдау модельдерін зерттеу. Ақпараттық жүйелердің стратегиялық үшбұрышы. АЖ-дің ұйымдық құрылымы мен процестерге әсері. Бәсекелестікті анықтаудағы және қалыптастырудағы АЖ-дің рөлі. Ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер мен тенденцияларды зерттеу. Стратегиялық ақпараттық жүйелерді басқару. Стратегиялық ақпараттық технологиялар аудиты. Ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялар мен операцияларды қаржыландыру және тиімділігін бағалау. Ақпараттық технологияның ресурстары мен мүмкіндіктерін игеру. Инфрақұрылымның мүмкіндіктерін иемдену. Ақпараттық жүйелер қызметтері. Ақпараттық жүйелерді сатып алу. Ақпараттық технологияларды басқару шекараларын қолдану. Тәуекелдерді басқару. Бизнестің үздіксіздігін басқару. Қауіпсіздік және құпиялылықты басқару.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ақпараттық жүйелерді талдау, модельдеу және жобалау әдістері мен технологияларын қолдану қабілетін қалыптастыру.<br/> Қарастырылатын тақырыптар: Жүйелер теориясының негізгі ережелері. Жүйелік талдау және жүйелік тәсіл. Ақпараттық жүйелерді жобалауға арналған технологиялар. Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің процестері мен модельдері. Мәліметтер ағынын модельдеу. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістемесі. CASE технологиясы негізінде ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған жобалау. CASE-құралдардың құрамы мен жіктелуі. CASE-құралдарды енгізу технологиясы. UML бірыңғай модельдеу тілінің негізінде жобалау. Жобалау процесін құжаттау.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мәліметтер арасындағы жасырын қатынасты анықтау мақсатында мәліметтерді өңдеу құралдарымен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.<br/> Қарастырылатын тақырыптар: Бизнес талдау жүйелері концепциясы. Бизнес талдаудың архитектуралық стегі, негізгі функциялары. Бизнес талдаудың бағалау критерийлері және нақты анықтамалар, Бизнес талдау архитектурасы және нарықтағы компоненттері. Мәліметтерді интеллектуалды талдау алгоритмдерін зерттеу. Кәсіпкерлік есеп беру жүйелерінің компоненттері және құрылымы. Деректерді визуализациялау, диаграмма түрлері және бақылау тақталары. Бизнес талдаудың өмірлік циклы. Бизнес талдау құралдары. Жетілдірілген / дамып келе жатқан бизнес талдау технологиялары, бизнес талдаудың болашағы.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – зерттеулерді, тәжірибелерді және дәлелді мәліметтерді жинауды жоспарлау және жүргізу қабілеттерін қалыптастыру.<br/> Қарастырылатын тақырыптар: Ғылыми зерттеу және оның кезеңдері. Ғылыми зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістері. Ғылыми зерттеу принциптері. Теориялық және тәжірибелік зерттеулерді талдау және қорытынды тұжырымдау. Ғылыми ақпарат: іздеу, жинақтау және өңдеу. Ғылыми ақпарат көздері. Патенттік зерттеулер. Техникалық және зияткерлік шығармашылық және оны құқықтық қорғау. Инновациялар туралы заң. Ғылыми зерттеу кезеңдері. Зерттеу жұмыстарын орындау үшін құжаттаманы әзірлеу технологиялары. Ғылыми-зерттеу құжаттамасын жүргізу бойынша стандарттар мен талаптар.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жүйелер құру үшін АЖ жобасының сапасын, тәуекелдерін және өзгерістерін басқару қабілетін қалыптастыру.<br/> Қарастырылатын тақырыптар: Жобаның өмірлік циклі. Жобаның мүдделі тараптары. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы. Ақпараттық технологиялар (АТ) жобаларын басқарудың стандарттары мен әдістері. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі. Қарым-қатынасты басқару стандарттары мен әдістері. Тәуекелді бағалау әдістері. Тәуекелдерді басқару. Тәуекелдерді басқарудың стандарттары мен әдістері. Өзгерістерді басқару құралдары. Өзгеру процесі. Өзгерістерге ынталандыру және кедергілер. Өзгерістерді басқару көрсеткіштері. Өзгерістердің диагностикасы және тұжырымдамасы. Жобаның бюджеті. АТ жобасын құжаттау. Ғылыми жобаларды басқарудың ерекшеліктері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ақпараттық-аналитикалық кешендер мен жүйелерді құру және енгізу дағдыларын қалыптастыру.
Пән аясында келесі аспектілер қарастырылады: ақпараттық-аналитикалық және интеллектуалды жүйелердің негізгі түсініктері. Ақпараттық кеңістік (АК) туралы түсінік, оның құрылымы мен элементтері. Мәліметтерді жинау, сақтау және жедел талдау технологиялары. Ақпараттық қойма концепциясы. Ақпараттық қойма жасанды интеллекттің аналитикалық құралдары мен жүйелерінің платформасы ретінде. OLAP жүйелерінің белгілері. Мәліметтерді интеллектуалды талдау технологиясын құру. Ақпараттық-аналитикалық жүйенің (ААЖ) мәліметтерді интеллектуалды талдаудың ішкі жүйесі орындайтын міндеттер. Зияткерлік талдау әдістерін жүзеге асыру және ААЖ сәйкес ішкі жүйесін кешендендіру құралдарын әзірлеу. Жасанды интеллект жүйелерін құру. Ақпараттық-аналитикалық және интеллектуалды жүйелерді пайдалану, басқару, жобалау жәнеқұру. Ақпараттық-аналитикалық және интеллектуалды жүйелерді басқару мен құрудың мәні.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әртүрлі қызмет салаларында шешім қабылдау жүйелерін талдау, жобалау және жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Шешім қабылдау модельдері мен теориясы. Шешім қабылдау есебінің формалды қойылымы. Шешім қабылдау кезеңдері. Іскерлік шешімдер қабылдау процесін талдау. Көп мақсаттар жағдайында шешім қабылдауды модельдеу. Тәуекел және белгісіздік жағдайында шешім қабылдауды модельдеу. Шешім қабылдауды қолдау үшін компьютерді қолданудың әдістемелік қиындықтары. Шешімді қолдау жүйелері: мүмкіндіктері, негізгі элементтері, пайдалану мысалдары. Шешімдерді қолдау жүйелерінің қосымшалары. Шешімдерді қолдау жүйесін жобалау, әзірлеу және енгізу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ұйымның бизнес-процестерін формалды түрде сипаттау және ақпараттық жүйелердің (АЖ) архитектурасын құру қабілетін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Бизнес-талдау негіздері және жүйелік талдау әдістері. Ұйымның бизнес-процестерін қалыптастыру принциптері. Ұйымның бизнес-процестерін талдау және модельдеу. Кәсіпорын архитектурасының үлгілерін зерттеу. Қолданыстағы АЖ архитектурасын талдау. АЖ талаптарын анықтауға арналған техникалық процестер. АЖ архитектурасы концепциялары. Архитектураны құрудың әдістері мен модельдері. Архитектуралардың жіктелуі. Архитектуралық шаблондар, стильдер, шектеулер. Архитектуралық жобалау процесі. Архитектура компоненттері. Архитектураның техникалық-экономикалық негіздемесі. Ақпараттық жүйелерді жобалау және дамыту, ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы стандарттар, салалық заңдар. Архитектура компоненттерінің сенімділігін бағалау. АЖ архитектурасына қойылатын талаптарды әзірлеу. Кәсіпорындардың архитектуралық тәсілі. Архитектура компоненттерінің жұмыс өнімділігін қамтамасыз ететін модельдер. Жүктемелерді теңестіру. Архитектура компоненттерінің өзара әрекеттесуіне арналған хаттамалар. Архитектураны жүзеге асыру технологияларын таңдау. Архитектураны құру процесі. Архитектураны құру процесін құжаттандыру. АЖ нормативтік-құқықтық құжаттамасы. АЖ архитектурасын жобалаудың сәтті тәжірибелерін зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білімге негізделген жүйелерді жобалау, жасанды интеллект жүйелерінде білімді бейнелеу және өңдеу әдістері мен құралдарын қолдану қабілеттерін қалыптастыру.
Пән аясында келесі аспектілер қарастырылады: Жасанды интеллект және интеллектуалды ақпараттық жүйе туралы түсінік. Жасанды интеллекттің даму тарихы және программалық жабдықтаманы әзірлеуде қолдану. Деректер мен білімдерді бейнелеуге арналған модельдер. Жасанды интеллект әдістері. Сараптамалық жүйелер және олардың құрылымы. Білімдерді бейнелейтін анық емес логикалық модельдер. Жасанды нейрондық желілер. Гибридті нейрондық желілер. Байес желілері. Жасанды интеллекттің перспективалық әдістемелері. Жасанды интеллект әдістерін зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – бизнестің ақпараттық қажеттіліктеріне және бизнесті дамыту стратегиясына сәйкес ақпараттық жүйелердің (АЖ) инфрақұрылымын жобалау және дамыту қабілетін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Кәсіпорынның АЖ инфрақұрылымы: түсінігі, мақсаттары, бизнеске әсері, процестік тәсіл. АЖ инфрақұрылымын құру процесі: аппараттық-программалық платформаны таңдау, өнімділігін бағалау, желіні жобалау, жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтаманы, ДҚБЖ таңдау, корпоративті қосымшаларды таңдау / құру, корпоративтік ақпаратты қорғау, біріктірілген басқару жүйесін құру, жаңа технологияларды енгізу кезеңдері мен тәсілдерін жоспарлау. Кәсіпорын инфрақұрылымын басқару туралы түсінік. ITIL кітапханасы. Инциденттер мен проблемаларды басқару процестері. CobiT стандарты. Кәсіпорынның АЖ инфрақұрылымын басқару жүйелері: MOF (Microsoft), ITSM (HP). Кәсіпорынның АЖ стратегиясы: түсінік, бизнес стратегиясымен байланысы. АЖ-ді техникалық қолдау: міндеттері, іркіліс уақыты мен құны, техникалық қызмет көрсетудегі қателер, АЖ ресурстарын оңтайландыру, интеграциялық мәселелерді шешу, құжаттандыру, серверлік кешеннің жабдықтары мен программалық жабдықтамасын оңтайландыру, күй мониторингі, персоналды техникалық қызмет көрсету, қызмет көрсетудің орталықтандырылған сұлбасы, қашықтықтан бақылау және диагностика, қызметті қалпына келтіру. Аутсорсинг. Корпоративті немесе салалық стандарттар: жұмыс орындарына, деректерді сақтауға, электрондық поштаға, құжаттармен алмасуға, ішкі техникалық қолдауға (HelpDesk) арналған. Инфрақұрылымды құжаттандыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – кәсіпорын ресурстарын тиімді басқару мақсатында ақпараттық жүйелерді пайдалану қабілетін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Процестерге стратегиялық көзқарас: тиімділік және нәтижелілік тұжырымдамалары. Ұйымның функционалды бағыттарын интеграциялау. Процестердің компанияның қаржылық, клиенттік және өнімдік мақсаттарына сәйкестігі. Бизнес-процестерді автоматтандыру. Автоматтандырудың жұмыс тәжірибесіне әсерін зерттеу. Корпоративтік ақпараттық жүйелердің архитектурасы. Кластерлік жүйелер. Электрондық құжат айналымы жүйелері. Корпоративтік пошта қызметтері. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау. Белсенділік диаграммалары мен бизнес-процестерді модельдеу (BPMN) нотациясын қолдану. Бизнес-процестерді модельдеу құралдары. Қауіпсіздік пен процестерге сәйкестікке қол жеткізу. Жеткізілім тізбегін басқару (SCM). Клиенттермен қарым-қатынасты басқару (CRM). Кәсіпорындарды басқару жүйелері (ERP). Процестердің үздіксіздігі: құрылымдалған және құрылымдалмаған процестер. Корпоративтік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді жобалау, интеграциялау және енгізу әдістері мен тәжірибесін зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті басқару жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.
Пәнді оқу барысында төмендегі мәселелер қарастырады: Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігінің міндеттері. Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ішкі және халықаралық стандарттар, нормативтік құжаттар. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан бизнес-процестерді талдау. Ақпараттық қауіпсіздіктің түсінігі мен модельдері. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының модельдері. Ақпараттық қауіпсіздік процедураларын құжаттандыру. Кіруді басқару және сәйкестікті басқару. Аутентификация, авторизация және есеп (AAA). Қауіпсіздік саясаты. Құпиялылық саясаты (BLP үлгісі). Адалдық саясаты. Қауіпсіздік саясаты. Гибридтік саясат. NIST модельдері, Қауіпсіздік сәулетінің дизайны, Үздіксіздікті жоспарлау. Деректерді қорғау. Қауіпсіз дизайн принциптері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың шешім қабылдауға және қосымшалар арасында мәліметтер алмасуды тиімді ұйымдастыруға қолдау көрсету үшін АЖ мәліметтерін басқару қабілеттерін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Критериалды таңдаудың міндеттері мен әдістері. Тиімділеу есебі. Толық, статистикалық және анық емес белгісіздік жағдайында шешім қабылдау. Белгісіздік жағдайында көпкритерийлі есептердегі басымдалақтар: көпөлшемді жағдай. Мультипликативті, аддитивті, пайдалылық функциялар. Скаляр көбейтінді, Евклид кеңістігі. Блоктық матрицалар. Нұсқаларды дәйекті талдауға негізделген тиімділеу әдістері. Динамикалық программалау. Басқарудың ойындық әдістері. Дискретті басқарудың оңтайлы проблемаларына жалпы көзқарастар. Мінсіз түзетудің жобалық тапсырмасы. Бағалау және бақылау қателері жағдайындағы түзету тапсырмасы. Байланыс желілеріндегі ақпараттық ағындарды басқару әдістері. Басқару сапасының көрсеткіштері және осы көрсеткіштерді анықтаудың жалпы әдістемесі. Деректерді басқару жүйелерін зерттеу әдістері. Параметрлерді сызықтандыру арқылы басқару жүйелерін талдау. Деректерді басқарудың интеллектуалды жүйесін құрудың негізгі тәсілдері. Деректерді басқару процесін зияткерлеудің негізгі бағыттары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курсты оқу барысында магистранттар АЖ техникалық мүмкіндіктерін қоса алғанда, компанияның процестеріне кешенді аудит жүргізу және ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын игереді. АКТ сапа саясатын меңгереді. Ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық және ішкі стандарттарын қарастырады. Аудиторлық тексерулерге негізделген нормативтік құқықтық актілер. IT технологиясының тенденциялары. АКТ тәуекелдерін басқару. Аудиторлық қорытынды жасау
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың қолданушы профильдерін құрастыру үшін әлеуметтік желілерде деректерді талдау құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру.
Пәнде келесі аспектілер қарастырылады: Желілік талдауға кіріспе. Әлеуметтік желілердің түрлері. Әлеуметтік желілерден мәліметтер жинау. Желінің негізгі өлшемдері мен параметрлері. Мәтінді талдау. Мәтіндік мәліметтермен жұмыс. Ашық көздерден мәліметтер жинау. Мәтіндік мәліметтерді өңдеу. Мәтінді талдау. Құрылымдалған, әлсіз құрылымдалған және құрылымдалмаған үлкен мәліметтерді өңдеу. Машиналық оқытуға кіріспе. sklearn модулі. Жіктеу есептері және сызықтық модельдер. Word2vector модельдерін қолдану. Әлеуметтік желілердің ақпараттары негізінде мәліметтерді интеллектуалды талдау есептері. Кластерлік есептерді шешу. Қашықтық өлшемдері. Кластерлік алгоритмдерге шолу. Нейрондық желі арқылы модельдеу және терең оқыту. Әлеуметтік мәліметтердегі ауытқуларды анықтау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әртүрлі веб-іздеу технологияларының мүмкіндіктерін талдау және бағалау, веб-іздеу жүйесін жобалау үшін мәліметтер алу модельдерін пайдалану қабілеттерін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Ақпаратты іздеуге кіріспе. Жалпы мақсаты іздеу жүйесінің архитектурасы. Веб-іздеу технологиялары: веб-роботтар, белгілеу технологиялары, сілтемелерді талдау технологиялары, қолданушы профилін талдау технологиялары. Мәтіндік файлдарды сөздер бойынша индекстеу және шығару. Мәліметтерді алу модельдерін зерттеу. Мәліметтер базасының құрылымы. Сұраныс үшін мәтіннің маңыздылығын өлшеу. Мәтінді кодтау: токенизация, стеблирлеу, лемматизация, шулы сөздер, тіркестер. Векторлық кеңістікті іздеу моделі. Құжаттарды санау. Косинус өлшемі. Мәліметтерді кластерлеуге кіріспе. Мәтінді жіктеуге кіріспе. Naive Bayes модельдері. Электрондық поштаны фильтрлеу. Веб-граф құрылымы. Зипф және Парето заңдары. Көрінбейтін және арнайы веб-іздеу жүйелері. Мультимедианы анықтау. Веб-іздеу жүйесін жобалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ұйымның бизнес-процестерін жетілдіру және бәсекелестік артықшылықтарға ие болу мақсатында кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау жүйесінің тұжырымдамалары. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау. Кәсіпорынның бизнес-талаптарына шолу. ERP эволюциясы. ERP және онымен байланысты технологиялар. ERP-жүйелерін енгізу: проблемалар мен сәтті тәжірибе. Интеграцияланған басқару ақпаратының ERP моделі. Интеграцияланған деректер моделі. Бәсекелік артықшылыққа қол жеткізудегі ERP рөлі. Бизнес-процестер реинжинирингі. ERP модульдері. ERP жүйелерін енгізудің артықшылықтарын болжау әдістерін зерттеу. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау әдістері мен технологияларын зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – корпоративтік деңгейдегі желілерді дамыту және олардың қауіпсіз жұмысын басқару қабілеттерін дамыту.
Пәннің аясында келесі тақырыптар қарастырылады: Корпоративті желілердің құрылымы мен архитектурасы. Желіні иерархиялық жобалау. Корпоративтік желілерді құру технологиялары. Желілік жабдыққа қойылатын талаптар. Желілік жабдықты орналастыру. Желілік жабдықтың күйін диагностикалық тексеру. Қателіктер мен өзгерістерді басқару. Желілік деңгей қызметтері. Желілік қауіпсіздік қағидалары. Корпоративті желі қауіпсіздігін басқару. Жүйелік тапсырмаларды автоматтандыру. Деректерді ұйымдастыру. Деректердің тұтастығы. Қолданбалы қызметтер. Желіні басқару. Желінің өнімділігін талдау. Корпоративтік желіні жаңартуды жоспарлау. Корпоративтік желінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша отандық және шетелдік авторлар еңбектерін талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қолданушылық интерфейсті жобалау және құру технологияларын қолдану қабілетін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Қолданушылық интерфейстің модельдері. Тиімді интерфейс критерийлері. Қолданушылық интерфейстің стильдері Қолданушылық интерфейсті жобалау ережелері. Интерфейсті жобалау стандарттары мен принциптері. Пайдаланудың оңтайлылығы туралы түсінік. Мақсатты аудиторияны зерттеу. Қолданушылық интерфейсті жобалаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу. Қолданушылық интерфейсті құру кезеңдері. Қызмет ету ортасы және программалық жабдықтама үйлесімділігі. Адам мен машинаның өзара әрекеттесу сапасының атрибуттары. Көрнекі дизайн. Интерфейсті тестілеу. Қолданушылық интерфейсті құру процесін құжаттау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мәліметтерді талдау үшін машиналық оқытудың алгоритмдері мен құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Машиналық оқытудың негізгі түсініктері. Оқыту түрлері. Машиналық оқыту алгоритмдері. Машиналық оқыту үшін мәліметтерді өңдеу және дайындау. Мәліметтерді жіктеу және кластерлеу. Машиналық оқыту моделін құру. Машиналық оқыту модельдерінің сапасын бағалау әдістері. Машиналық оқыту технологиясы енгізілген жүйелер. Мәліметтерді талдау және өңдеуге арналған программалау тілдері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мәліметтерді тиімді сақтау мен ұйымдастырудың зерттелген әдістерін қолдана отырып, мәліметтер қоймаларын жобалау және талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Мәліметтер архитектуралары. Мәліметтер қоймасы және мәліметтерді өңдеуге арналған OLAP технологиясы: мәліметтер қоймасы, көпөлшемді мәліметтер моделі, мәліметтер қоймасының архитектурасы. Реляциялық және гибридтік қоймалар. Мәліметтер қоймасын жобалау тәсілдері мен әдістемесі. Бастапқы мәліметтерді талдау және түрлендіру. Мәліметтерді интеграциялау мәселесі. Мәліметтерді интеграциялау концепциялары, процестері және әдістері. Мәліметтерді түрлендіру, жинақтау және тазарту. Мәліметтер қоймасын талдау әдістерін зерттеу. Виртуалды мәліметтер қоймалары. Мәліметтер текшесінің дамуы: мәліметтер қоймасынан мәліметтерді интеллектуалдық қалдауға дейін. Мәліметтер текшесін есептеу және мәліметтерді жалпылау: мәліметтер текшесін есептеудің тиімді әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – мәліметтерді өңдеудің күрделі есептерін шешуде нейрондық желі модельдерін қолдану қабілетін қалыптастыру.
Қарастырылатын тақырыптар: Нейрондық желілердің модельдері. Нейрондық желінің шығыс параметрлері бойынша кластерлік деректерді талдау. Нейрондық желінің есептеу процестері. Мәліметтерді алудың модельдері мен әдістері. Нысандарды атаулы тану. Қарым-қатынасты танудың модельдері мен әдістері. Уақыт пен оқиғаны анықтайтын модельдер мен әдістер. Ақпаратты іздеудің модельдері мен әдістері. Сұрақтарға жауап беру жүйесінің құрылымы мен бөліктері. Жалпылаудың модельдері мен әдістері. Нейрондық желілерді құру және оқыту. Нейрондық желіні терең оқыту әдісі. Нейрондық желі технологиясын енгізетін заманауи құралдар. Нейрондық желілердің архитектурасы. Нейрондық желілердің алгоритмдері. Мәліметтерді өңдеуге арналған дайын кітапханалар. Нейрондық желілері бар жүйелерді практикалық жүзеге асыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді меңгерудің мақсаты – магистранттарда жасырын білімді табу мақсатында үлкен мәліметтерді ұйымдастыру және талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Пән аясында келесі аспектілер қарастырылады: магистранттарды үлкен мәліметтер жиынтығын талдау әдістері саласындағы қазіргі жетістіктермен таныстыру. Hadoop жүйесі және оның компоненттері (HDFS файлдық жүйесі, HBASE МҚБЖ, Pig мәліметтер ағымдарын сипаттау тілі, Hive сұраныстарын құру құралы, MapReduce есептеу моделі) және Apache Spark таратылған есептеулер жүйесі.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.