Ядролық физика

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

философия докторы (PhD)

Жоғарғы оқу орындарындағы білім беру саласына, ядролық физика саласындағы отандық және шетелдік ғылыми орталықтарға жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бағдарлама кәсіби тұлғаның келесі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған:
- заманауи жетістіктерді сыни талдау және бағалау, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде, оның ішінде пәнаралық бағыттарда жаңа идеяларды қалыптастыру;
- ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерін шешу үшін қазақстандық және шетелдік ғылыми топтардың жұмысына қатысу;
- мемлекеттік және шет тілдеріндегі ғылыми қоғамның заманауи әдістері мен технологияларын қолдану;
- өздерінің кәсіби және жеке даму мәселелерін жоспарлау және шешу;
- заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ядролық физика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асыру;
- өздігінен атом ядроларының құрылымы мен қасиеттерін, ядролық реакцияларды, ядролардың орташа аралық және жоғары энергиялардағы элементар бөлшектер сәулелерімен өзара әрекеттесуін, сондай-ақ астрофизикалық құбылыстардағы ядролық өзара әрекеттесудің рөлін анықтауға арналған теориялық модельдерді дербес әзірлеу;
- өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында бөліну және ядролық синтезделу физикасын атап айтқанда, өте ауыр элементтердің синтезін, сонымен қатар атомаралық және молекулааралық физиканы және мюон катализі физикасын зерттеудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу;
- өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында, ядролық және ғарыштық сәулелер физикасында зерттеуге арналған жаңа тәжірибелік қондырғылар мен жабдықтарды құрастыру және жасау;

Ядролық физика

8D05308

Физика-техникалық

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

2200000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)