техника ғылымдарының магистрі
Өлшеудің сенімді нәтижелерін алудың заманауи әдістеріне негізделген өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін метрологиялық қызметтің терең білімі мен практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Метрология
7M07503
Физика-техникалық
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми білім өндіруге бағытталған ерекше қызметтің заңдылықтары мен даму тенденциясын зерттеу. Ол тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Курс арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы туралы білім қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Пән ғылыми зерттеулер жүргізу процесін; мақсаттары мен міндеттеріне барабар зерттеу әдістерін таңдауды; ғылыми құжаттамаға қойылатын талаптарды; ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалану үрдістері мен перспективаларын; ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру процесін зерделеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Thomson Reuters, Scopus базасында жариялау үшін мақалаларды дайындау дағдыларын қалыптастыру.<br/> Мазмұны: академиялық ғылыми мәтіннің ерекшеліктері. Мақала зерттеу жобасының өнімі ретінде. Жаңалық мәселесі. Сандық және сапалық зерттеулердің нәтижелері бойынша мақалаларды дайындау ерекшеліктері. Ғылыми мәтінді құрудың негізгі алгоритмі: тезис - дәлел-қорытынды. Ғылыми мәтіндегі дәйексөз. Плагиат.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды, дәріскерлік, кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілерін бақылауға қойылатын заңнамалық талаптардың құқықтық білімін қалыптастыру. Мазмұны: мемлекеттік метрологиялық бақылауды (ММБ) жүргізудің заңнамалық негіздері. Нарықтық экономика субъектілерін тәуекел дәрежесі бойынша бағалау және жатқызу қағидалары. Мемлекеттік инспекторлардың лауазымдық міндеттері мен құқықтары. ММБ өткізу кезеңдерін жоспарлау. Нұсқамалар мен тексеру актілерін жасау, әкімшілік айыппұлдар салу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылым мен техниканың дамуы жағдайында метрологияның мәселелері мен қазіргі жағдайына тұтас көзқарасты қалыптастыру. Мазмұны: Метрология және сапа менеджменті саласындағы мемлекеттік саясат. Халықаралық тәжірибе. Метрология мәселелері. Өлшеу әдістері мен құралдарын жетілдіру. Метрологияның жағдайы және болашағы. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің даму стратегиясы және оны жүзеге асыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде белгісіздікті бағалау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. <br/> Мазмұны: өлшемдердегі белгісіздікті бағалаудың практикалық есептеулері. Өлшеу белгісіздігін бағалау үшін Монте-Карлоның статистикалық модельдеу әдісі. Белгісіздікті есептеу үшін электрондық кесте әдісі. Өлшеу нәтижесіне байланысты белгісіздікті көрсету. Белгісіздіктерді қорытындылау. Кеңейтілген белгісіздік.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу және өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде өнім өндіруді технологиялық дайындау дағдыларын дамыту. Мазмұны: Метрологиялық сараптаманың заңнамалық және нормативтік базасы. Техникалық құжаттаманың метрологиялық сараптамасы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Техникалық құжаттаманың метрологиялық сараптамасының мәселелерін шешуге арналған ақпараттық-өлшеу технологиялары.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ресурстарды үнемдеу және экологиялылық критерийлері бойынша технологияларды пайдаланудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру технологиялық процестердің сенімділігін талдау принциптері.
Мазмұны: Өндірістегі "Жасыл" технологиялар. Оларды енгізу ерекшеліктері. Индикаторлар. Экологиялық күн тәртібі және іске асыру. "Жасыл" технологияларға көшудің проблемалары мен перспективалары. Жобалау шешімдерінің шығындары мен сенімділігін бағалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесіне сенімділік инженерлік әдістерін енгізудің әдістемелік және тәжірибелік аспектілерін жүйелеу.
Мазмұны: Сенімділік теориясының негізгі түсініктері. Сенімділіктің сандық көрсеткіштері және сенімділіктің математикалық модельдері. Қолданбалы сенімділік мәселелері. Техникалық жүйелердің тәуекелдерін бағалау. Инженерлік жүйелердің сенімділігін қамтамасыз ету шаралары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: қоршаған ортаны тұрақты басқару үшін кеңістіктік-уақыттық экологиялық бақылау жүйесі ретінде экологиялық мониторинг жүргізу. Мазмұны: Қоршаған орта мониторингінің ғылыми-құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері. Мониторинг жүйелері мен қызметтері. Қоршаған ортаны бақылаудың ғаламдық жүйесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық мониторингі. Экологиялық модельдеу және болжау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарда метрологиялық қамтамасыз ету құзыреттерін және кәсіпорынның метрологиялық қызметін қалыптастыру.
Мазмұны: Метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми-техникалық негіздері. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және бағдарламалық құралдары. Берілген дәлдіктегі жұмыс және эталондық өлшеу құралдары. Өлшеу жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: болашақ инженер-метрологияны өлшеулерді, бақылауды және сынауды автоматтандырудағы ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге дайындау. Мазмұны: Өлшеу мен бақылауды автоматтандырудың міндеттері мен құрамдас бөліктері. Автоматты бақылау-өлшеу аспаптарын техникалық қамтамасыз етудің негізгі элементтері. Автоматты өлшеу және бақылау аспаптарына арналған бағдарламалық қамтамасыз ету. Автоматты өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін өнімнің сапа көрсеткіштерін бақылау кезінде метрологиялық талаптарды қамтамасыз ету үшін стандартты өлшем құралдары мен жүйелерінің параметрлері мен сипаттамаларын талдау дағдыларын дамыту. Мазмұны: Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасы. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу процестерін метрологиялық растау және жүзеге асыру. Өлшемдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар. Өлшеу сәйкессіздіктерін басқару.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: білім алушыларда экспериментті жоспарлау әдістерін және оның нәтижелерін зерттеу объектілеріне талдаудың статистикалық әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: өлшеу экспериментін жоспарлау теориясы. Зерттеу объектілеріне сыртқы факторлардың әсері. Регрессиялық талдау. Эксперименттердің нәтижелерін талдау үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. Бір факторлы және көп факторлы экспериментте қателерді өңдеу және бағалау әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: метрология саласында өнімнің өмірлік циклін ақпараттық қамтамасыз ету құзыреттерін дамыту.
Мазмұны: Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің өмірлік циклінің ақпараттық ортасы. CALS тұжырымдамасы, стратегиясы және технологиялары. CALS стандарттары және негізгі технологиялары. Виртуалды кәсіпорындар. CALS жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік. Өндірістік жүйелердегі ақпараттық ресурстарды пайдалануды талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: бақыланатын термофизикалық процестердің параметрлері туралы сенімді ақпарат алу және физикалық-техникалық өлшемдер мен аспаптардың қателіктерін бағалау дағдыларын дамыту. Мазмұны: Жылу өлшемдері және аспаптар. Термофизикалық параметрлерді өлшеу әдістері. Жылу қуаты мен шығынын өлшеу. Эксперименттік зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз ету. Өлшеудегі қателерді бағалау және есепке алу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: заманауи өндірістегі технологиялық процестердің сапасын басқару саласында болашақ мамандардың жүйелі білімдерін дамыту.
Мазмұны: Сапа менеджменті тәсілдерінің эволюциясы. Энергетика саласындағы сапаны басқарудың заманауи жүйелері, әдістері, құралдары. Энергетика саласындағы технологиялық процестердің сапасын басқару бойынша ұйымның қызметін жетілдіру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету кезінде диагностика және техникалық бақылау үшін электротехникалық өлшеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Электр өлшеу тізбектері. Ток және кернеу түрлендіргіштері. Электр өлшеу құралдары мен құрылғылары. Электрондық, сандық өлшеу құралдары және аналогты-сандық түрлендіргіштер. Әртүрлі электрлік сипаттамалардың өлшемдерін есептеу және өңдеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: энергетикалық зерттеулер жүргізу дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Энергетикалық зерттеулердің әдістемесі. Өнеркәсіптік кәсіпорында энергия тұтынуды есепке алу. Энергия паспорты және энергия үнемдеу бағдарламасы.
Бірінші және екінші деңгейдегі энергетикалық аудитті жүргізу әдістемесі. Аспаптық тексеру. Энергия аудитін техникалық қамтамасыз ету.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.