философия докторы (PhD)
Шығыс тілі мен әдебиеті саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау нәтижесінде мынадай қабілеттерге ие болады:
- заманауи тіл білімі мен әдебиеттанудың негізгі ұстанымдарын түсіндіру;
- диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру барысында шығыс филологиясының жаңа бағыттарының ғылыми теориясы мен концепцияларын жүйелеу және интерпретациялау негізінде алған білімін қолдану;
- адекватты объектіге қатысты зерттеу материалы негізінде дербес ғылыми зерттеулер жүргізу, шетел филологиясының перспективалық жаңа бағыттарының дамуын жобалаудың әдіснамасын таңдау;
- өзінің не басқа да ғылыми жұмыстар өнімдерінің маңыздылығын бағалау және анықтау, шет тілін білетінін қолдана отырып, ғылыми дискуссияларда, пікірталастарда өзінің дербес ғылыми пікірін қорғау және дәлелдермен тұжырымдау.
Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
8D02305
Шығыстану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты дискурс пен мәтінге қойылатын талаптарға сай гипотеза құрудан бастап аяқталғанға дейінгі ғылыми мәтін түзу қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми жазбаның композициясы мен аспектілеріне, ғылыми жазбаның академиялық форматтарына; дереккөздерді пайдалануға, диссертациядағы ақпаратты орналастыру тәртібіне, көрсеткіштер жасауға, автордың метатілдік біліктілігіне; академиялық жазбаның принциптері мен модельдеріне бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты әлемдік ғылымда қалыптасқан заманауи әдістер мен модельдер негізінде ғылыми мәтін жасау қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми зерттеулердегі транспәндік және пәнішілік бағыттарға; «ортаңғы орын» әдісіне; әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми зерттеулер жүргізудегі басты қағидаттарға; компьютерлік технология мен программаларды материалдарды өңдеуде пайдалануға; контент-талдауға, когнитивті карта құруға және т.б. қолдануға бағытталған.
12
Докторлық диссертация
Докторлық диссертацияны жазу және қорғаудың мақсаты: докторлық диссертацияны қорғау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнын жариялау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа ғылыми негізделген теориялық және эксперименттік нәтижелердің мазмұнын негіздеу немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы басты жетістік;
2. қызметтің кəсіби саласының ерекшелігіне қарай берілген тапсырмалардың шешімдерінің толықтығын бағалауды түсіндіру;
3. олар зерттеулер мен практикалық мәселелерді шешудің балама шешімдерін талдай алады және осы нұсқаларды іске асыру перспективаларын бағалайды;
4. ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын қолдануға және оларды ғылыми басылымдар мен презентациялар түрінде көрсету.
5. ғылыми іздестіруді жоспарлау және құрылымдау, ғылыми-зерттеу проблемасын анық көрсету, оны зерттеудің жоспары / бағдарламасы мен әдістерін әзірлеу, мемлекеттік білім беру мекемесінің талаптарына сәйкес ғылыми дәреже бойынша диссертация түрінде ғылыми-біліктілік жұмысын ресімдеу «8D07502 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).

Докторлық диссертацияны жазу және қорғауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Қорғауға ұсынылатын диссертацияларды рәсімдеу үшін құжаттарды ресімдеу. Диссертацияның ақпараттық картасы және тіркеу-тіркеу карточкасы (Visio 2003 форматында). Диссертациялық жұмыстың алдын-ала қорғалған мекемесінің мәжілісінің хаттамасынан үзінді. Жоғары аттестаттау комиссиясына хат жазыңыз. Авторефератты жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды. Диссертацияны жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды. Есеп комиссиясының отырысының хаттамасы. Дауыс беру бюллетені. Диссертациялық кеңес отырысының стенограммасы. Ғылыми мақалалар тізімі. Ресми қарсыластың жауабы. Жетекші ұйымға шолу. Ғылыми кеңесшіні еске алу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – корпустық лингвистикасының бағдарламалық және ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курс мына мәселелерді қарастырады: корпустық лингвистика, қолданбалы лингвистика, лексикографиялық жұмыстарды автоматтандыру, үлгілеу әдісі, қолданбалы әдістемесінің эксперименттік сипаты, тілдік жүйе.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – шығыс филологиясында компьютерлік технологияны қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс тезаурус, түрлі типтегі сөздіктер, түрлі мақсаттағы мәтіндер және т.б. құру үшін мәтіндердің компьютерлік корпусын пайдалану қабілетін қалыптастырады. Курс мына мәселелерді қарастырады: лингвистикалық корпустардың түрлі негіздері бойынша жіктелуі; параллельді корпустар; машиналық аудару әдістері; компьютерлік бағдарламалар; ауызша корпусты жасаудың күрделілігі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – филологияның негізгі парадигмалары мен ғылым әдіснамасының мәселелерінің толық және дәлелді анализін жасау дағдыларын дамыту қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант мынадай қабілеттерге ие болады:
- тіл мен ойлаудың, тіл мен қоғамның, тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттестігінің іргелі заңдылықтарын жүйелеу;
- шетел филологиялық ғылым, лингвистикалық парадигмалар дамуының теориялық негіздерінің заманауи жағдайын жүйелеу және түсіндіру;
- зерттеудің таңдалған тақырыбы бойынша филологиялық зерттеудің тиімді әдістерін қолдану;
Курс мына мәселелерді қарастырады: шетел филологиясының маңызды парадигмалары мен әдіснамалары туралы бағыттаушы білімдер жүйесі, шетел филологиялық зерттеулер жалпы парадигмалары мен әдіснамаларына сәйкес заманауи филологияның даму перспективалары мен бағыттары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – шығыс тіліндегі заманауи көркем шығармаларды талдау және сыни пікір беру қабілетін қалыптастыру. Курс эстетикалық қабылдауды және көркем әдебиеттің мазмұнын ашу қабілетін қалыптастырады. Курс көркем әдебиетті сыни тұрғыдан талдау принциптерін, әдебиет теориясының негіздерін, модернистік және постмодернистік ағымдардың ерекшеліктерін, әдебиеттанудағы әдіснамалық ағымдарды, көркем ойлаудың ерекшелігін, көркем сөздің поэтикасын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – компаративистика әдістерін қолдана отырып, шығыс тіліндегі әдеби мәтіндерді талдау және интерпретациялау қабілетін қалыптастыру.
Курс салыстырмалы әдебиеттану мәселелерін, әдебиеттердің өзара қарым-қатынасын, байланыс қатынастарын және олардың типологиясын, әсер ету және ықпалға түсу формаларын, «қайталама» әдебиет жанрларын компаративистика тұрғысында, типологиялық жақындастық, ұқсастық, сәйкестіліктерді қарастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – шығыс тіліндегі модернизм және постмодернизм ағымымен сипатталатын әдеби шығармаларды талдау қабілетін қалыптастыру. Курс қазіргі әдебиеттегі модернизм мен постмодернизмнің ерекшеліктерін, Шығыс әдебиетіндегі авангардтық ағымдардың қалыптасуын, экзистенциалистік философия мен әдебиеттің негізін қалаушылардың еңбектерін, көркем шығармалардағы экзистенциалистік қиялды білдіру әдістері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Модуль мақсаты – отандық және шетелдік тіл білімі аясында корпустық тіл білімін зерттеуде теориялық дағдыларды пайдалану.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзыреттіліктерді меңгереді:
1. қолданбалы лингвистика салаларының әрқайсысының ұғымдық аппараттын тану және білімдерді жүйелеу;
2. лингводидактикада (шет тілін оқыту әдістемесін жасау туралы ғылым), терминтаным (ғылыми-техникалық терминологияны реттеу және стандарттау туралы ғылымы), аударматану (аударма теориясы), компьютерлік лингвистикада қолданылатын зерттеу әдістерін классификацилау;
3. дербес ғылым ретінде терминография негіздерін теориялық тұрғыда дәлелдеу;
4. терминографиялық жұмыстарды жүргізудің оптималды бірізділігін белгілеу;
5. автоматтандырылған жүйелердегі терминологиялық деректердің элементтері ретінде терминографиялық параметрлерін түгендеу;
6. терминологиялық деректер банкін жасау және оған енгізілетін ақпарат түрлерін анықтау
«Корпустық лингвистика және лексикографиялық жұмыстарды автоматтандыру» пәні докторанттарда лексикографиялық жұмыстарды автоматтандыру әдістерін қолдана отырып отандық және шетелдік лингвистика аясында қолданбалы лингвистикалық зерттеулердің заманауи әдістері туралы теориялық идеялар жүйесін қалыптастыру.
Пәнді меңгеру барысында келесі аспектілер қарастырылады:
Корпустық лингвистика. Қолданбалы лингвистика. Лексикографиялық жұмыстарды автоматтандыру. Үлгілеу әдісі. Қолданбалы әдістемесінің эксперименттік сипаты. Тілдік жүйе.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – шығыс қоғамындағы әлеуметтік факторлардың тілдік құбылыстар мен тілдік бірліктердің шарттылығын зерттейтін әлеуметтік лингвистика бойынша білімді зерттеулерде қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс лингвистика, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнографияның тоғысында тұрған макроәлеуметтік лингвистиканы, лингвопрагматиканы, әлеуметтік лингвистика ұғымдарын, әлеуметтік лингвистикадағы зерттеу әдістерді және т.б мәселелерді қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты –лингвистикалық ілімдер мен лингвистика теорияларын сыни тұрғыдан талдау, олардың әдістерін саралау және өз зерттеулерінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста генеративті лингвистика, интерпретивизм, Монтегю грамматикасы, функционализм, прототиптер теориясы, тіл "категориялар торы" ретінде, мәтіндік лингвистика және текстология; сөйлеу актісі теориясы, когнитивтік лингвистика және т.б. мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеулерді жазу барысында лингвистикалық терминдерді қолдану, шығыс тілі мен ана тілінде метасөздік (метатіл сөздігін) жасау, лингвистикалық терминдердің түрлі сөздіктерін құрастыру қабілетін қалыптастыру. Курс мета тілінің функцияларын, лингвистикалық терминдер сөздіктерін, лингвистикалық терминологияның деривациялық тенденцияларын, жаңа терминдер жасау жолдарын, авторлық терминдер мәселелерін, лингвистикалық терминдерді унификациялауды қарастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – тілдік прагматика мәселелерін анықтау, Шығыс елдеріндегі БАҚ мәтіндерінің ерекшелігі мен дискурсын айқындау қабілеттерін қалыптастыру. Курс медиа жанрларын, газет мәтіндерін, медиа дискурсын талдау әдістерін, лексикалық семантиканың деривациялық тенденцияларын, заманауи терминология мәселелерін, жаңа концептілердің туындау жолдарын, ақпаратты берудің эмоционалды-экспрессивті жолдарын, видео ақпараттың мәтіндік бөлімін, газет шаблондарын пайдалануды қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты – шығыс әдебиетінің жергілікті және ғаламдық байланыстарының нәтижелерін, ұлттық және халықаралық деңгейдегі әдебиеттердің өзара әрекеттесу принциптерін айқындау, компаративистика теориясының негіздерін түсіну, қазіргі шығыс әдебиеттерінің байланыстарының ерекшеліктерін анықтау қабілетін қалыптастыру.
Курс әдебиеттерді салыстырмалы зерттеуге, бөтенді қабылдау тенденцияларын, шығыс әдебиеті қатынастарынан туған өнімдерді трансформациялау түрлерін қарастыруға бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.