Геоинформатика

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

философия докторы (PhD)

Мамандандырылған ҒЗИ, жоғары оқу орындары, ғылыми-өндірістік ұйымдар мен қауымдастықтар, ұлттық және өңірлік жер комитеттері, мемлекеттік басқару органдары мен бейінді министрліктер үшін геоинформатика және Жерді қашықтықтан зерделу саласындағы ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы жоғары білікті кадрларды сапалы даярлау. Бағдарламаны іске асыру төмендегідей мүмкіндігі бар мамандарды қалыптастыруға бағытталған:
– таңдаулы кәсіби салада, оның ішінде оқытушылық қызметте заманауи геоинформатика бойынша білімді, әдістерді және құзыреттілікті өз бетінше алу және түсіндіру;
– қоғам өмірі мен қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау нәтижелерін түсіндіру;
– жеке ғылыми және қолданбалы зерттеулерде аралас ғылыми салалардың қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерін интеграциялау;
– географиялық деректер базасы мен ГАЖ ортада бағдарламалау және Мемлекеттік шаруашылық игеру бағдарламаларын іске асыру кезінде үлкен деректерді талдау қажеттілігін негіздеу;
– инновациялық оқыту әдістерімен қамтамасыз ету негізінде ғылыми-білім беру процесінің тиімділігін арттыру;
– ары қарай ғылыми-зерттеу қызметінің жеке бағдарламасын құру.

Геоинформатика

8D07302

География және табиғатты пайдалану

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)