техника ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламасының мақсаты - радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында радиотехникалық құрылғылардың құрамындағы заманауи электрондық компоненттерді жобалауға, соңғы құрылғылар арасында қорғалған ақпаратты үздіксіз таратуға және қабылдауға арналған телекоммуникациялық желілерді модельдеуге және әзірлеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
7M06201
Физика-техникалық
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби қызметті, тұлғааралық өзара іс-қимылды, топтық процестер мен жанжалды жағдайларды тиімді басқару үшін психологиялық білімді, заманауи цифрлық технологиялар мен талдау құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - ғылыми-зерттеу жобасын орындау үшін негізгі мәселелер туралы басқарушылық қабілеттерін дағдыландыру, мақсатқа жету жолын айқындау бойынша басқару және ұйымдастырушылық эффективтілігін талдау.<br/> Оқу курсы қалыптастырады: <br/> ғылыми жобаларды басқару теориясы; жұмыс жоспарын әзірлеу, жобаның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу; авторлық құқықты қорғау, патенттеу; психологиялық инерция және оны жеңу жолдары, морфологиялық талдау, бақылау сұрақтарының әдісі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда желілік технологиялар және интернет заттары туралы білім жүйесін қалыптастыру, әртүрлі процестерді автоматтандыру үшін заманауи IoT технологиялары негізінде құралдарды пайдалану дағдылары мен білімділіктерін меңгерту.<br/> Қарастырады: интернет заттарының жалпы күйі, желілік технологиялар мен заттар интернеті, M2M машинадан машинаға байланысының жалпы ережелері, IoT-те деректерді беру стандарттары мен хаттамалары, IoT-дегі сенсорлар, IoT-де деректерді өңдеу, бұлттық технологияларды пайдалану және IoT-дегі сервис-бағдарланған архитектуралар, сымсыз сенсорлық сенсорлар, IoT үшін ұялы байланыс стандарттары.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: радиотехникалық және электрондық жүйелердегі болатын процестердің ерекшеліктері туралы тұтас құрылымды талдау қабілетін, сондай-ақ осы саладағы зерттеу әдістерін меңгеруді қалыптастыру.<br/> Қарастырады: Телекоммуникациялық сектордағы технологиялық жетістіктер. Радиотехника мен электрониканың қолданылуы. Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудегі кеңейтілген телекоммуникациялық стандартизациялар. Радиотехникалық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігі. Ақпараттың бүтіндігі және құпиялылығы. Радиотехника және электрониканың экологиялық мәселесі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Сигналдарды компьютерлік талдаудың негізгі түсініктері. Сигналдарды талдау әдістері мен алгоритмдері. Бейнелерді дискреттеу және кванттау. Сандық фильтрлер. Дауыс пен суретті тіркеу және кодтау. Дауыс пен суретті талдаудың математикалық әдістері. Суретті түрлендіру. Суретті сегментациялау әдісі. Эволюциялық алгоритм және бұлдыр логиканы пайдалану негізінде сигналдарды талдау. Нейронды желілерді пайдалану негізінде сигналдарды талдау. Пайдалы сигналдарды сақтауға арналған әдістер мен форматтар. Суретті шығынмен және шығынсыз сығу принциптері. Түрлі түсті суретті кодтау. Суретті өңдеу әдістері мен алгоритмдері. Суреттерді масштабтау. Дауыс пен суретті қайта орнату.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: зерттеу және кәсіби қызмет үшін шетел тілінде кәсіби және академиялық коммуникация дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы кәсіби және ғылыми мәтіндерді түсіну және талдау, ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыру, кәсіби және академиялық терминологияны қолдану, зерттеу нәтижелерін шетел тілінде академиялық және кәсіби ортада ұсыну және талқылау қабілетін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Байланысқан автогенераторлар мен автотербелмелі жүйелер туралы жалпы мәлімет. Винн көпірі бар генератор. Оң және теріс кері байланыс. Сигналдар фазасын өлеу әдісі. Сызықты фазатүрлендіргіш және оның сипаттамалары. Бейсызық фазатүрлендіргіш және оның сипаттамалары. Шуыл генераторы және оның орташа квадраттық мәнін өлшеу. Сигналдар спектрі генераторы. Электронды жүйелердегі сигналдардың спектрлік сипаттамасы. Электронды құрылғылардың динамикалық диапазоны. Екі байланысқан автотербелмелі генераторлардың динаикасы. Байланыс күші. Реттеуші параметр. Байланысқан автогенераторлардың динамикасы. Синхрондалу және асинхронды режимдер. Тұтас байланысқан автогенераторлар ансамблі. Квазипериодты өзқауым күйі. Сыртқы периодты күш әсері бар тұтас байланысқан автогенераторлар. Сыртқы шуыл күші әсері бар тұтас байланысқан автогенераторлар. Арнольд тілі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Аналогтық, сандық және дискретті сигналдар. АСТ және САТ. Сандық ақпаратты беру жүйесі. Сандық ақпаратты беру жүйелерінің мақсаты мен жіктелуі. Мәтіндік хабарларды кодтау үшін пайдаланылатын кодтар. Аналогтық сигналды кодтау. ИКМ сигналдарын жіберу жолдары. Байланыс арнасындағы бұрмаланулар және олардың себептері. Символдар арасындағы интерференция. Ақ шуылға қарсы M-дік сигналын қабылдау. Корреляцияны қабылдау әдісі. Қатенің ықтималдығы. Сигнал-шу қатынасының ролі. Сигнал-шу қатынасын және оның артықшылықтарын анықтау үшін ақпараттық энтропия әдісі. Хамминг, БЧХ, Рида-Соломонов кодтары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әртүрлі мультимедиялық ақпаратты пакеттік тарату технологиялары мен протоколдарына пайдаланатын келесі ұрпақты NGN байланыс желілерін құру принциптерін зерттеу.
Қарастырады: Байланыс желісінің эфолюциясы және желілік технологиялар. Ену желісі. Ену технологияларының классификациясы. xDSL, Гибридті FTTx ену желісі. NGN желісінің архитектурасы. Икемді коммутатор сипаттамасын есептеу. СССП (Н.323, SIP, MGCP, MEGACO/H.248) протоколдары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жасанды интеллекттің негізгі әдістерін және технологияларын сипаттау және бағалау мүмкіндігін қалыптастыру және оларды қолданбалы электроникада қолдану.
Қарастырады: Интеллектуалды жүйелер. Нейроғылым. Жасанды интеллект. Нейрондар моделі. Желі архитектурасы. Тікелей таралудың бірқабатты, көпқабатты желісі. Жады негізінде оқыту. Хебб оқытуы. Бәсекелі оқыту. Больцман оқыту. Мұғаліммен оқыту. Мұғалімсіз оқыту. Интеллектуалды электронды жүйемен дыбыстық байланыс жүйелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: заманауи сымсыз технологиялардың құрылымы мен сымсыз желілерді жобалау туралы тұтас жүйелік түсініктерін, қабілеттерін қалыптастыру.
Қарастырады: Сымсыз байланыс желілері. Сымсыз байланыс желілеріндегі сигналдарды тасымалдаушылар. Радио арналары. Сигналды қабылдау мен беру кедергісі. Байланыс арнасының сипаттамасы. Байланыс арнасы. Ұялы және спутниктік байланыс. Жаңа сымсыз байланыс жүйесі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Халықаралық электробайланыс одағының (ХЭО) тұрғысынан заманауи оптикалық транспорттық желілері туралы тұтас жүйесін түсіну қабілетін қалыптастыру.
Қарастырады: Оптоталшықты таратқыш жүйелері, Талшықты-оптикалық тарату жүйесінің классификациясы, тізбегі, компоненттері. Оптикалық сәуле көзі. Оптикалық модуляторлар, қабылдағыштар, күшейткіштер. Синхронизация және басқару желісі. OTN-OTH, Ethernet, T-MPLS стандарттары, (ASON/ASTN) автоматты коммутациялық желілері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: заманауи нейрондық желілерді ұйымдастыру, сондай-ақ нейрондық желілік құрылғыларды құру қабілетін қалыптастыру.
Қарастырады: Жасанды интеллекттің жалпы анықтамасы. Жасанды нейронды желінің моделі. Тереңдетілген желіні оқыту революциясы. Жасанды интеллект және машиналық оқыту. Нейрондық желілердегі регуляризация. Салмақ инициализациясы. Заманауи нейронды желілер. Торлы нейронды желілер. Санды тану үшін торлар. Заманауи торлы архитектуралар.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Наноэлектроника мен оптоэлектрониканың заманауи мәселелері. Оптоэлектронды құрылғылардың классификациясы. Оптоэлектронды құрылғылардың ұүрылымы, жұмыс істеу принципі және қолдану аймағы. Наноқұрылымдарды өсіру әдісі. Наноқұрылымдағы кванттық эффектілер. Кванттық шектеу. Электрондарды туннелдеу. Кванттық нүкте және жіп. Кванттық шұңқыр. Гетероқұрылымдар. Фуллерендер мен нанотүтікшелер. Кеуекті материалдар. Нанокластерлі материалдардың беттік топологиясын зерттеу үшін заманауи микроскопиялық әдістер. Наноқұрылымды шалаөткізгіштердің электрлік қасиеттерінің ерекшеліктері. Наноқұрылымды шалаөткізгіштердің оптикалық қасиеттері. Нанокластерлерден оптикалық шағылу, өту және сыну. Экситонды және биэкситонды спектрлер. Наноқұрылымды материалдардың оптоэлектроникада қолданылуы. Фотоника. Нанофотоника. Наноқұрылғы. Наноэлектронды транзисторлар. Наноматериалдардағы күн элементі. Жарық диоды. Шалаөткізгішті лазерлер. Фотовольтаика. Күн элементінің эффективтілігін арттыру әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Жасанды нейронды желі. Өздігінен ұйымдастырылатын нейрондық желі. Кохонен нейронды желісі. Өзқауым картасы. Сигналдарды векторлы кванттау желісі. SOM алгоритмі. Оқыту векторын кванттау. Векторды иерархиялық кванттау. Өзқауымдастырылған Кохонен нейронды желісін моделдеу. Информация теориясы негізінде моделдеу. Энтропия. Тәуелсіз компоненттерді талдау. Максималды өзұқсастықты бағалау. Максималды энтропия әдісі. Рекурентті нейронды желі. Кері байланысы бар нейронды желі. Кері байланысы бар нейронды желілерді моделдеу. Рекрентті нейронды желіні зерттеу. Жаңа активациялық функциясы бар жасанды нейронды желіні моделдеу. Үшқабықшалы нейронды желіні құру. Нейронды тербелістердің масштабды инвариантты моделін үлгілеу. Жасырын қабықшалы нейронды желілерді моделдеу. Программаланатын интегралды тізбектерде нейронды тербелістердің электрондық моделі. Оқытушының берген тақырыбы бойынша көпқабықшалы нейронды желі тізбегі. Иерархиялық үшқабықшалы деңгейі бар жасанды нейронды желіні моделдеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып интегралды схемотехнологияның теориясы мен тәжірибесін меңгеру.
Қарастырады: Талданатын ақпарат формасы бойынша микосхемаларды бөлу. Интегралдық тізбектерінің логикалық элементтері. J K-, D-, RS – триггерлер. Қосындылайтын есептегіштер. Реверсивті есептегіштер. Есептеуіш-бөлгіштер. Ығысушы, параллелді, реверсивті тіркегіштер. Сумматор негізіндегі көбейткіш құрылғылар. КМДП логикалық элементті микросхемалар. Эмиттерлі-байланысқан логикалық элементті микросхемалар.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: телекоммуникация желілеріндегі ақпараттарды қорғаудың заманауи криптографиялық әдістерінің тұтас көзқарасын бейнелеу қабілетін қалыптастыру.
Қарастырады: Ақпарат. Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздік қаупі. Заманауи ақпаратты қорғау әдістері. Ақпаратты қорғау теориясының негізгі түсінігі. Заманауи ақпараттық қауіпсіздіктің жалпы принциптері. Қауіпсіздік қызметтері. Криптоталдау. Криптографиялық протоколдар. Криптоорнығу. Кілтпен басқару. Электронды-санды қолтаңба. Электронды-санды қолтаңба алгоритмі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: мобилді байланыс стандарттары мен технологияларының өзектілігі және даму мәселелері. Мобилді байланыс желісін құрудың жалпы принциптері мен классификациясы. МБЖ құрудың негізгі әдістерінің сипаттамалары. МБЖ тізбегінің жалпылама құрылымы. МБЖ құрылымдық элементтерінің құрамы. Абоненттік станция, базалық станция, желілік жүйе. МБЖЖ-ң ұрпақтары. Транкті байланыстың аналогты және санды стандарттары. TETRA стандарты. 2G МБЖЖ ұялы байланыс стандарттарының жалпы сипаттамалары. GSM стандарты. IS-95 стандарты. 3G МБЖЖ ұялы байланыс стандарттарының жалпы сипаттамалары. WCDMA және CDMA-2000 стандартындағы МБЖЖ-ң негізгі техникалық сипаттамалары. Төртінші ұрпақты желінің негізгі аспектілері. LTE стандарты.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: интегралды тізбектер элементтерінің ықшамдалынуының заманауи тенденциясы. Наноқұрылымдар. Сенсорлар және наносенсорлар. Сенсорлы элементтер үшін наноматериалдарды алу әдістері. Наномасштабты сенсорлардың түрлері және тағайындалуы. Наносенсорлардың қолданылуы. Наномасштабты сенсорларды құру үшін наноқұрылымды және кеуекті материалдарды қолдану. Гетероқұрылымдар. Наносенсорлардың сипаттамалары. Наносенсорлардың сезімталдығы. Қайта орнату уақыты. Наносенсорлардың оңтайлы параметрлері. Наносенсорлардың электрлік және оптикалық қасиеттері. Сенсорлардың наноқұрылымды материалдарының электрлік қасиеттерінің ерекшеліктері. Әртүрлі жағдайда наносенсорлардың жұмыстары. Наносенсорлардың даму сатысы.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.