философия докторы (PhD)
БББ мақсаты – Шығыс елдері және Қазақстан үшін қазіргі кезеңде өзекті саналатын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық процестер талабын түсініп, оларды оқып-зерттей алатын, сонымен қатар сол елдердің алдында туындайтын негізгі күрделі проблемаларды шешу жолдарын анықтап, кешенді зерттейтін, шығыстану ғылымының өзекті бағыттарының дамуына лайықты методологияны таңдау, теориялық материалды терең оқып-меңгеру негізінде дербес ғылыми зерттеу жүргізе алатын отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау.
Шығыстану
8D02209
Шығыстану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: – аймақтану зерттеулерінде заманауи теориялар мен әдістерді пайдалану дағдыларын дамыту. Курс Шығыс аймақтарын зерттеудің және деректану базасын құрудың практикалық негіздері мен әдістерін қалыптастырады. Алынған теориялық және әдістемелік білімдерін ғылыми жобаларда қолдану, Шығыс елдеріндегі қазіргі аймақтық үдерістерді қайта қарау және талдау. Кәсіби мәселелерді шешуде нақты эмпирикалық зерттеулер, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында білімдерін пайдалана білу.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты ғылыми мәтінді дайындау дағдысын және зерттеу аясындағы зерттеу сапасын бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән сөйлеудің ғылыми стилін, ғылыми зерттеулердің семантикалық және құрылымдық компоненттерін, ауызша / жазбаша ғылыми сөйлеуге тән белгілерін, ауызша ғылыми сөйлеудің монологиялық және диалогтық жанрларын; ауызша / жазбаша ғылыми коммуникацияға тән сөйлеу этикетінің формулаларын оқытуға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру; ғылыми пікірталастарда өздерінің ғылыми пікірлерін білдіруге және қорғауға қабілетін қалыптастыру. Пән ғылымды белгілі бір қызмет түрі ретінде зерттеуге бағытталған; ғылыми таным ұғымдарын; ғылым әдісі мен әдістемесі туралы ұғымдарды; ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамалық принциптерін; әдістеме деңгейлері; әлемнің ғылыми картинасының тұжырымдамаларын оқытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Шығысты зерттеудің іргелі проблемалары және парадигмаларын интерпретациялау үшін қазіргі заманғы шығыстанудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын талдау қабілетін қалыптастыру. <br/> Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: әлем өркениеттері контексіндегі Шығыс елдеріндегі үдерістерді анықтау; шығыстану ғылымының негізгі салаларындағы негізгі теориялық қағидаларды, тұжырымдарды, динамиканы және проблемаларды іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарында оларды негіздей отырып қолдану үшін бағалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – зерттелетін шығыс тілінің құрылымын зерттеушілердің когнитивті-коммуникативті ерекшеліктерінің кеңестігін кеңейту. Шығыс тілін меңгеру деңгейін сақтау және лексикалық-семантикалық өлшемдерінің теориялық ұғымдарын еркін пайдалану деңгейіне жеткізу, тұрақты практикалық және аналитикалық материалдарды пайдалана отырып оқыту, сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықпен талқылау, ұсынылатын пән курсының негізгі мазмұны болып табылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Шығыс елдері өркениеттерінің қалыптасу тарихы мен олардың арасындағы диалогтың дамуы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері: білім мен ғылыми талдау дағдыларын, өркениеттер диалогының дамуындағы негізгі оқиғаларды, процестерді анықтай білу. Пән Шығыс халықтарының өркениеттік өзара іс-қимыл тарихын кешенді зерттеуге; диалог процесінде мәдени жетістіктердің таралуына бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – Шығыс елдерінің интеграциялық процестері саласында зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық жолдары мен нысандарын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Пән халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жанындағы ынтымақтастық шеңберінде Шығыстың әлемдік үрдістермен өзара іс-қимылын зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – дискурстық талдау әдісі арқылы тіл мен тұлғаның өзара әсерін анықтау және түсіндіру қабілетін дамыту. Шығыс қоғамдарында болып жатқан және шығыс халықтары өмірінің этникалық, саналық, гуманитарлық, діни аспектілеріне әсер ететін мәдени, тілдік, әлеуметтік үдерістердің, құбылыстардың ғылыми және ғылыми-көпшілік саласында қол жетімді нысанда біртұтас идеялары мен зерттеу нәтижелерін құра білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Шығыс қоғамдарының әлеуметтік және зияткерлік әлеуетін, таным мәселелерін, ғылымның, идеялардың, қоғамның шығармашылық белсенділігінің, әлеуметтік тарихтың генезисін және дамуын талдау және түсіндіруу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы Шығысқа тән ойлау ерекшеліктерін интерпретациялау және бағалау дағдыларын қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Шығыстың мәдени модернизациясы процестерін жүйелеу және интерпретациялау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы идеялар мен артефактілердің ғылыми тарихи және мәдениеттанулық талдау дағдыларын, өзекті тақырыптар бойынша бойынша деректанулық базаны түсінудің теориялық және методологиялық негізін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шығыс мәтіндерін оқып-зерттеудің болжамдары мен міндеттерін айқындау, шығыстану ғылымы саласында іргелі зерттеулер жүргізу үшін замануи зерттеу әдістерін таңдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент ұсынылатын шығыс мәтіндерін зерттеудің болжамы мен міндеттерін нақтылап көрсету және тестілеу, түрлі жанрдағы нақты мәтіндерді талдауда шығыстану ғылымының теориялық-методологиялық қағидаларын қолдану бағытында білімдерді меңгереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әртүрлі мәтіндер мен ауызша сөйлеу түрлерінің лингвистикалық ерекшеліктерін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің және нарратив құрылымдарының орын тәртібін сәйкестендіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы дискурсивті талдау, сөйлеу актілерінің теориясы, әлеуметтік лингвистика, қарым-қатынас этнографиясы және прагматикасын қолданудың пәнаралық әдістері мен дағдыларын қалыптастырады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.