философия докторы (PhD)
Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми және басқару қызметі үшін жоғары білікті мамандарды теориялық және эксперименталдық негізде экологияның перспективалы салаларында барабар методологияны таңдай отырып, дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға және өндірісте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дербес басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті табиғи жүйелерді ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерінде экологиялық процестерді зерттеу бойынша сапалы даярлау.
Экология
8D05207
География және табиғатты пайдалану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және аналитикалық мәтіндік қызметпен байланысты коммуникативтік құзыреттілікті кеңейту; докторанттардың прагматикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, коммуникацияның мақсаттары мен шарттарына байланысты ұсынымның қажетті түрін талдай білу және сауатты жүзеге асыру.<br/> Пәннің міндеттері – академиялық жанрлардың ерекшеліктерімен таныстыру (аннотация, реферат, аналитикалық шолу, сондай-ақ ғылыми оқиға (конференция) туралы хабарламалар); мәтіндерді аналитикалық өңдеудің негізгі мақсаттарын анықтау; кәсіби тақырып бойынша мәтіндерді талдауды үйрету. Курсты оқу докторанттарға ғылыми деректер базасында ақпарат іздеуге, мәтіндерді талдауға және реферациялауға, академиялық жазудың әр түрлі жанрларымен жұмыс істеуге байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.; ағылшын тіліндегі ғылыми стильдің ерекшеліктерін білмеу салдарынан әлеуметтік-мәдени қиындықтарды жеңе білуді қалыптастыру үшін орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми мәтіннің салыстырмалы талдауын орындау.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бұл пәннің мақсаты - ғылыми зерттеу әдіснамасының негіздерін игеру, ғылыми білімнің әртүрлі деңгейлерін қарастыру. Зерттеу бағытын таңдауды, ғылыми-техникалық проблемаларды қоюды, теориялық және эксперименттік зерттеулерді, тұжырымдарды ресімдеуге арналған ұсыныстармен қоса, зерттеу жүргізудің кезеңдерін зерттеу. Курс сонымен қатар өнертапқыштықтың, патенттік ізденіс негіздерін қарастыруға бағытталған, сонымен қатар PhD диссертациясын жазу және жоспарлаудың негіздерін қамтиды
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Докторанттарды тірі жүйелердегі энергия түрлендірудің заманауи теориялық білімдерімен және ғылыми жетістіктерімен, жасуша мембраналарының құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуымен, жасушалардың ішінде жүретін негізгі энергия жинақтаушы және энергия тұтынушы процестермен және реакциялармен таныстыру. Білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес білім алушылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытудың ажырамас кезеңі болып табылатын тірі организмдердің биоэнергиясы туралы алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - жүйелі талдау әдістері негізінде экологиялық ақпаратты өңдеу қабілетін қалыптастыру. Әртүрлі дәрежедегі табиғи және табиғи-техногендік экожүйелердің өзгеруін моделдеу және болжау.<br/> Пәнді оқу кезінде қарастырылады: табиғи ортаны моделдеуге арналған модельдер жүйесін немесе моделін таңдау бойынша жүйелік талдау ұсынымдары; сараптамалық бағалауды алу және өңдеу әдістері; сараптамалық бағалаудың негізгі мәселелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты-әртүрлі өнім түрлерін өндірумен байланысты экологиялық мәселелерді анықтау және оларды экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану арқылы шеше білу. Пәнді оқу кезінде қарастырылады: аз қалдықсыз немесе қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері; жаңартылмалы және сарқылмайтын табиғи ресурстарды пайдаланудың инновациялық технологиялары; шикізат және энергетикалық баланстар бойынша өндірістің қалдықсыздығын бағалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқыту мақсаты - қала құрылысы экологиялық жоспарлау мен жобалаудың, қала жағдайында тиімді табиғатты пайдаланудың қазіргі заманғы концепцияларын бағалау және қолдану қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында: қала жағдайындағы экологиялық жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтары; адамзаттың тұрақты даму стратегиясына сәйкес экологиялық қала құрылысы концепциясы; урбанистік кешендердегі табиғи және антропогендік экологиялық процестер және оларды реттеудің мүмкін жолдары қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқыту мақсаты – табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, олардың экономикалық тиімділігін есептеу, экологиялық менеджмент рәсімін жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде қарастырылады: табиғатты пайдалануды басқару жүйесі; табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау және есепке алу әдістері; табиғатты қорғау шараларының экономикалық тиімділігі; кәсіпорындардың әсерінен қоршаған ортаға зиянды есептеу әдістері; табиғи ресурстарды тиімді пайдалану тәсілдері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - Қазақстандағы тиімді мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру механизмдерін талдау, экологиялық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын бағалау қабілетін қалыптастыру.
Пәнді оқу кезінде: экологиялық қауіпсіздікті басқарудың мемлекеттік органдарының функциялары; геопроцестерді жүйелі басқару әдістері; экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету; халықаралық стандарттарды ескере отырып қоршаған ортаға әсерді басқару тәсілдері; экологиялық қауіпсіз өндірістің экономикалық тиімділігі қарастырылады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.