экономика ғылымдары магистрі
«Экономика» білім беру бағдарламасының мақсаты - академиялық және қолданбалы экономикалық мәселелерді, академиялық және аналитикалық салаларда шешу үшін қажетті жүйелік талдау мен әдіснамалық сауаттылық дағдыларына ие экономика саласындағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау. Бағдарлама кәсіби тұлғаның мамандарын қалыптастыруға бағытталған:
- аналитикалық жұмыстың эконометрикалық-статистикалық әдістерін түсіну және түсіндіру;
- сыртқы сауда және халықаралық бизнес саласында компанияның коммерциялық, инвестициялық, өндірістік саясатын ұйымдастыруға қатысу;
- аналитикалық жұмыстың үлгісін əзірлеу, енгізу жəне түзету, əр түрлі əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне төтенше жағдайларда шешім қабылдай алу қабілеттілігіне ие болу;
- желілік модель мен үрдісті құру үшін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің статистикалық үлгісін талдау және жинақтау;
- Ұлттық экономиканың және / немесе аймақтың жағдайын болжау.
- оқу бағдарламаларының орындалуын, оқу процесінің барлық бағыттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- көшбасшылықтың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлесімін қамтамасыз ету, қызметкерлердің тиімділігін арттыру үшін материалдық және моральдық ынталандыру принциптерін қолдану;
- білім беру ұйымының немесе құрылымдық бөлімшенің тиімділігі үшін инновациялық технологияларды енгізу мен тартуды қамтамасыз ету.
Экономика
7M04102
Экономика және бизнес жоғары мектебі
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Өнеркәсіпті ұйымдастыру теориясы бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған зерттеу нәтижелері, теориялық үлгілерді қолдану үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру. Пән магистранттардың өндірістің қызмет етуінің ұйымдастырушылық принциптері, өндірістік процестер мен жүйелерді талдау, өндірісті оңтайландыру әдістері, сапаны басқару және еңбек өнімділігін арттыру туралы түсініктерін дамытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – эконометриялық модельдеу есептерін шешуде эконометриялық модельдерді, қолданбалы бағдарламалық кешендерді қолдану дағдысын қалыптастыру. Пән экономикадағы уақыттық қатарларды талдау әдістерін және оларды экономикалық құбылыстарды болжау мен бағалау үшін қолдануды үйренуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: фирмадағы тәуекелдерді талдау үшін экономикалық жүйелерді ұйымдастыру және басқару принциптерін/құралдарын/әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру.<br/> Курста қауіп-қатерлердің анықтамасы, тәуекелдерді талдау, қаржылық қауіпсіздікті басқару зерттеледі.<br/> Курс магистранттарға бизнесті қорғау механизмдері мен құралдары туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ тәуекелдерді талдау және қорғау стратегияларын әзірлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты – ғылыми жобаның құрылымын құру, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Пән магистранттарды экономикада қолданылатын негізгі зерттеу әдістерімен таныстыратын курс болып табылады. Бұл курс эмпирикалық зерттеулер жүргізу және экономикалық мәліметтерді талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – экономикалық теорияның іргелі мәселелерін анықтау үшін экономикалық талдаудың теорияларын/әдістемелерін пайдалану қабілетін дамыту. Пән магистранттарды экономика саласындағы негізгі заманауи теориялар мен тұжырымдамалармен таныстыратын курс болып табылады. Пән экономикадағы соңғы зерттеулер мен әзірлемелерге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: деректерді талдау және жаңа бағдарламалық өнімдерді әзірлеу үшін Python тілінің негізгі құрылымдарын зерттеу.
Пән деректерді талдау және пайдалы ақпаратты алу үшін статистикалық әдістерді қолдану үшін Python бағдарламалаудың негізгі тұжырымдамаларын қамтиды. Курс барысында магистранттар мәліметтердің әртүрлі түрлерімен жұмыс істейді, енгізу-шығару және бүтін арифметикалық есептерді шешеді, Python стандартты кітапханасын меңгереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: мәліметтерді өңдеуге арналған SQL, Tableau құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру, болжамдық модельдерді құру.
Пән реляциялық мәліметтер қоры түсінігін оқуға бағытталған; дерекқор деректеріне түрлендіру үшін SQL қолдану; нақты мәселені шешуде талдау әдісін таңдауды негіздеу; жиынтық көріністер мен талдаулар үшін жинақталған сұраныстарды қалыптастыру, Tableau көмегімен деректерді визуализациялау
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: инновациялық кәсіпкерлік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін қолдану, қаржыландырудың негізгі нысандарын басқару дағдыларын қалыптастыру.
Пән магистранттарды инновациялар арқылы бизнесті дамытудың негізгі принциптерімен және әдістерімен таныстыруға бағытталған. Пән магистранттарға бүгінгі бәсекелестік ортада бизнесті табысты басқару және дамыту үшін қажетті дағдылар мен білімдерді дамытуға көмектеседі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: инновациялық жобаларды негіздеуде инвестицияны экономикалық бағалау әдістерін қолдану дағдысын қалыптастыру.
Пән магистранттарға инвестициялық жобаларды бағалау және талдау, тәуекел және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау үшін қолданылатын әдістер мен құралдарды үйретуге арналған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – экономикалық субъектілердің инновациялық мінез-құлқын талдаудың негізгі принциптері мен тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Магистранттар бизнес секторындағы менеджмент пен инновацияны оқиды. Пән инновацияларға және кәсіпорындардың инновациялық мінез-құлқына қатысты тұжырымдамалар, теориялар мен тәжірибелер туралы түсінікті дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: симметриялы емес шарттық қатынастар саласындағы жағдаяттарды модельдеу және талдаудың негізгі әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру.
Пән келісім-шарт теориясы саласындағы негізгі экономикалық мәселелерді қамтиды. Магистранттар шарттың белгілі бір түрінің тапсырмалары негізінде қажетті зерттеу әдістерін ажыратады және нәтижелерді бағалайды, қолда бар мәліметтерді ескере отырып, талдайды және түсінеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Магистранттардың сценарийлік болжау үшін экономикалық алғышарттар, кеңістіктік экономика модельдері туралы берік білімдерін қалыптастыру. Пәннің бір бөлігі ретінде магистранттар кеңістіктік экономика теориясын: әртүрлі аймақтардағы экономикалық қызметті талдаудың негізгі тұжырымдамаларын, модельдерін және тәсілдерін, аймақтық дамуды, аймақтық саясат пен жоспарлау деректерін кеңістіктік талдауды зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Көлеңкелі қызметтің даму себептерін анықтау, экономикалық қылмыспен күресу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Пән ресми саладан тыс жүзеге асырылатын және ресми статистикада көрсетілмейтін экономикалық қызметті зерттейді. Институционалдық көзқарас көлеңкелі экономиканы оның жұмыс істеуін анықтайтын және дамуына әсер ететін институционалдық факторлар тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – кәсіпорынның теориялық және қолданбалы микроэкономикалық талдау білімін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән мемлекеттік саясаттың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микроэкономикалық мінез-құлқы мен нәтижелеріне әсерін зерттейді. Курс ең жақсы саяси шешімдер мен іс-шараларды анықтау үшін микроэкономикалық теория принциптеріне негізделген.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: озық макроэкономикалық модельдер мен макроэкономикалық талдау әдістері туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру.
Пән макроэкономикалық жүйені зерттеуге және оның болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін формальды математикалық модельдерді әзірлеуді қамтиды. Осы пәннің аясында магистранттар макроэкономикалық құбылыстар мен процестерді талдау және модельдеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Экономикалық агенттердің мінез-құлқы туралы кешенді білімді және микроэкономикалық талдау дағдыларын қалыптастыру.
Микроэкономикалық талдау – экономикалық теория мен талдауды зерттеудің неғұрлым жетілдірілген және тереңірек деңгейі. Пән магистранттарды анағұрлым күрделі модельдермен және теориялық тұжырымдамалармен таныстыруға, сондай-ақ оларды эмпирикалық күрделі экономикалық мәселелерді талдауға қолдануға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты: тәуекелдің мәні мен тұжырымдамасын, теориялық және практикалық материал негізінде тәуекелдердің түрлері мен жіктелуін оқып үйрену, тәуекелдерді басқару саласындағы білімді игеру.
Курста экономикалық қызметтегі тәуекелдер түсінігі, тәуекелді қалыптастырушы факторлар, тәуекелдерді талдау принциптері, тәуекелдерді басқару әдістері, тәуекелді төмендету жолдары, жобаларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді есепке алу, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.