әлеуметтік ғылымдар магистрі
Аймақтық және жаһандық үдерістердің даму тенденцияларын, олардың жаңа теориялары мен тұжырымдамаларын сыни сипатта түсіндіріп, баға бере алатын, ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттарды зерттей отырып, ғылыми-педагогикалық қызметпен сабақтастыра алатын; сараптамалық жұмыс жүргізуге, инновациялық ғылыми әдіснама негізінде халықаралық және аймақтық деңгейдегі мәселелерді зерттеуге қабілетті аймақтану саласында сапалы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
Аймақтану
7M03114
Халықаралық қатынастар
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың теориялық білімі мен дағдыларын қолдана отырып, аймақтануды зерттеу, халықаралық, аймақтық үдерістерді талдау әдістемесі туралы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың эмпирикалық ақпараттарды өңдеудің негізгі әдістерін және әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып, қазіргі аймақтық үдерістердің теориялық және дербес талдауын құру қабілеттерін қалыптастырады. Пән халықаралық және аймақтық үдерістерді талдаудың әдіснамалық мектептері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - макроаймақтық, ұлттық және субаймақтық деңгейлерде әлеуметтік-мәдени коды бар интеграциялық бірлестіктер ретінде аймақтар туралы түсінік қалыптастыру. Оқу курсы заманауи парадигмалар шеңберіндегі жаһандық интеграцияланған аймақтық зерттеудің қазіргі заманғы мәселелері туралы түсінік қалыптастырады. Пән қазіргі заманғы парадигмалар шеңберіндегі зерттеу әдістемесін, ғылыми әдістері мен тәсілдерін зерделеуге, аймақтардың гео-мәдени ерекшеліктерін талдауға және аймақтың әлеуметтік-мәдени портретін қалыптастырудағы логиканы көрсетуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
"Саяси аймақтану" курсының мақсаты қазіргі ғылыми парадигмалар контекстінде саяси аймақтану мәселелерін талдау тәжірибесінде ғылыми білім мен зерттеу әдіснамасы туралы білімді қолдану қабілетін қалыптастыру; саяси аймақтанудың қазіргі парадигмалары контекстінде жаңа идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттардың қауіпсіздік мәселелерін зерттеу және осы саладағы халықаралық және аймақтық үдерістерді талдау әдіснамасы туралы жалпы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың заманауи аймақтық үдерістерді теориялық және өзіндік талдау дағдыларын дамытуға, эмпирикалық ақпаратты өңдеудің негізгі әдістерін көрсетуге және әртүрлі зерттеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастар мен аймақтық интеграция теориялары призмасы арқылы халықаралық және аймақтық процестердің ішкі себептерін, тетіктері мен динамикасын түсіну және тәуелсіз зерттеу (эссе, жобалар, кейстер) барысында аймақтық және халықаралық саяси процестердің дамуын болжай білу.<br/> Бұл курс мына мәселелерді қарастырады: аймақтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының параметрлері мен бағыттары; қауіпсіздік мәселелері (Корея жарты түбегі, Таяу Шығыс, Тайвань бұғазы, Үндістан-Пәкістан, «террорға қарсы жаһандық соғыс»); аймақтық интеграция; этникалық, діни және лингвистикалық негіздегі ұқсастық конфликтілері.<br/> Бұл курс халықаралық қатынастар теориясының тұжырымдамалары мен әдістеріне, салыстырмалы саясаттану және аймақтануға негізделген.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - қазіргі заманғы аймақтық қауіпсіздіктің жүйесіндегі діннің рөлі мәселесіне жаңа көзқарастар туралы түсінік қалыптастыру. Пән діни экстремизм мен фундаментализмнің мемлекеттердің саяси жүйелеріне әсерін зерттеуге; Орталық Азиядағы діни ахуалдың даму тенденцияларын және мемлекеттердің аймақтық және халықаралық ұйымдармен жүргізетін саясатын талдауға;жаһандану жағдайында аймақтардағы және Қазақстан Республикасындағы заманауи конфессиялық динамиканы талдауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарда ақпараттық соғыстар туралы саяси қатынастардың түрлері, ХХІ ғасырдағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің маңыздылығын бағалаудағы негізгі тәсілдер мен қазіргі тенденциялар туралы түсінік қалыптастыру. Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық таралуы; мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін алға жылжытудағы элита мен ақпараттық қоғамның рөлін зерттеуге, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және осы салада ұсыныстар дайындау мүмкіндіктерін жүзеге асыру қабілетін қалыптастырады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - жаһандық даму динамикасы мен қауіпсіздік саясатын анықтайтын акторлар ретінде әлемдік державалардың рөлін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы дүниежүзілік державалардың қауіпсіздік саласындағы жаңа әлемдік тәртіпті құрастыратын жаңа стратегиялық тенденцияларын және олардың мақсаттары мен құндылықтық бағдарларын түсінуді қалыптастырады. Пән қазіргі заманғы күш орталықтарын және әлемдік державалардың стратегиялық маңыздылығының өзгеруінің негізгі себептері мен тенденцияларын зерттеуге, жаңа «күш орталықтарының»/ аймақтық көшбасшылардың пайда болуын түсіндіруге, теориялық және әдіснамалық көзқарастар тұрғысынан «ескі» көшбасшылардың стратегиялық мүдделерімен бірге жаңа көшбасшылардың қауіпсіздік саласындағы мінез-құлық үлгілерінің арақатынасын салыстыруға және зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - Қытайдың Бір белдеу және бір жол тұжырымдамасын алға жылжыту жағдайында қауіпсіздіктің аймақтық өлшемі туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Курс Жаңа Жібек жолындағы қауіпсіздік жағдайын талдауға бағытталған, оған Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының, Қытайдың және АҚШ-тың, ШЫҰ-ның әсерін қарастырады. Оқу курсы магистранттардың Жаңа Жібек Жолының нақты жобалық бағыттары бойынша Жаңа Жібек Жолына қатысты идеялар мен теориялық тәсілдерді жіктей білу қабілетін қалыптастырады. Пән зерттеуге бағытталған: жаңа аймақтанудың дәстүрлі парадигмалары, өзгеріп жатқан Еуразия аймақтық қауіпсіздік архитектурасына жаһандық өзгерістердің әсері; шығыстан батысқа қарай жүретін жаңа тенденциялар мен өзара тәуелділік; SREB аймақтық экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері; халықаралық ынтымақтастық және Жібек жолы дипломатиясының мәселелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі ядролық қауіпсіздік мәселесін зерттеудегі жаңа тәсілдер туралы түсінік қалыптастыру. Пән ядролық қаруды таратпау мәселелері, осы процестегі Қазақстан Республикасының рөлі, бастамалары жайлы түсінік қалыптастырады. Пән ядролық қарудың трансформациясы мен тыйым салу саясатын талдауға; ядролық қару, ядролық материалдардың қауіпсіздігі мен таратылмауы туралы қазіргі заманғы халықаралық-құқықтық талаптар мен нормаларын талдауға; лаңкестік әрекеттерді алдын алудағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - аймақтық ұйымдардың қауіпсіздік саласындағы қызметін талдау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтық ұйымдардың рөлі туралы түсінік қалыптастырады; Еуропа, Азия, Америка, Африка және бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі аймақтық ұйымдардың даму ерекшеліктері мен проблемалары жөнінде түсінік қалыптастырады. Пән аймақтық қауіпсіздік саласындағы халықаралық қатынастардың заманауи теорияларын, қауіпсіздік саласындағы аймақтық ұйымдардың қалыптасуы мен даму кезеңдерін зерттеуге бағытталған. Осы пәнді оқыту барысында магистранттар ұжымдық қауіпсіздік саласындағы әртүрлі ұйымдардың мысалдарын қолдана отырып, аймақтық қауіпсіздік жүйесінің негізгі құрылымдарын игере алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттың аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясаты мен стратегиясына; дерек көздеріне сүйене отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде қазақстандық дипломатиялық қызметке талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ОА елдерінің сыртқы саяси қызметін талдау үшін тарихи, дипломатиялық дереккөздердің табиғатын, шынайылылығын, оның тарихи және ақпараттық деңгейін анықтайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты-Орталық Азия елдерінде болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-мәдени үдерістердің тарихи тәжірибесі мен өркениеттік ерекшелігін ескере отырып, кәсіби түсінігін қалыптастыру. Пән Орталық Азия елдерінің саяси жүйелерінің өзгеру бағытын, деңгейін анықтау үшін мәдени-өркениеттік тәсіл әдісін қолдану қабілетін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - Орталық Азияда болып жатқан үдерістер мен аймақтағы ынтымақтастықтың дамуына әсер ететін факторлар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Оқу курсы негізгі геосаяси идеялар мен тұжырымдамалар, әртүрлі теориялардың негізгі ережелері түсінік қалыптастырады. Пән Орталық Азиядағы ынтымақтастық мәселелерін, аймақтық үдерістерді талдауға, әдіснамалық тәсілдерді қолдануға, интеграциялық үдерістерді аймақтық көзқарас тұрғысынан талдауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарда Орталық Азия аймағындағы су-экологиялық мәселелер саласындағы ғылыми білімдері мен түсініктерін кешенді түрде қалыптастыру болып табылады. Оқу курсы магистранттарда су-экологиялық мәселелерін шешудің және су ресурстарын пайдаланудың экологиялық аспектілерін талдау, табиғи ортаға антропогендік әсерлердің салдарын болжау қабілетін қалыптастырады, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуде ғылыми көзқарас пен экологиялық заңдылық қағидаттарына сәйкес әрекет ету қабілетін дамытады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-халықаралық және аймақтық үдерістердің ішкі себептерін, жүйесін және дамуын түсіну, дербес ғылыми зерттеулерді орындау барысында аймақтық және халықаралық-саяси үдерістердің даму деңгейін болжай білу қабілетін қалыптастыру. Аталмыш курс аймақтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік даму бағыты мен барысын; аймақтық интеграцияның қауіпсіздік мәселелерін, этностық, діни және тілдік негіздегі бірегейлік жанжалдары сияқты мәселелерді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тарихи тәжірибесі мен өркениеттік ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы аймақтық саясат туралы кәсіби түсінік қалыптастыру. Оқу курсы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аймақтық саясатына қатысты жалпы тұжырымдар құрастырады және бағалау қабілетін қалыптастырады. Пән ШЫҰ мүшелерінің ұстанымдары мен әрекеттерінің сыртқы субъектілерге әсер ету дәрежесін талдауға бағытталған; ШЫҰ мемлекеттерінің аймақтық саясатының дамуы мен оның қайта құрылуын болжау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарда қазіргі халықаралық қатынастардағы энергетиканың рөлі туралы жүйелі білім қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін жүйелеу қабілетін қалыптастырады. Пән жетекші орталықтардың энергетикалық саясатын, энергетикалық нарықтардың даму аспектілерін, негізгі ойыншылардың энергетикалық тұжырымдамасын; Қазақстанның халықаралық энергия қауіпсіздігі жүйесіндегі орны мен рөлін зерттеуге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.