Халықаралық құқық

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

заң ғылымдарының магистрі

Халықаралық құқық Білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, педагогикалық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық құқық, юриспруденция және сыртқы саясат, кәсіби шет тілдері саласында жұмыс істеуге деген сұранысқа ие халықаралық құқық саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. Бағдарлама мемлекеттің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, халықаралық құқық пен сыртқы саясаттың, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, құқық қорғау, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысатын мекемелердің, министрліктер мен ведомстволардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Осы бағдарлама бойынша оқыған түлектер халықаралық құқықтың және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына, мемлекеттік органдардың қызметінде халықаралық құқық принциптерін бұзуға жол бермеу бойынша сараптамалық, аналитикалық, басқарушылық іс-шараларды жүргізе алады; жоғары оқу орындарында халықаралық құқықтық профиль пәндеріндегі педагогикалық функцияларды орындау; халықаралық құқық саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге, ғылыми жарияланымдар мен магистрлік диссертацияларға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жасауға қабілетті болады.

Халықаралық құқық

7M04201

Халықаралық қатынастар

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)