ғылым магистрі
Өндірістік, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардан қорғау саласында іргелі ғылыми білімі бар, жеткілікті теориялық және практикалық білімі бар және алған білімдерін ғылыми-зерттеу, инженерлік, жобалау, ғылыми-өндірістік және педагогикалық қызметте іске асыруға қабілетті магистрлерді даярлау.
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
7M11201
География және табиғатты пайдалану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистратура студенттерін ғылым сферасындағы жұмысқа дайындау және оларды ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбекті ұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру, теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау және қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін жобалау қабілетін қалыптастыру. Курс оқытуға бағытталған: түрлі әдістемелерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін есептеу мен жобалаудың негізгі ұстанымдарын, техногенді нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлерін есептеуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерін құрудың негізгі принциптерін.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты-еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерінің негізінде кәсіптік тәуекелдерді бағалау арқылы өндірістік орта, қауіпті жағдайлар мен қауіпті аймақтар жағдайының параметрлерін болжау қабілетін қалыптастыру. Курс жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігі деңгейін бағалау тәсілдерін, бағдарламалық пакеттерді қолдану арқылы баламаларды салыстыру әдісі арқылы кәсіби тәуекел деңгейін бағалау алгоритмін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – республикадағы және шет елдердегі еңбек жағдайын анықтайтын физикалық, физикалық-химиялық, биологиялық және әлеуметтік - экономикалық процестерді зерттеу қабілетін қалыптастыру. Курс өндірістік ортаның, қауіпті жағдайлар мен қауіпті аймақтардың жағдайын болжау тәсілдерін, аварияға ұшырау, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдарын есепке алу, талдау және болжаудың ғылыми-негізделген әдістерін әзірлеуді зерттеуге бағытталған.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - техносфераның өндірістік объектілері мен үдерістерінің тәуекелдерін бағалау және басқару қабілетін қалыптастыру. Курс кәсіби тәуекелдерді моделдеуге, төмендетуге, оларды басқаруға, адамға антропогендік әсердің қауіптілік дәрежесін бағалауға, әр түрлі тәуекелдердің критерийлерін меңгеруге, тәуекелді бағалау және алдын алуға арналған қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді; күрделі жүйелердің қатерін көп факторлы талдау және бағалау әдістерін үйретеді.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – техникалық жүйелерді сипаттау және олардың сенімділігін, өміршеңдігін және қауіпсіздігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы техникалық жүйелердің істен шығу себептерінің табиғатын, олардың жиілігін, іркіліс қарқындылығын түсінудің теориялық-практикалық негізін қалыптастырады. Пән техникалық жүйелердің сенімділігін, өміршеңдігін, қауіпсіздігін бағалау әдістерін және олардың жұмысқа қабілеттілігін сақтауды; істен шығу ықтималдығын есептеу тәсілдерін зерделеуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – сынама алу және сынама дайындау, жанғыш заттар мен жану өнімдерінің құрамын тіркеу және бақылау, бақылауды метрологиялық қамтамасыз ету қабілеттерін қалыптастыру.
Пәннің арналуы. Ғылыми зерттеулерде өлшеу техникасын пайдалану дағдыларын түзеді.
Пәнді игеру кезінде келесі аспектілер қарастырылады: объектілерді талдау, өртті бақылау және мониторинг жүргізу, эксперимент нәтижелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жарылыс-өртке қауіпті өндірістерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жарылыс-өрт қауіпті өндіріс жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсінік қалыптастырады. Пән өрт сөндірудің технологиялық жабдықтарын, жоғары техногенді қауіпті аймақтарды болжау және анықтау тәсілдерін, өрт-жарылыс қауіпті технологиялық процестердің қауіпсіздігін және қорғау объектісінде қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты мақсаты инновациялық техникалық шешімдерді әзірлеу бойынша іскерлікті қалыптастыру; өтінім берілген техникалық шешімдердің негізгі элементтері мен қасиеттерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, салыстыруды орындаумен патенттік құжаттамаға талдау жүргізу; әзірленген инновациялық шешімдерді іс жүзінде енгізу және алынған оң әсерді бағалау бойынша іс жүзінде дағдылану мүмкіндігін беру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - табиғи ресурстардың және қоршаған ортаның басқа да компоненттерінің сапасын бақылау саласында студенттердің өзіндік қызмет дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы қоршаған ортаны қорғау техникасы мен технологиясын қолданудың теориялық-практикалық негізін түзеді. Пән экологиялық мониторинг, экспресс-талдау әдістерін, қоршаған ортаның жағдайын биологиялық және қашықтықтан бақылау әдістерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- магистранттарда ақпараттық жүйелер және технологиялар көмегімен тіршілік қауіпсіздігін басқаруға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған шешім шығару қабілеттерін қалыптастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: ақпараттық жүйелер және технологиялар көмегімен тіршілік қауіпсіздігін басқаруға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған шешім шығаруға.
Пәннің арналуы. Қауіптерді тудыратын көздер мен себептерді басқару жүйесі түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастырады
Пәнді игеру кезінде келесі аспектілер қарастырылады: автоматтандыру құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып алынатын ақпаратқа қатысты операциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылған бірізділігі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ұйымдағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық базасын талдау, сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, аудит жүргізу дағдыларын қалыптастыру; шаруашылық объектісінде, аумақта объектінің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес қадағалау және бақылау шараларын жүргізу мүмкіндігі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – республикадағы және шет елдердегі еңбек жағдайын анықтайтын физикалық, физикалық-химиялық, биологиялық және әлеуметтік - экономикалық процестерді зерттеу қабілетін қалыптастыру. Курс өндірістік ортаның, қауіпті жағдайлар мен қауіпті аймақтардың жағдайын болжау тәсілдерін, аварияға ұшырау, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдарын есепке алу, талдау және болжаудың ғылыми-негізделген әдістерін әзірлеуді зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда аспаптық және есептік әдістердің көмегімен табиғи және техногенді жүйелерге мониторинг жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу пәні мониторинг жүйесінің негізгі ұғымдары туралы түсінік береді. Пән мониторингтің түрлері мен тәсілдерін, қауіпті табиғи құбылыстар мен әлеуетті қаупі бар нысандарды автоматты бақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді меңгерудің мақсаты – қауіпті табиғи және техно-табиғи процестердің көрініс беруінен туындаған төтенше жағдайлардың (ТЖ) өндірістік мониторингін және мониторингін практикалық ұйымдастыруға қабілетті магистранттың кәсіби даярлығын қамтамасыз ету.
Адамдарға және олардың қоршаған ортаға қауіп-қатерлердің өсуін болжау мақсатында табиғатта және техносферада болып жатқан құбылыстар мен процестерді үздіксіз бақылау жүйесін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - төтенше жағдайда өндірістің тұрақтылығы, халық пен аумақты белгілі әдістермен қорғау негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Пән төтенше жағдайда адамның тіршілік әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар мен зілзалалардың салдарын ескерту және жою бойынша шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру, тәуекелдерді болжау, бағдарламалық өнімдермен үдерістерді модельдеу негіздерін үйретеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – адам мен табиғатқа радиациялық және химиялық әсерді нормалау, қолайсыз әсердің шекті деңгейлерін және оларды анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Пән радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды болжаудың әдістемелік негіздерін үйретеді. Пән мазмұнына кіретіндер: атаулы қауіпті нысандардағы авариялар мен апаттардың салдарын жою, олардың алдын алу бойынша шаралар жүргізу, жетекші нормативті актілермен жұмыс.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде табиғи және техногендік жүйелерде адам өмірі мен техногендік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандарды дайындау.
Заманауи талаптарды ескере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салалық объектілердің тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда халықтың өмірін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-басқару міндеттерін шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүйелеуге қажетті практикалық дағдыларды меңгеру; ресурстарды көп қажет ететін өндірістер мен процестерге тән қауіптерді, олардың көздерін, деңгейлері мен пайда болу себептерін анықтау; төтенше жағдайларда потенциалды қауіпті өндірістердің тұрақтылығын арттыру бойынша профилактикалық іс-шаралардың негізгі бағыттарын әзірлеу
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу, жобалау, әдістемелік, басқару және мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыруға қабілетті, осы салада заманауи және инновациялық технологияларды игеруде кәсіби құзыреттілігі бар жоғары білікті магистрлерді дайындау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда ақпараттық жүйелер және технологиялар көмегімен тіршілік қауіпсіздігін басқаруға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған шешім шығару қабілеттерін қалыптастыру. Пән қауіптерді тудыратын көздер мен себептерді басқару жүйесі түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастырады. Пән автоматтандыру құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып алынатын ақпаратқа қатысты операциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылған бірізділігін зерделеуге бағытталған.
Пәнді игеру кезінде келесі аспектілер қарастырылады: автоматтандыру құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып алынатын ақпаратқа қатысты операциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылған бірізділігі.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.