философия докторы (PhD)
Ғылым, білім және өнеркәсіп үшін салалық ғылымның тереңдетілген әдістемелік және теориялық негіздерін білетін, өзінің кәсіби қызметінің саласында қолданбалы міндеттерді шешу үшін жұмыс тобының басқарушысы мен сарапшы дағдыларын меңгерген және инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізуге бағдарланған; сәйкес кәсіби біліммен және тәжірибелік дағдылармен, техникалық физиканың таңдалмалы саласында теориялық және экспреименталды зерттеулерге қабілетті және дайын еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын физика-техникалық бейіннің жоғары білікті ғылыми, ғылыми –педагогикалық және инженерлік кадрларын дайындау.
Техникалық физика
8D05303
Физика-техникалық
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Жетекші рецензияланатын халықаралық басылымдардың талаптары бойынша ғылыми-техникалық жұмыстар түрінде ғылыми талдау және қазіргі заманғы АКТ арқылы бейінді салада іргелі және қолданбалы нәтижелерді ұсыну техникасын дамыта отырып, ғылыми-зерттеу қызметін басқару дағдыларын қалыптастыру.<br/> Мазмұны: Ғылыми еңбек әдіснамасының негіздері. Ғылыми мақаланың құрылымын жоспарлау және анықтау. Әдеби іздеу үшін мәліметтер базасын пайдалану.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Ғылыми зерттеулердің принциптері, негізгі ұғымдары мен заңдары, сондай-ақ терминология, мазмұны мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру және таңдалған дайындық бағыты бойынша техникалық физикадағы ғылыми зерттеулерді басқару.<br/> Мазмұны: Ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен әдістері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері, экспериментті жоспарлау және жүргізу, өлшеу нәтижелерін өңдеу. Ғылыми зерттеу нәтижелері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Жоғары турбуленттілік жағдайында сұйық отын тамшыларының ыдырау, дисперсия, булану және жану процестерін зерттеу және осы процестің оңтайлы параметрлерін анықтау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.<br/> Мазмұны: Жоғары турбуленттілік кезіндегі тамшылардың ыдырауы, дисперсиясы және булануының статистикалық моделі. Жану камерасында сұйық отынның жану процесінің оңтайлы параметрлерін анықтау. Көпағыншалы бүркудің ерекшеліктері. Практикалық іске асыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Энергетикалық отынның жануы кезінде жүретін жылу және масса алмасу процестерінің аэродинамикалық және жылуфизикалық сипаттамаларын зерттеу дағдыларын дамыту және 3-D модельдеу әдістерін және тиімді есептеу алгоритмдерін қолдана отырып, ағынның аэродинамикасының, жылдамдығының, температурасының және концентрация өрістерінің қалыптасу заңдылықтарын орнату.<br/> Мазмұны: Жоғары температуралы әсерлесуші ағындардағы жылу және масса алмасу процестерін математикалық модельдеу әдістері. Турбуленттілік пен екіфазалы ағынды модельдеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Отынның жануы кезіндегі жылу мен масса алмасуды талдау, отынның жануын тұрақтандырудың тиімді, экологиялық таза технологияларын іздестіру, энергетикалық қазандықтарда жағу үшін отынды плазмалық термохимиялық дайындаудың физика-химиялық принциптерін дамыту қабілетін қалыптастыру.
Мазмұны: Термиялық көмірді жағу және өңдеу мәселесінің қазіргі жағдайы. Плазмалық тұтану процестерін және көмірді термохимиялық әзірлеуді зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Қозғалтқыштар мен жылуфизикалық объектілерді жобалау мен пайдалану кезінде есептеулерді жүргізудің әдіснамалық негіздері мен принциптерін әзірлей отырып, конструкциялардың беріктігі мен қуат қасиеттері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында есептеу және теориялық зерттеулер жүргізуге қажетті құзыреттерді қалыптастыру.
Мазмұны: Конвективті жылу алмасу. Сәулелену арқылы жылу беру. Жылуфизикалық қондырғылардың жылу және гидравликалық есептерінің негіздері. Жылуөткізгіштік.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Конвективті жылу және масса тасымалы процестерін екі өлшемді модельдеу дағдыларын қалыптастыру, нақты геометрия аймақтарында болатын турбулентті изотермиялық емес әсерлесетін ағындарды есептеудің сандық әдістері және өнеркәсіпте қазандықтарда қатты отынды жағу кезінде жылу және масса тасымалы процестерін талда дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Конвективті жылу және масса тасымалы процестерін екі өлшемді модельдеу. Жануды есепке алатын жылу және масса тасымалы теңдеулері. Күрделі турбулентті ағындардың есептерін шешудің сандық және аналитикалық әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Заманауи модельдеу принциптеріне негізделген техникалық физика саласындағы техникалық есептерді шешуде, заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, статикалық және динамикалық модельдерді құруда ғылыми зерттеу процесінде компьютерлік технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері. Имитациялық модельдеу мәселелері. Имитациялық модельдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері. Турбулентті жылу және масса тасымалының математикалық моделі.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.