ғылым магистрі
Өндірістік, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардан қорғау саласында іргелі ғылыми білімі бар, жеткілікті теориялық және практикалық білімі бар және алған білімдерін ғылыми-зерттеу, инженерлік, жобалау, ғылыми-өндірістік және педагогикалық қызметте іске асыруға қабілетті магистрлерді даярлау.
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
7M11201
География және табиғатты пайдалану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1350000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистратура студенттерін ғылым сферасындағы жұмысқа дайындау және оларды ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбекті ұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру, теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау және қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін жобалау қабілетін қалыптастыру. Курс оқытуға бағытталған: түрлі әдістемелерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін есептеу мен жобалаудың негізгі ұстанымдарын, техногенді нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлерін есептеуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерін құрудың негізгі принциптерін.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - техносфераның өндірістік объектілері мен үдерістерінің тәуекелдерін бағалау және басқару қабілетін қалыптастыру. Курс кәсіби тәуекелдерді моделдеуге, төмендетуге, оларды басқаруға, адамға антропогендік әсердің қауіптілік дәрежесін бағалауға, әр түрлі тәуекелдердің критерийлерін меңгеруге, тәуекелді бағалау және алдын алуға арналған қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді; күрделі жүйелердің қатерін көп факторлы талдау және бағалау әдістерін үйретеді.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – техникалық жүйелерді сипаттау және олардың сенімділігін, өміршеңдігін және қауіпсіздігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы техникалық жүйелердің істен шығу себептерінің табиғатын, олардың жиілігін, іркіліс қарқындылығын түсінудің теориялық-практикалық негізін қалыптастырады. Пән техникалық жүйелердің сенімділігін, өміршеңдігін, қауіпсіздігін бағалау әдістерін және олардың жұмысқа қабілеттілігін сақтауды; істен шығу ықтималдығын есептеу тәсілдерін зерделеуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жарылыс-өртке қауіпті өндірістерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жарылыс-өрт қауіпті өндіріс жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсінік қалыптастырады. Пән өрт сөндірудің технологиялық жабдықтарын, жоғары техногенді қауіпті аймақтарды болжау және анықтау тәсілдерін, өрт-жарылыс қауіпті технологиялық процестердің қауіпсіздігін және қорғау объектісінде қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты мақсаты инновациялық техникалық шешімдерді әзірлеу бойынша іскерлікті қалыптастыру; өтінім берілген техникалық шешімдердің негізгі элементтері мен қасиеттерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, салыстыруды орындаумен патенттік құжаттамаға талдау жүргізу; әзірленген инновациялық шешімдерді іс жүзінде енгізу және алынған оң әсерді бағалау бойынша іс жүзінде дағдылану мүмкіндігін беру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ұйымдағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық базасын талдау, сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, аудит жүргізу дағдыларын қалыптастыру; шаруашылық объектісінде, аумақта объектінің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес қадағалау және бақылау шараларын жүргізу мүмкіндігі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – республикадағы және шет елдердегі еңбек жағдайын анықтайтын физикалық, физикалық-химиялық, биологиялық және әлеуметтік - экономикалық процестерді зерттеу қабілетін қалыптастыру. Курс өндірістік ортаның, қауіпті жағдайлар мен қауіпті аймақтардың жағдайын болжау тәсілдерін, аварияға ұшырау, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдарын есепке алу, талдау және болжаудың ғылыми-негізделген әдістерін әзірлеуді зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда аспаптық және есептік әдістердің көмегімен табиғи және техногенді жүйелерге мониторинг жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу пәні мониторинг жүйесінің негізгі ұғымдары туралы түсінік береді. Пән мониторингтің түрлері мен тәсілдерін, қауіпті табиғи құбылыстар мен әлеуетті қаупі бар нысандарды автоматты бақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - төтенше жағдайда өндірістің тұрақтылығы, халық пен аумақты белгілі әдістермен қорғау негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Пән төтенше жағдайда адамның тіршілік әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар мен зілзалалардың салдарын ескерту және жою бойынша шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру, тәуекелдерді болжау, бағдарламалық өнімдермен үдерістерді модельдеу негіздерін үйретеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – адам мен табиғатқа радиациялық және химиялық әсерді нормалау, қолайсыз әсердің шекті деңгейлерін және оларды анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Пән радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды болжаудың әдістемелік негіздерін үйретеді. Пән мазмұнына кіретіндер: атаулы қауіпті нысандардағы авариялар мен апаттардың салдарын жою, олардың алдын алу бойынша шаралар жүргізу, жетекші нормативті актілермен жұмыс.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда ақпараттық жүйелер және технологиялар көмегімен тіршілік қауіпсіздігін басқаруға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған шешім шығару қабілеттерін қалыптастыру. Пән қауіптерді тудыратын көздер мен себептерді басқару жүйесі түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастырады. Пән автоматтандыру құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып алынатын ақпаратқа қатысты операциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылған бірізділігін зерделеуге бағытталған.
Пәнді игеру кезінде келесі аспектілер қарастырылады: автоматтандыру құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып алынатын ақпаратқа қатысты операциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылған бірізділігі.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: