педагогика ғылымдарының магистрі
Қазақ тілі мен әдебиеті саласында бейінді, педагогикалық және ғылыми бағыттағы орта және жоғары мектептің жоғары білікті педагогтарын қалыптастыру және даярлау.
Қазақ тілі мен әдебиеті
7M01701
Филология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты әдебиет пәндерін оқыту кезінде инновациялық және сандық технологияларды игеру, оқыту барысында қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән мазмұнында қазіргі ғылым жетістіктері мен қол жетімді құралдарды пән мазмұнына сай қолдану, әдеби тақырыптарды игеру барысында түсіну, талдау, бағалау қабілеттерін автоматтандыру, оқу бағдарламаларын жаңа сапаға көтеру мәселелері қамтылған. Пән жаңа технологияларды игеруге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты әдебиет тарихын дәуірлеудің қазіргі өзекті теориялық және профильді-практикалық аспектілерін, әдеби шығармашылықты талдаудың озық технологияларын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиет тарихын зерделеудегі инновациялық үрдістерді болашаққа көзқараспен бастамашылық зерттеулерде қолданудың теориялық-әдіснамалық түсінік негізін қалыптастырады. Пән әдебиет тарихын дәуірлеу, кезеңдермен оқыту мәселелерін зерттеуге бағытталған.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – көркемдік құбылыстар мәнін, әдеби шығармашылықты зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жазушылар шығармашылығын зерттеудің, көркем шығармаларды талдаудың теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән қазіргі әдебиеттану әдістемелерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазақ тілі ғылымының бірыңғай мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын инновациялық технологиялар бойынша меңгерту дағдысына ие маман қалыптастыру. <br/> Жаңа бағдарламаны меңгертудің әдіс-тәсілдері; қазақ тілінің цифрлық технологиялары; білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану жолдары және білім берудің жаңа мазмұны пән мазмұнын қамтиды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: педагогикалық дизайнның міндеттері мен принциптерін сипаттау және оны фольклор мен әдебиетті оқыту үдерісінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы педагогикалық дизайн технологияларын және әдебиеттану пәндерін оқу кезінде оқу материалын әзірлеу кезеңдерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән педагогикалық дизайн дағдыларын игеруге және оны білім беру үдерісінде қолдануға бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты қазақ тілінің тарихын, даму, кемелдену, қалыптасу тарихын кешенді түрде меңгерту. Тіл тарихында ішкі, сыртқы факторлар негізінде пайда болған өзгерістер сырын тілдік заңдылықтар негізінде түсіндіре алу, өзгерістерге себеп болған тілдің даму кезеңдерін ажырата алу, тіл тарихындағы өзгерістер морфологиялық, фонетикалық, грамматикалық, семантикалық өзгерістерді саралау, көне тіл мен жаңа тіл арасындағы генетикалық байланысты ашып, айқындау дағдысын қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Алаш әдебиетінің негізгі идеялары мен мәселелерін, филологтың кәсіби қызметіндегі рөлі мен маңызын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жастарды рухани және адамгершілік тәрбиелеу үдерісінде Алаш әдебиеті идеяларын қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Пән Алаш өкілдерінің еңбектерін, олардың дүниетанымы мен көзқарастарының ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазіргі әлемдегі әдеби сынның даму тенденцияларын, ұғымдық-категориялық аппараттын, брендингтің рөлі мен маңыздылығын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиет туындыларын жылжытуда брендинг технологияларын қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдеби сынның әдеби брендингпен байланысын, көркем шығармашылықты бағалаудың принциптері мен әдістерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты қазіргі әдеби үдерістегі сынның өзекті мәселелерін, теориялық, әдістемелік негіздерін сипаттау мен бағалау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу курсы әдеби сынның даму заңдылықтарын, тарихын, оқыту әдістемесін зерделеу арқылы сын үрдістерінде алған білімін қолдану дағдысын қалыптастырады. Пән әдеби сынның тарихын, теориясын, әдістемесін терең зерттеуге, талдауға бағалауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әдебиеттану мен психология ғылымдарының ортақ мәселелерін ғылыми негіздеу, жүйелеу. Оқу курсы пәнаралық зерттеулер нәтижелеріне сүйенеді, әдеби туындылардағы психологизм белгілеріне талдау жасайды, кейіпкер психологиясының табиғатын ашады. Пән пәнаралық зерттеу жұмыстарының нәтижелерін негіздеп, жүйелеп, дербес тұжырым жасауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты Қазақстандағы қазіргі бұқаралық әдебиеттің бейнесі туралы түсінік беру. Оның эстетикалық, мәдениеттанушылық ерекшеліктері туралы дәйектеу. Оқу курсы қазақ әдебиетінде мәдени парадигмның өзгеруі туралы негіздеу, көркем әдебиетті әдебиеттанушылық және тарихи-мәдени аспектілерде талдау дағдыларын қалыптастырады. Пән қазіргі қазақ жазушыларының, бұқаралық әдебиет өкілдерінің өмірбаяндары мен шығармашылығын зерделеуге, сыни бағалауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазіргі тіл мен дискурсты лингвистиканың жаңа зерттеу парадигмалары бойынша саралап, талдай білетін және оның оқыту әдістемесін меңгерген маман қалыптастыру. Тілдік қатынасты жүзеге асыру принциптері; тіл мен ойлау, тіл мен сөйлесім; тілдік қатынас және таным; мәтін мен дискурстың арақатынасы; дискурстың прагматикалық, когнитивтік, этнолинг-вистикалық, мәдениеттанымдық т.б. сипаттары; дискурсты оқыту әдістемесі пән мазмұнын қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты баспа ісінің негіздері, оның жүйесі, тұжырымдамалары, қағидаттары, бағыттары туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу курсы баспаның құрылымы мен баспа процесінің негізгі сатылары, кітаптарды дайындау мен шығару, кітап нарығының Қазақстанда және шетелде қызмет етуінің кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастырады. Пән авторлық құқық, баспа ісіндегі маркетинг және менеджмент, кітап басуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты әдебиетті оқытудың когнитивтік аспектілерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы когнитивтік әдебиеттанудың негізгі міндеттерін, оның білім беру жүйесімен байланысын түсінудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән әдебиеттану, білім және психологияның байланысын анықтауға, көркем шығармашылықты зерттеуде когнитивтік әдістерді қолдануға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: синтаксисті коммуникативтік бағытта оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерген маман қалыптасыру. Синтаксистің статикалық және динамикалық ерекшеліктері; бірінші және екінші дәрежелі коммуникативтік талаптар: лебіздің актуалды мүшеленуі, үнемделуі, түрленуі; сөйлем модельдерінің құрылымының базистік болуы немесе транформациялануы; тема-ремалық қатынастар; категорияларды оқытудың жаңа ғылыми теориялары, қағидаттары, стратегиялары және олардың әдіснамалық негіздері пән мазмұнын қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтың ерекшеліктері мен кезеңдерін, көпшілік алдында сөйлеуді құру принциптерін түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көпшілік алдында сөйлеуді дайындаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін, әртүрлі аудиториямен жұмыс істеу принциптерін қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әр түрлі жанрдағы көпшілік алдында сөйлеу технологияларын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру үдерісінде және әдебиетті зерттеуде қолданылатын медиатехнологиялардың негізгі ұғымдары мен категорияларын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы медиатехнология арқылы жазушылардың шығармашылығын зерттеу сабақтарын әзірлеу үшін теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдебиетті оқыту үдерісінде қолданылатын медиа технологиялардың негізгі түрлері мен принциптерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әдебиеттің қалыптасу мен даму үдерісінің сипатына, қозғаушы күшіне, әдеби құбылыстардың пайда болу себептеріне, ұлттық тарихи-әдеби қозғалыстың өзге де елдердің тарихи-әдеби қозғалыстарымен байланысына байланысты жан-жақты білім беру. Сонымен бірге, оқу курсы әдебиеттегі көркемдік құбылыстар мәнін, әдеби шығармашылықты зерттеудің негізгі бағыттарын, жазушылар шығармашылығын зерттеудің, талдаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты қазақ лексикографиясы мен терминографиясын оқытудың теориялық және әдіснамалық негізін меңгерту. Оқу курсында лексикграфиялық, терминологиялық сөздіктер шығаруға қойылатын талаптар үйретіледі, терминологиялық сөздіктерге терминдерді сұрыптайды. Пән лексикографиялық, терминологиялық сөздіктер құрастыру дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты Қазақ халқының төл дүниетанымында қалыптасқан туынды сөздер мен халықаралық ортақ ұғымдарды таңбалау – сөздің негізгі қызметінің бірі екенін тануға бағыттау. Оқу курсында туынды сөздің негіздемесін дұрыс айқындайтын, оның әдіснамалық сипатын меңгеру ұстанымын қалыптастыру. Пән сөзжасамның негізгі теориялық бағыттары, оны оқытудың әдіснамалық ерекшеліктерін қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: функционалды грамматика теориясын және оның оқыту әдістемесін меңгерген маман қалыптасыру.
Уақыт және кеңістік категориялары; ФГК, ФГС, ФГӨ базалық ұғымдары; категориялық жағдаят; тіл деңгейлерінің әрекеттесуі; ФГС, ФГК тоғысу ерекшеліктері және оны оқыту әдістемесі пән мазмұнынын қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты қазақ-түркі әдеби байланыстарын салыстыра зерттеу, талдау, бағалау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу курсы қазақ және түркі халықтарының әдебиеттерін зерттеп, байланыстарын ғылыми дәлелдеуде, дербес тұжырымдарын жасауда дағдыларын қалыптастырады. Пән әдеби байланыстардың бір-бірімен сабақтаса отырып дамуын зерттеуге бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты мәдениетаралық коммуникация негіздерін, жаһандану мен интеграциялық үдерістердің қазақ әдебиетінің дамуына ықпалын түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мәдениетаралық және әдеби өзара әс-әрекет ерекшеліктерін түсінудің
теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, оның қазіргі тарихи-мәдени үдерістегі орны мен рөлін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты спичрайтинг аясында теориялық және тәжірибелік бірліктерді қалыптастыру, болашақ мамандарды спичрайтинг саласында тәжірибелік жұмысқа дайындау. Оқу курсы қазіргі қоғам алдында тұрған әлеуметтік міндеттерді шешуде спичрайтингтің теориялық-әдіснамалық мүмкіндіктерін қалыптастырады. Пән көпшілік алдында сөйлеу түрлерін және спичрайтинг жанрларын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: сөз құрамындағы тарихи-фонетикалық өзгерістерді, түбіртектерді табудың әдіс-тәсілдерін саралап, талдай алатын маман қалыртастыру. Сөз құрамындағы тарихи-фонетикалық өзгерістер, түбіртектерді табудың әдіс-тәсілдері; дауысты және дауыссыз дыбыстарды түркі тілдерімен салыстырып, олардың алғашқы формасын анықтау жолдары; дауысты және дауыссыз ыбыстардың түпкітектері; түркі тілдеріндегі дауыстылар мен дауыссыздардың даму кезеңдері; оларды оқыту әдістемесі пән мазмұнын құрайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты фольклорлық шығармалардың құрылысын, тілін және талдау ерекшеліктерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы фольклордың әртүрлі жанрындағы шығармалардың поэтикасын түсінудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән халықтың ауызша шығармашылығы шығармаларын талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
РК(с оценкой)
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.