философия докторы (PhD)
Бағдарлама көркем шығармашылықты зерттеудің инновациялық технологияларын меңгеруге, өткен және қазіргі әдеби мұраны зерттеудің жаңа ғылыми теорияларын, тұжырымдамалары мен әдіснамаларын дайындауға қабілетті әдебиеттанушы-ғалымның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Әдебиеттану
8D02304
Филология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттіліктерді, академиялық қарым-қатынас нормаларына сәйкес мәтіндерді жазу және өңдеу қабілетін дамыту; әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндерді құру: диссертация, аннотациялар, ғылыми мақалалар, дәлелді (аналитикалық) эссе, зерттеуді негіздеу мен шолу, филологиялық түсініктемелер және т.б. Пән әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндердің құрылымдық, композициялық, стильдік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлемдік әдебиеттанудың жетекші бағыттары мен ғылыми мектептерінің негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын сыни бағалау және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиеттанудың тарихи дамуын ғылым ретінде жүйелі түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әдебиеттанудың негізгі ғылыми бағыттарын, ағымдары мен мектептерін, олардың көркем шығармашылықты зерттеудегі қағидаттары мен принциптерін зерделеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – филологиялық зерттеу әдістерінің негізгі түрлерін сипаттау және бағалау қабілетін дамыту. Оқу курсы олардың түрлеріне сәйкес зерттеулерді жүргізудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән мыналарды зерттеуге бағытталған: ғылыми филологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін, міндеттері мен жұмыс кезеңдерімен байланысты дұрыс таңдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әдеби туындының көркемдік әлемін концептология тұрғысынан сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ұлттық тұжырымдаманы құндылықтар мен басымдықтар жүйесі ретінде түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әдебиеттану концептологиясын, ұлттық әдебиет концептосферасының ұғымдары мен құрылымын зерттеуге; әдеби-көркем тәжірибе призмасында ұлттың руханиятын, менталитетін және мәдениетін синтездеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән әдебиеттану ғылымының басқа да ғылым салаларымен байланысы жөніндегі сыни бағалау қабілетін қалыптастырады. Сондай-ақ гуманитарлық ғылымдардағы психологиялық зерттеудің теориялық негіздерін; әдебиеттанудағы когнитивті, герменевтикалық, тарихи-салыстырмалы, антропологиялық әдістерді; ғылыми жобалар мен ғылыми еңбектер жазудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – бұқаралық және Интернеттік әдебиет туындыларының жанрлық-стилистикалық және көркемдік ерекшеліктерін сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы бұқаралық, кибер әдебиетті зерттеудің маңыздылығы мен алғышарттарын және қағидаттарын, олардың қазіргі оқырман санасына әсерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән бұқаралық және Интернеттік әдебиеттің жанрлық жүйесін, құрылымдық ұйымдасуын және мазмұнын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жоғары оқу орындарында әдебиет пен әдебиеттану пәндерін зерттеу ерекшеліктерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы оқу орындарында әдебиет пен әдебиеттану пәндерін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән шығармашылық тәжірибені жүйелеуге, әдебиет пен әдебиеттану пәндерін зерттеу мен оқытудың өзіндік стратегиясын меңгеруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Фольклорлық шығармалардың құрылымдық ерекшеліктері мен түрлі типологиялық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерделеу қабілеттерін қалыптастыру. Курста фольклорлық шығармаларды зерттеуде салыстырмалы-типологиялық әдісті қолдану, типологиялық зерттеудің бағыттарын саралау, шығармаларды түркі-моңғол халықтарының фольклорымен салыстырып, ортақтықтар мен өзгешеліктерді анықтау қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әдеби шығармаларды автор тұлғасының психологиясы призмасы арқылы түсіну және зерттеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы авторлардың эмоциялық-мағыналық доминанттарының парадигмасында көркем мәтіндердің типологиясы мен сараптамасын жүзеге асыруда теориялық-әдіснамалық негізді қалыптастырады. Пән көркем шығарманың табиғатын, жазушы мен оқырман психологиясын терең түсінуге, көркем туындыларға психологиялық-лингвистикалық сараптама жүргізу қағидаттарын зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әдебиет пен фольклордың өзара онтологиялық байланыс заңдылықтарын сипаттау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы фольклор мен әдебиет конвергенциялары процестерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әдеби-фольклорлық байланыстар мәселесінің екіжақтылығын зерттеуге бағытталған; әдеби оқиғалар мен типологиялық-контактілік қатынастарды типологиялық тұрғысынан талдау; әдеби туындылардың фольклоризм проблемалары мен әдеби поэзияның ауызша генез туындыларына әсерін зерделеу.
ҒЗЖ қорғау
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Педагогикалық практиканың мақсаты – теориялық білімді бекіту, кәсіби құзыреттілікті дамыту, дербес педагогикалық қызметке дайындықты қалыптастыру. Практикадан өту барысында студенттер: білім беру мекемесі жұмысының құрылымы мен ерекшеліктерін зерделейді; сабақ конспектілерін әзірлейді және оқу сабақтарын өткізеді; тәрбие іс-шараларына және сыныптан тыс жұмыстарға қатысады; қолданылатын оқыту әдістері мен технологияларының тиімділігін талдайды; педагогикалық құжаттаманы жүргізеді.