ҚР Сот-сараптама қызметі үшін білікті кадрлар даярлау. Білім беру бағдарламасы сот филологиялық сараптама бойынша біліктілік талаптарына сәйкес жасалған. Бағдарлама маман профессиограммасын қалыптастыруға бағытталған:
- «Сот филологиялық сараптамасы» саласында дербес сот-сараптамалық зерттеу жүргізу;
- өз зерттеулерінің нәтижелеріне баға беру және олардың дәлелдік материалдар жүйесінде маңыздылығын анықтау;
- лингвомәдениеттану, лингвопрагматика, дискурс және лингвистиканың басқа да жаңа бағыттарынан білімдерін сараптық зерттеулер әдістемесіне біріктіру, апробациядан өту және сараптау практикасына енгізу;
- экспертологияның осы саласын дамыту үшін теориялық және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру;
-әрі қарай оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.
Сот филологиялық сараптамасы
7M04222
Заң