біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

философия докторы (PhD)

Шығыс елдері және Қазақстан үшін қазіргі кезеңде өзекті саналатын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық процестер талабын түсініп, оқып-зерттей алатын, сонымен қатар сол елдердің алдында туындайтын негізгі күрделі проблемаларды шешу жолдарын аны0тап6 зерттейтін отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау.
Бағдарлама:
 филология, тарих ғылымдары салаларында, сонымен қатар Шығыс елдерінің мәдениетін, дінін, философиясын, саясаты және экономикасы бойынша терең іргелі зерттеулер жүргізу арқылы отандық шығыстану ғылымының проблемаларын талдап, түсіндіре алатын;
 қазіргі заманғы шығыстану ғылымының іргелі проблемаларын, тұжырымдамаларын және соңғы жетістіктерін жүйелеп және интерпретациялап бере алатын;
 шығыстану ғылымының өзекті бағыттарының дамуына лайықты методологияны таңдау, теориялық материалды терең оқып-меңгеру негізінде дербес ғылыми зерттеу жүргізе алатын;
 жоғары оқу орындарында дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері негізінде оқу процесінің жоғары нәтижесін қамтамсасыз ете алатын;
 өзара сабақтас ғылыми салалар бойынша білімді халықаралық ақпараттық және талдау қызметтері, сонымен қатар идеология, дін және мәдениет салалары жүйесіне енгізе алатын маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

Шығыстану

8D02209

Шығыстану

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

2200000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)