техника ғылымдарының магистрі
Жылу энергетикасы мен жылутехнологиялар саласында ғылыми-практикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер; жылу қондырғыларының сенімділігі мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге; технологиялық процестерді компьютерлік моделдеуді жүргізуге және оларды оңтайландыру үшін ұсыныстар ұсынуға қабілетті; оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін пайдалана отырып, кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламаларын іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға дайындық.
Жылу энергетикасы
7M07109
Физика-техникалық
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистратура студенттерін ғылым сферасындағы жұмысқа дайындау және оларды ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбекті ұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру, теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау және қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбектіұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру.
Мазмұны: Жеке және топтық ғылыми қызметтің ерекшеліктері. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістері. Әдістер-операциялар және әдістер-қызметтер. Инновация: болмысы және анықталуы. Инновация – ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық категория сияқты.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистратура студенттерінің ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жинақтау үшін, оларды жарыққа шығару мақсатымен ғылыми мақала түрінде өңдеу және рәсімдеу үшін қажетті білімдерін жетілдіру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. ғылыми жарияланымның тақырыбын және атауын дұрыс тұжырымдау;
2. зерттеу жүргізу әдістемесін сипаттау;
3. ғылыми журналдарда жариялау үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну;
4. тиісті ғылыми жарияланымдарды таңдау;
5. ақпарат көздерімен жұмыс жасау және оларды ғылыми мақалада ұйымдастыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мазмұндаудың негізгі әдістері. Ғылыми мақалалардың тақырыптарын, ол туралы ой-пікірлерді және аталуын тұжырымдау. Ғылыми мақаланы баспаға шығаруда басылымды таңдау. Ғылыми мақаланың құрылымы. Әдебиеттік басылымдармен жұмыс жасау. Мәліметтер қорларымен жұмыс жасау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: инженерлік эксперименттің заманауй теориясының негізін үйрету: тәжірибеде жоспарлау және іске асыру әдістері, сынау мәліметтерін өңдеу және белсенді эксперименттің нәтижелерін талдау.
Мазмұны: Зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері. Моделдеу және ұқсату. Экспериментті математикалық жоспарлау негіздері. Мәліметтерді статикалық талдау. Кездейсоқ процестердің теориясының негіздері және оларды статикалық өңдеу. Инженерлік эксперимент нәтижелерін статикалық өңдеудің компьютерік әдістері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: инженерлік эксперименттің заманауй теориясының негізін үйрету: тәжірибеде жоспарлау және іске асыру әдістері, сынау мәліметтерін өңдеу және белсенді эксперименттің нәтижелерін талдау
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. оқу объектісін таңдау;
2. эксперименттің математикалық жоспарлауын жүргізу;
3. зертханалық және өндірістік жағдайларда эксперименталды зерттеулерді дербес жүзеге асыру;
4. эксперименттік деректерді статистикалық талдау жүргізу;
5. инженерлік эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерін қолдану.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері. Зерттеу объектілерінің жалпы сипаттамалары. Моделдеу және ұқсату. Экспериментті математикалық жоспарлау негіздері. Эксперименттік мәліметтерді статикалық талдау. Эксперименттің нәтижелерін талдау. Кездейсоқ процестердің теориясының негіздері және оларды статикалық өңдеу. Инженерлік эксперимент нәтижелерін статикалық өңдеудің компьютерік әдістері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Технологиялық процестер мен қондырғыларда жүретін көпкомпонентті газ қоспаларында концентрациялық конвекцияның пайда болуын эксперименттік және сандық зерттеу мәселелері бойынша студенттердің білімдерін қалыптастыру.
Мазмұны: Массаны тасымалдау әдістері. Әртүрлі каналдағы конвективті массатасымалдау. Энергетиканың әртүрлі мәселелерін шешуінде массатасымалдау. Конвекция кезінде молекулалық массатасымалдаудың қарқындылығын зерттеу. Диффузиялық тұрақсыздық режимінде бөлу коэффициенттерін анықтау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: менеджмент және маркетинг негіздері және оларды жұмыста ары қарай қолдану үшін оқып үйрену; қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруды функциялауда процестермен танысу; ұйымның қызметінің түрі туралы ақпарат, құрылымды тұрғызу нұсқасы, жұмысшыны ынталандыру.
Мазмұны: Кәсіпорынды басқарудың заманауй маркетингтік тұжырымдамасы. Портфельдік сараптаудың әдістері. Баға жасау бойынша басқарма шешімі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жылумен жабдықтау жүйелері мен жылу желілерін жобалау, пайдалану және басқару бойынша білім мен дағдыларды дамыту, оның ішінде жылу жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін, жылу жүктемелерін есептеу әдістерін, энергия ресурстарын тиімді пайдалану негіздерін және сенімділігін қамтамасыз етуді жылумен жабдықтау қауіпсіздігі.
Мазмұны: жылумен жабдықтау жүйелерінің түрлері мен құрамдас бөліктері. Жылу желілерін есептеу және жобалау әдістері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистрантты жылу энергетикасы және жылу технологиясыда энегияны үнемде аймағында кәсіби мәселелерді шешуге дайындау
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жылу электр станцияларындағы жүйелік, заңнамалық, техникалық және экологиялық проблемаларды анықтау;
2. энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты талдау;
3. өнеркәсіптік өндірістің түрлі салаларында энергия үнемдеудің ғылыми, теориялық, ұйымдастырушылық және технологиялық негіздері саласындағы энергия үнемдеу қызметін ұйымдастыру;
4. кəсіпорындар мен ұйымдардың энергетикалық аудиттерін жүргізу;
5. жылу және электр энергетикасы кәсіпорындарында жылу және масса тасымалдағыштың негізгі сипаттамаларын есептеу.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
жылу энергетикасының жүйелік, заңнамалық, техникалық және экологиялық мәселелері. Дәстүрлі, дәстүрлі емес және қайтадан қалыпына келетін энергия көздерін қолданудың мәселелері және келешегі. Энергияны тиімді пайдалануды көтеру аймақтарындағы мемлекеттік саясат. Жылу энергетика объектілерін энергетикалық тексеру. Өнеркәсіпте энергияны үнемдеудің іс – шаралары.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: менеджмент және маркетинг негіздері және оларды жұмыста ары қарай қолдану үшін оқып үйрену; қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруды функциялауда процестермен танысу; ұйымның қызметінің түрі туралы ақпарат, құрылымды тұрғызу нұсқасы, жұмысшыны ынталандыру
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. кәсіпорындарды басқарудың қазіргі заманғы маркетингтік тұжырымдамасын қолдану;
2. жылу-энергетика кәсіпорындарының жұмысын және дамуын талдау;
3. бағаны басқару шешімдерін қолдану;
4. нарықтағы жағдайларды талдау әдістері мен әдістерін қолдану;
5. кәсіпорын ресурстарын барынша тиімді пайдалану туралы басқару шешімдерін қабылдау.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
маркетинг және менеджмент теорияларының әдістері, менеджменттің негізгі тұжырымдамасы. Ұйымның құрылымы. Коммуникация. Басқару функциялары. Жұмысты ұйымдастыру. Жұмыстың қоры және дамуы. Кәсіпорынды басқарудың заманауй маркетингтік тұжырымдамасы. Портфельдік сараптаудың әдісі. Тұтынушылардың сипатын сараптау. Ақпараттың көзі және оны жинау. Баға жасау бойынша басқарма шешімі. Коммуникационды саясат. Жылу энергетикасындағы ұйымдастырудың маркетингтік ортасы. Кәсіпорынның қорларын тиімді пайдалану бойынша басқармалық шешімді қабылдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: энергетикалық отын жағу кезінде нақты геометрия аймақтарында реакциялық токтардың үш өлшемді модельдеу дағдыларын қалыптастыру және әдістерін зерттеу.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. нақты геометрия облыстарында реакциялы ортада конвективтік жылу және масса тасымалын сипаттайтын математикалық модельдер құру;
2. ақырлы-айырмашылық теңдеулерін алу үшін басқару көлемінің әдісін қолдану;
3. комплекстік құрамды отындарды жану кезінде пайда болатын химиялық реакцияларды модельдеу;
4. турбулентті реакция ағындарында жылу және масса беру процестерін сандық зерттеу;
5. есептеу эксперименттерінің нәтижесінде алынған деректерді талдау.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
нақты геометрия аймағында әсер ететін ортада конвективті жылу масса тасымалдау процестерін үш өлшемді моделдеу мәселелерін шешудің негізгі теңдеуі мен сипатталуы. Екі фазалық ағыс. Сәулелену жәрдемімен жылу алмасу. Бақылау көлемі әдісінің теңдеулерінің айырмашылығын алу. Екібастұз ГРЭС-і жағдайында тозаң көмір отынын жағудың тиімді режимдерін моделдеу. азота NОх азот тотығының шығуын төмендету мәселесі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жылу энергетикасы және жылу технологиясыда энегияны үнемде аймағында кәсіби мәселелерді шешуге дайындау.
Мазмұны: Жылуэнергетикасының жүйелік, заңнамалық, техникалық және экологиялық мәселелері. Дәстүрлі, дәстүрлі емес және қайтадан қалыпына келетін энергия көздерін қолданудың мәселелері және келешегі. Энергияны тиімді пайдалануды көтеру аймақтарындағы мемлекеттік саясат. Жылу энергетика объектілерін энергетикалық тексеру. Өнеркәсіпте энергияны үнемдеудің іс-шаралары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: зиянды шығарындыларды азайтуға және жылу-энергетика саласында энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға көмектесетін озық технологиялармен және әдістермен танысу.
Мазмұны: Жылу энергетикасындағы когенерация және тригенерация. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану. Қазандықтың тиімділігін арттыру және зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін заманауи технологиялар. Жоғары температуралы жарылыс.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: табиғи және техногендік факторлардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, технологиялық процестердің экологиялық тазалығы, экологиялық қауіпті бақылау, болжау және алдын алу, халықты, техносфера объектілерін және табиғи ортаны қорғау саласындағы білімдерді меңгеру.
Мазмұны: кәсіпорынның экологиялық стандарттарын белгілеу принциптері, кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру, жылу энергетикасы объектілерінің технологиялық қауіпсіздік жүйелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жылутехникалық қондырғылардың сенімділігі, энергетикалық жабдықтарының жұмысының қауіпсіздігі мәселелерін меңгеру.
Мазмұны: техникалық жүйелердің сенімділігінің құрылымдық схемаларыжәне оларды есептеу, сенімділікті көтерудің негізгі әдістері және жылулық және электр энергиясын өндірудегі жүйелердің қауіпсіздігін бағалау үшін сенімділік теориясын қолданудың мысалдары; техногендік қауіп-қатерді сараптау мен бағалау әдістемесі, сенімділікті, қауіпсіздік және қауіп-қатерді бағалау әдістемесі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік объектілерді автоматты басқарудың негізгі қағидаларын оқу; қазандық агрегаттарын, су дайындау жабдықтарының және отынды беру, жылулық қондырғылардың, коммуналдық шаруашылық объектілерінің, құрғату және суыту қондырғыларының, химиялық және металлургиялық өнекәсіптердің объектілерінің, басқарудың автоматтандырылған жүйесінің функцияларын және мәселелерін, нақты өнекәсіптік қондырғылардың сигналдану және қорғанысын; өнеркәсіптік объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері аймағында негізгі заманауй тенденциялармен таныстыру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. ЖЭО-ның негізгі және қосалқы жабдықтарын реттеу жолдарын түсіну; жылу электр станцияларында автоматтандырылған басқаруды білу және түсіну;
2. жылу техникасы мен қондырғыларының автоматтандырылған басқару жүйелерін жіктеу;
3. технологиялық үдерістерді реттеу схемаларын талдау;
4. технологиялық бақылаудың типтік міндеттерінің алгоритмдік сипаттамасына алынған білімді қолдану;
5. осы пәнді оқып-үйренуге негізделген білім негізінде, әртүрлі практикалық тапсырмаларды шешуде тәуелсіз шешімдер қабылдау.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
негізгі түсініктер, терминдер және анықтамалар, АРЖ және ТПАБЖ. Сызықты жүйелердің дифференциалды теңдеулері және динамикалық сипаттамалары. Қарапайым динамикалық буындар және олардың жалғануы. Автоматтандырудың техникалық жабдықтары, АРЖ техникалық құрылымы. Реттегіштер және контроллерлер. Реттеуші органдар және орындаушы механизмдер турады мәліметтер. Жылу технологиялық процестер және қондырғыларды автоматтандырудың схемалары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: қазандық агрегаттарын, су дайындау және отынды беру жабдықтарының, жылулық қондырғылардың, коммуналдық шаруашылық объектілерінің, құрғату және суыту қондырғыларының, химиялық және металлургиялық өнекәсіптердің объектілерінің, басқарудың автоматтандырылған жүйесінің функцияларын және мәселелерін, нақты өнекәсіптік қондырғылардың сигналдану және қорғанысын; өнеркәсіптік объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері аймағында негізгі заманауй тенденциялармен таныстыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың жылу техникалық қондырғылардың сенімділігі, энергетикалық жабдықтарының жұмысының қауіпсіздігі мәселелерін игеру болып табылады.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жылу энергетикасы мен жылу техникасы жүйелерінің сенімділігі мен ресурстық тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі шараларды айқындау;
2. бұзылулар, инциденттерді анықтау және жылу-энергетикалық нысандардың жұмысын бұзу әдістерін жіктеу;
3. жылу-энергетикалық жүйелердің сенімділігін зерттеудің заманауи әдістерін қолдану;
4. ЖЭС және оның жүйелерінің құрылымдық сенімділігін талдау;
5. әр түрлі факторлардың ЖЭС жабдықтарының сенімділігі мен тиімділігіне әсерін талдау.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
техникалық жүйелер және техногендік қауіп-қатер теориясының негізгі жағдайы; жылу және электр энергиясын өндіруде жүйелердің сенімділігінің негізгі құрамы мен параметрлерін бағалау мен есептеуде қолданылатын математикалық тұжырымдаулар, істен шығудың физика элементтері, техникалық жүйелердің сенімділігінің құрылымдық схемаларыжәне оларды есептеу, сенімділікті көтерудің негізгі әдістері және жылулық және электр энергиясын өндірудегі жүйелердің қауіпсіздігін бағалау үшін сенімділік теориясын қолданудың мысалдары; техногендік қауіп-қатерді сараптау мен бағалау әдістемесі, қауіп-қатерді бағалаудың негізгі сапалық және сандық әдістері, сенімділікті, қауіпсіздік және қауіп-қатерді бағалау әдістемесі, қауіп-қатерді басқарудың қағидалары, инженерлік тәжірибеде қауіп-қатер тұжырымдамасын қолдану қағидалары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың осы аймақта қызметті одан әрі жетілдіру үшін нәтижелерді қолдану мақсатымен жылу технологиясы және жылу энергетикасында заманауй ақпараттық жүйелерді және технологиялардың негізгі әдістері мен жабдықтарын қолдануды игеру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. энергетика жүйесінде таратылған ақпаратты өңдеу жүйесін қолдану;
2. дерекқорды басқару жүйелерін қолдану;
3. корпоративтік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4. компьютерде аналитикалық есептеулерді жүргізіп, графикалық деректерді талдауды жүзеге асыру;
5. жылу және энергетика саласында зияткерлік технологияларды қолдану.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
ұйымдастыру-экономикалық сферада ақпарат және ақпараттық процестер. Жылу энергетикасында басқару ісін қамтамассыз ету үшін ұйымдастыру және ақпараттық технологиялар жабдықтары. Тораптық ақпараттық технологиялар. Жылу энергетикасындағы таратылған ақпаратты өңдеу жүйелерін қолдану. Мәліметтер базасын басқару жүйесін қолдану (СУБД), корпоротивті ақпараттық жүйені қолдану (КИС). КАЖ-де ақпараттың қауіпсіздігін ұйымдастыру. Жылу энергетикалық кәсіпорындар кешенінде ақпаратты қорғау ерекшеліктері. Интеллектулады технологиялар және жүйелер. Интеллектуалды технологияларды жылу энергеткикасында қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қоршаған ортаны қорғау және табиғатты оңтайлы қолданудың заманауй мәселелерін т.сінуге мүмкіндік беретін инженерлік-экологиялық ойлауды қалыптастыру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. Жылуэнергетика кәсіпорындарында күйдіру және қалдықтарды көмудің технологиялық үдерістерін жіктеу және түсіну;
2. Энергияны тиімді және экологиялық таза өндіру негіздерін терең білу және түсінуді көрсету;
3. Екінші деңгейдегі ресурстарды пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық әдебиеттерді талдау;
4. Жылуэнергетика саласының қосалқы өнімдерін пайдаланудың әдістері мен шешімдерін әзірлеу және ұсыну;
5. Шығармашылық әлеуетті дамыту және пайдалану үшін алынған білімді жүйелеу.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
Өнеркәсіптік экология және өнеркәсіпті экологиялау. Өндірістік процестерді ұйымдастыру және олардың жалпы заңдылықтары. Өндірістің дамуының экологиялық стратегиясы және саясаты. Күл қалдықты материалдар. Күл қалдықты материалдарды жою, оларды пайдалану. Шығатын газдар мен қалдық сулардан тазалаудың негізгі өнеркәсіптік әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың электр станциясының жұмысының қауіпсіздігі, апатсыз жұмысы және жоғары экономикалық тиімділікті жұмысы мақсатында жылу энергетикалық жабдықтарды жобалаумен, сынаумен, жөндеумен және қолданумен байланысты кәсіби қызметтегі теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін жылу энергетикалық жабдықтардыдың жұмысының режимдері және қолданылуы сұрақтары бойынша орнықты теориялық қорын қалыптастыру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. электр станциялары мен қосалқы станциялардың схемаларын және негізгі электрлік және коммутациялық жабдықтарын; электр станцияларының және қосалқы станциялардың жұмыс режимдерінің негізгі түрлері түсіну;
2. электр жүктемелерінің күнделікті кестелерін және олардың жұмыс сипаттамаларын есептеу;
3. қазандықтар мен турбиналардың реттеу диапазонын анықтайтын факторларды анықтау;
4. электр жабдықтарын сатып алу және пайдалану бойынша техникалық ақпараттарды және инженерлік шешімдерді талдау;
5. электр жабдықтары параметрлерінің типтік есептеулерін жүргізу.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
біріккен энергетикалық жүйе құрамындағы ЖЭС-ның жұмысының ерекшеліктері. Қолданудың негізгі міндеттері. ЖЭС – ның жұмысының режимдерінің жедел басқарылуы. Электрлік жүктемелердің тәуліктік графиктері және олардың режимдік сипаттамалары. Энергетикалық жүйелердің жүктемелерінің графиктерін жабу тәсілдеріжәне ЖЭС-ның режимдік сипаттамаларына қойылатын талаптар. ЖЭС-ның жабдықтарының ептілік сипаттамалары. Қазандықтың аккумуляциялаушы қабілеттілігі және оның блок жұмыс режиміне әсері. Характеристики маневренности Қазандықтардың және турбиналардың реттелу диапазоны және оны анықтайтын факторлар. Қазандықтар мен турбиналардың реттелу диапазондарын кеңейту тәсілдері. Блоктарды өзіндік қажеттілік жүктемесіне алмастыру. Жұмыстың моторлық режимі. Перевод блоков на нагрузку собственных нужд. ЖҚҚ тобын ажыратылу кезіндегі режимдер. ЖЭС –ның жабдықтарында өтетін өтпелі процестер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: қалдықсыз өндірістің тиіміділігі көтерудің жағдайларын оқып-үйрену; өндіріс орыны орналасқан территорияның табиғи-шаруашылықты жағдайын кешендің бағалау әдісін, табиғи-шаруашылықты территорияның өндірістің қауіпсізідгі жағдайының әсер етуін бағалауды оқыту.
Мазмұны: Қалдықтарды жіктеу. Көмірді және мұнай өндірудегі қалдықтар, күл-шлакты қалдықтар. Энергетикалық қалдықтарды және қайтадан қалыпқа келтіруге арналған қалдықтарды қалдықсыз өңдеу тәсілдері. Қалдықсыз өндірісті жасаудың қағидалары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қалдықсыз өндірістің тиіміділігі көтерудің жағдайларын оқып-үйрену; өндіріс орыны орналасқан территорияның табиғи-шаруашылықты жағдайын кешендің бағалау әдісін, табиғи-шаруашылықты территорияның өндірістің қауіпсізідгі жағдайының әсер етуін бағалауды оқыту.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. Энергетикалық және ресурс үнемдеуші технологиялар әдістерін толық түсіну;
2. Көмірді электротермохимиялық дайындау процестерін жану және оның жануына энергетикалық қазандықтың пештерінде талдау;
3. Қазақстан Республикасының энергетикалық секторында қалдықсыз өндірісті дамыту бойынша отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану;
4. Қалдықсыз жылу энергетикасы мен жылу технологиясының мәселелерін шешудің жаңа әдістерін сыни бағалау және әзірлеу;
5. қалдықсыз өндірісті дамытудың қазіргі жағдайы және пайда болған проблемаларды шешу жолдары туралы білімді жүйелеу.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
Қалдықтарды жіктеу. Отындық қалдықтардың сипаттамасы. Көмірді өндірудегі қалдықтар, ЖЭС-ның күл-қалдықтары, мұнай өндіудегі күл-шлакты қалдықтар, оларды тасымалдаудың және қайта өңдеудің тәсілдері. Энергетикалық қалдықтарды және қайтадан қалыпқа келтіруге арналған қалдықтарды қалдықсыз өңдеу тәсілдері. Қалдықсыз өндірісті жасаудың негізгі қағидалары және оларға қойылатын талаптар. Шикізатты материалдар карьерлерін қалыпына келтіру. Қалдықтарды пайдалана отырып нақты өнімінің өндірісін оңтайландыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды жылу энергетикалық процестерді, жылу электрлік станциялар және өнекәсіптік кәсіпорындардың қондырғылары мен жүйелерін моделдеу және оңтайландыру әдісін қолдануды игере білу және оған дағдылану білімін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. Зерттеу жүргізу кезінде қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану;
2. Өнеркәсіпте жану процестерін тиімді ұйымдастырудың заманауи әдістерін талдау және қолдану;
3. Техникалық мәселелерді шешу үшін кәсіби білім мен дағдыларды меңгеру;
4. Энергия жүйелері мен жүйелерін оңтайландыру жолдарын әзірлеу және ұсыну;
5. Сұйық және қатты энергетикалық отындарды жану кезінде жылу және масса тасымалдау процестерін зерттеу үшін математикалық модельдеуді жүзеге асыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
аналогты, физикалық және математикалық моделдеудің әдістері және оны қабылдау. Жылу энергетикасының процестерін, аппараттарын және жүйелерін математикалық моделдеу, жылу энергетикасының қондырғылары мен жүйелерін оңтайландыру нұсқалары. Жылу технологиялық процестер, қондырғылар және жүйелер үшін математикалық моделдеудің әдістері мен жобалауды қабылдау. Жылу тасымалдағыштар, жылу және масса алмасу аппараттарының негізгі сипаттамаларын есептеудің сандық әдістері. Жылу технологиялық қондырғыларды оңтайландырудың әдістері мен тиімді жылу энергетикалық жүйелерді есептеудің әдістері. Жылу технологиялық жүйелер және олардың элементтерін зерттеу мен жобалауда моделдеудің әдістерін қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жылуэнергетикалық процестерді, ЖЭС және өнекәсіптік кәсіпорындардың қондырғылары мен жүйелерін моделдеу және оңтайландыру әдістерін қолдану бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Мазмұны: Жылуэнергетикасының процестерін, құрылғылары, жүйелерін математикалық модельдеу, жылуэнергетикасының қондырғылары мен жүйелерінің нұсқаларын оңтайландыру. Жылутасымалдағышы мен жылумассаалмасу құрылғыларының негізгі сипаттамаларын есептеудің сандық әдістері. Жылутехнологиялық жүйелерді зерттеу және жобалаудың модельдеу әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: энергия және ресурсты үнемдеудің ұтымды стратегиялары туралы жүйелі білімді; өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша дағдыларды қалыптастыру.
Пәннің қысқаша мазмұны: Табиғи геожүйелердің тұрақтылық шегі және стресске бейімделу механизмдері. Табиғи процестерді модельдеу. Табиғатқа антропогендік әсер және табиғатта экономикалық даму кезінде болатын процестердің себеп-салдарлық байланысы. Әлемдегі табиғи экожүйелердің бұзылуы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: қалалар және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаудың әдістері мен ережелерін оқыту; энергетика және ресурсты үнемдеуге бағытталған электр тораптарды қалыпты және апаттық жұмыс режимдеріне есептеудің заманауй әдістерін игеру.
Мазмұны: Электрлік тораптарының есептік жүктемелерін анықтаудың тәжірибелік әдістері. Электрмен жабдықтау жүйелерінде реактивті жүктемелерді қарымталау. Тарату тораптарында қарымталайтын құрылғыларды орналастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: электр станцияларының жұмысын оңтайландыру және олардың теріс әсерін азайту мақсатында магистранттарды энергетиканы дамытудың негізгі заманауи бағыттарымен таныстыру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. энергетика саласының жағдайын мемлекеттік және әлемдік ауқымда анықтау;
2. электр құрылғыларын жобалау және жаңғырту үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
3. электр желілерінің жұмысын жақсарту жолдарын ұсыну;
4. электр құрылғылардың, электр станцияларының энергетикалық сипаттамаларын есептеу;
5. энергия мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған техникалық шешімдерді ұсыну.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
Қазақстан Республикасының энергетикасының дамуының алғы шарттары. Әлемдік энергетиканың заманауй жағдайы, дамуы болжау және мәселелері. Электрлік тораптарды қолдануда жетілдірудің жолдары. Энергетикадағы жаңа ақпараттық технологиялары. Сипаты және құрамы бойынша әртүрлі тұтынушыларды электрмен қамтамассыз ету үшін ЖЭК –нің энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі. Электр қондырғыларды, электр станцияларын және энергетикалық кешендердің энегетикалық сипаттамаларын есептеу әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Магистранттардың энергетикалық отындарды жағу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша теориялық базаларын қалыптастыру.
Пәннің қысқаша мазмұны: Қатты отынды жағуға дайындау. Шаң дайындау жүйесі. Қатты отынның қасиеттері мен сипаттамалары. Қатты отынның жануы. Отындық мазутты дайындау және жағу. Газ отынын дайындау және жағу. Отын сапасын бақылау. Жылу электр станцияларында отынды кешенді пайдалану. Қатты отынды камералық және қабақтас жағу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қалалар және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаудың әдістері мен ережелерін оқыту; энергетика және ресурсты үнемдеуге бағытталған электр тораптарды қалыпты және апаттық жұмыс режимдеріне есептеудің заманауй әдістерін игеру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. электр қондырғыларының конструкцияларын анықтау және стандартты электр жабдықтарын таңдау;
2. өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау сұлбаларының жұмыс және кейінгі режимдерін есептеуді жүзеге асыру;
3. өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау схемалары бойынша түрлі нұсқаларын техникалық және экономикалық есептерді орындау;
4. электр энергиясын, қорғау құралдарын және автоматтандыруды басқару құралдарын қосу схемаларын жүргізу;
5. келесі пәндер бойынша оқу материалдарын игеру барысында алынған білімдерді қолдану.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
қалалар және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерінің жалпы сипаттамасы. Элекрмен жабдықтау жүйелерінің элементтері мен түйіндерінің электрлік жүктемелерін есептеу. Тұрғынды аймақтар және өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрлік тораптарының есептік жүктемелерін анықтаудың тәжірибелік әдістері. Қалалар және өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерінде реактивті жүктемелерді қарымталау. Реактивті қуаттың көздерінің негізгі типтері және олардың техникалық сипаттамалары. Тарату тораптарында қарымталайтын құрылғыларды орналастыру.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.