философия докторы (PhD)
Бағдарлама ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда, конструкторлық және жобалау бюроларында, фирмалар мен компанияларда, білім беру мекемелері мен мемлекеттік басқару органдарында сұранысқа ие, астрофизика саласында іргелі білімі бар, мықты эксперименттік және теориялық негізге сүйене отырып, ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Физика және астрономия
8D05307
Физика-техникалық
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән – жоғары дәрежелік астрономиялық басылымдарда ғылыми еңбектер мен зерттеу нәтижелерін сәтті жариялау үшін қажет, докторанттардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Методикалық нұсқаулар логикалық құрылымды тұрғызу, ғылыми идеяладры түсінікті жеткізу, кестелерді, формулаларды, графиктерді жобалау, тіл ерекшеліктерін, стилистикалық құрылымдарды, етістіктер мен тыныс белгілерін ұтымды қолдануға сай берілген. Ғылыми астрономиялық қоғамдастықпен, рецензенттермен пікір алмасудың ерекшеліктері қарастырылады, астрономиялық зерттеулер нәтижелерін дұрыс көрсете алу мен жұмысты қарастыру, сынау кезеңдеріндегі мінез-құлық этикасына назар аударылады. Жариялауға ұсыну кезінде жұмысты сынау уақытында қажет, нақты әрекеттер мен алгоритмдері келтірілген. LaTeX бағдарламасы мен жұмыс істеу мысалдары, сонымен бірге халықаралық астрономиялық деректер жүйесін қолдану құралдары талданады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Астрофизиканың өзекті мәселелерін шешу және зерттеу нәтижелерін рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялау барысында бейсызық физиканың заманауи әдістерін қолдану қабілетін қалыптастырып, динамикалық жүйелерді талдауға дағдылау – пәннің негізі. Оқу барысында астрофизикалық сигналдарды корреляциялық, информациялық-энтропиялық, вейвлеттік, фракталдық және мультифракталдық талдау әдістері және олардың қоладу реті толығырақ қарастырылады. Морфологиялық құрылымдарды модельдеуге және диссипативті жүйелерде бейсызықтылық туғызатын негізгі механизмдер мен фундаменталды әсерлерді зерттеуге назар аударылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Байланыс жүйелері, каналдары, және осы арқылы қабылданған мәліметтермен жұмыс істеу кезінде информация теориясын қолдана отырып зерттеу дағдысын қалыптастыру – пәннің мақсаты. Астрономиялық жүйелердегі шуды азайту әдістері және оларды сүзу қарастырылады. Гравитациялық толқындарды интерферометрлерде тіркеу үшін қолданылатын келістірілген сүзгілеу әдістері түсіндіріледі. Шуыл параметрі белгісіз сигналдардың сигнал/шуыл қатынасы (SNR) мен информация/энтропия коэффициенттерін (IER) жақсарту әдістері пән мазмұнын құрайды. Пәннің аясында алынған дағдылар ғылыми жұмыстарды жариялау кезінде эксперименттердің қателіктерін бағалау үшін қолданылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән – астрофизикалық мәліметтерді жинау және талдау, ғылыми өнімдерді (суреттер мен спектрлерді) синтездеу және астрономиялық объектілердің физикалық қасиеттерін анықтау әдістерін қолдану арқылы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының бөлігі болатын, астрономиялық зерттеулер мен бақылауды жоспарлауға жүйелі көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Зерттеу әдістері кафедраның бағытына сәйкес қарастырылады, негізгі платформа ретінде халықаралық астрономиялық деректер жүйесімен жұмыс жасаудың құралдары мен техникалық дағдылары қолданылады. Пәнде астрофизикалық құбылыстарды зерттеуде теорияларды қолдану, процесті модельдеу, гипотезаны тексеру және жаңа білімді синтездеу қарастырылады. Негізгі тақырыптар: ғылыми әдіс және этика; астрономиялық мәліметтер базасы, мәліметтер форматтары мен каталогтар; статистикалық өңдеу және сигналды анықтау; ғылыми байланыс пен әдебиетті іздеу; деректерді талдау және өлшеу қателіктері; көп толқындық зерттеулер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән – айнымалы жұлдыздарды жіктеу және олардың бақыланатын фотометриялық және спектрлік сипаттамалары арқылы эволюциялық жасын анықтау дағдыларын дамытуға арналады. Жұлдыздардың химиялық құрамның және физикалық құрылысының уақыт бойынша эволюциясы, қалыптасу мәселелері, айнымалы жұлдыздардың сипаттамаларының өзгеруіне жауап беретін физикалық процестер қарастырылады. Берілген білім жүйеленіп, эволюциялық диаграммаларға біріктіріледі. Бұл докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметінде гипотезаларды тексеру үшін қолданылып, сонымен қатар мұғалім ретінде оқыту жүргізудің негізі болып қолданыс табады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ғаламда байқалатын масштабты, гравитациялық байланысқан құрылымдарды модельдеу және физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлінеді. Курстың эксперименттік базасы астрономиялық бақылаулар мен Ғаламдағы бариондық заттардың таралу қасиеттерін зерттейтін мәліметтер базасынан тұрады. Үлкен масштабты құрылымның қалыптасуы, реликтілік сәулеленумен байланысы, күңгірт энергия мен жасырын масса әсерлері, сонымен қатар құрылымдар мен құбылыстардың өзара әрекеттесуі қарастырылады. Пәннің бір бөлігі ретінде фракталдық әлем гипотезасы тексеріледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Космологиялық модельдерді қолдану дағдыларын дамытумен қатар қол жетімді бақылауларды осы модельдермен болжалынған Әлемнің қасиеттерімен салыстыру пән негізін құрайды. Қазіргі заманғы космологияның өзекті мәселесі Әлемнің үдемелі кеңейуі мен бұл процесстегі күңгірт энергияның рөлі қарастырылады. Хаббл заңы бойынша галактикалардың алыстау жылдамдықтары және қисықтық дәрежеге ие кеңістіктегі сәулелену толқындары мен гравитациялық толқындардың таралуы геометриялық тұрғыдан түсіндіріледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Жұлдыздар эволюциясының іргелі теорияларына негізделген жанама жорамалдар арқылы жұлдыздардың физикалық параметрлерін анықтау қабілетін қалыптастыру қарастырылады. Пәнде Герцшпрунг-Рассел диаграммасындағы эволюциялық тректер түріндегі жұлдыздардың ішкі қабаттарында және атмосфераларында болатын физикалық процестер, физикалық күйі, ішкі құрылымдары мен әртүрлі массадағы жұлдыздардың бақыланатын қасиеттері: температуралары, жарықтылық пен химиялық құрамдары туралы терең білім беріледі. Бұл іргелі мағұлыматтар докторанттардың ғылыми зерттеулерінде, жұлдыздар физикасы негіздері сияқты пәндерді оқытуда және жұлдыздардың эволюциясын зерттейтін ғылыми жұмыстарға сараптамалық баға беруде қолданыла алады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.