философия докторы (PhD)
географиялық білім беру саласында жаңа ғылыми-тәжірибелік білімдерге ие, инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда оқытудың заманауи педагогикалық әдістері мен ақпараттық технологияларды қолдануға дайын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау
География
8D01503
География және табиғатты пайдалану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - географиялық ғылыми және білім беру салаларында жазбаша және ауызша сөйлеу әрекеті дағдыларын қалыптастыру. Курс ғылыми байланыстың, ғылыми және ғылыми-публицистикалық дискурстың ерекшеліктерімен танысуға бағытталған, академиялық сөйлеуді, ғылыми стильдің ерекшеліктерін, тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеудің негізгі принциптері мен әдістерін, ғылыми сабақтастық пен плагиаттың, академиялық хат алмасудың ерекшеліктерін қарастырады
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы табиғи, әлеуметтік-экономикалық, геоэкономикалық және геоэкологиялық процестерді шешу үшін негізді физиографиялық, экономикалық және географиялық тұжырымдамалар мен кеңістіктік даму заңдылықтарын қалыптастыру, себеп-салдар байланысын анықтау.
Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді:
- географияның қазіргі заманғы мәселелерін зерттеудің қолданыстағы тәсілдерін сипаттау;
- кеңістіктік дамудың іргелі физиографиялық үлгілерін анықтау;
- кеңістіктік дамудың экономикалық және географиялық тұжырымдамаларын сипаттау;
- заманауи географиялық үдерістерге себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;
- тұтастай алғанда әлемдік және жеке елдерде, өңірлердегі экономиканың құрылымында өзгерістерді бағалау;
- аналитикалық сипаттамаларды жасау, негізгі мәселелерді анықтау, олардың тиісті тұжырымдары негізінде құрастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: географиялық ғылымының ішкі құрылымы, географияның ғылым жүйесіндегі орны, географияны дамытудағы үрдістер, географиядағы әдістемелік, мета-теориялық, теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы мәселелер.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты – диссертациялық жұмысты ұйымдастыру кезінде географиялық ғылыми зерттеулердің әдіснамасын қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс ғылыми зерттеу процесінің логикасымен, географиялық зерттеу әдістерінің классификациясымен, ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейімен, ғылыми мәселенің тұжырымдалуы мен тұжырымдамасымен, қолжазба жұмысын жасау әдіснамасымен, диссертация жұмысын ұйымдастыру технологиясымен танысуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - жоғары білім беруде географияны оқыту әдістері мен география ғылымын ұйымдастыруға арналған білім мен дағдылар жүйесін қалыптастыру. ЖОО-да географияның тарихи дамуын талдау, географияны оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын білу; географияның ұйымдастырушылық білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын ашады; жоғары білім географиясының мазмұнын, оның жекелеген компоненттері мен курстарын зерттеу; географияны оқытудың заманауи түрлері мен әдістерін, географиялық білім, білік қалыптастыру әдістемесін ашу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - географиялық білім беру сапасын жоғарылату мәселелерін шешуде дағдыларын қалыптастыру, қолданыстағы әдіснамалық жүйенің өзгеруіне үлес қосу, стандарттау үдерістерімен, мамандандырылған, жеке дамып келе жатқан оқытуға көшу, оның мәдениет бағдарлануын жетілдіру, оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері мен технологияларын оңтайландыру
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - ғылыми кадрлардың геоақпараттық жүйелерінің білім деңгейін арттыру, басқару және қоршаған ортаны қорғау, геоэкология, табиғатты ұтымды пайдалану, жер қойнауын пайдалану, әлеуметтік-демографиялық және экономикалық ресурстарды басқару және басқа да географиялық салалардағы зерттеулерде қолданылатын проблемалық-бағытталған ГАЖ құру.
Пән геониформациялық технологиялар мен ГИС-бағдарламаларды қолдана отырып, жоғары оқу орындарында географиялық дицциплиндерді оқыту әдістерінің теориялық білімдерін қалыптастыруға, сонымен қатар, оқытылатын пәндердің ақпараттық-техникалық базисі ретінде ГИС-технологиясына сүйеніп жаңа әдістемелердің әзірлемелерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қазіргі ғылыми географиялық мектептердің жетістіктері және Дүниежүзілік стандарттау институтының (PMI, IPMA) жобаларды басқару саласындағы халықаралық тәжірибесі туралы теориялық және іргелі білім беру. Менеджменттің негізі ретінде жобалық менеджмент ұғымын түсінудің әдістемелік ерекшеліктері практикалық мысалдар мен тапсырмаларды қолдана отырып, ғылыми жобаларды сәтті басқаруға қажетті негізгі дағдыларды шоғырландыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқу барысында докторанттар білімнің, тәжірибенің және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделген жүйелік ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жобаларды жүзеге асыру барысында үлгілік мысалда жобалар менеджері ретінде шешімдерді таба алады және өңдей алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
«Педагогикалық менеджмент: географиялық білім берудегі инновациялар» пәнін оқу мақсаты – географиялық білім берудің заманауи, инновациялық технологияларын ескере отырып, докторанттардың педагогикалық менеджмент саласындағы білімдері мен дағдыларын кеңейту және тереңдету.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.