педагогика ғылымдарының магистрі
Отандық және жалпы тарих саласында тарихи таным тұрғысынан тарих ғылымы саласындағы ғылыми проблемаларды шешуге қабілетті және ЖОО-да тарихи пәндерді олардың мазмұнын, даму перспективаларын және қазіргі қоғамның дүниетанымдық бағдарламаларын қалыптастыруға әсерін бағалау арқылы жаңа ғылыми тұжырымдамалар негізінде оқытуды қамтамасыз етуге жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау.
Тарих
7M01601
Тарих
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты білім беру процесінің коммуникативті мәтінін түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс білім беру субъектілерінің оң өзара іс-қимылын түсінудің, білім беру қызметтерін таңдаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады; коммуникациялардың білім беру процесіне әсерін, жеке коммуникативтік ресурстарды, жаңа коммуникативтік технологияларды интеграциялауды, әлеуметтік коммуникациялар мен коммуникативтік практикаларды игеруді зерделеуге бағытталған.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді игерудің мақсаты білім беру саласындағы кәсіби қызметке дайындықты дамытудың негізі ретінде білім беру үдерістерін басқарудың методологиялық негіздерін қалыптастыру болып табылады.<br/> Пән әдеттен тыс жағдайларда білім беру үдерістерін басқаруда этикалық нормаларды пайдалану; білім беру үдерісінің нәтижелерін талдау; кәсіби қызметте білім беру үдерістерін басқару саласында алған білімін қолдану қабілеттерін қалыптастырады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда жоғары оқу орындарында дүниежүзілік тарихты оқыту әдістемесі туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пән университетте дүниежүзілік тарих пәндерін оқытудың әдістемесін, технологиялары мен әдіс-тәсілдерін; жоғары оқу орнының дәрісін құру принциптері мен оны оқу әдістемесін, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін, жоғары мектепте педагогикалық бақылауды ұйымдастыруды қарастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: пәннің ерекшеліктерін, міндеттерін, микро тарих әдістерін түсіну қабілетін қалыптастыру, микро-және макро-зерттеу тәжірибелерін ұштастыру мүмкіндігі туралы қазіргі тарихи ғылымда бар пікірлерді синтездеу. Курс микротарихтық зерттеу бағытының проблемалық өрісін, микроисторияның мәселелері мен ұғымдық аппаратын, түрлі ұлттық тарихнамалық мектептерде микротарихтың пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттейді.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: тарихты оқытудың әртүрлі деңгейлерінде әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру, педагогикалық қоғамдастыққа қажетті жаңа инновациялық әдістемелік өнімдерді жасау қабілетін қалыптастыру. Курс мыналарды зерттейді: бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды талдау, әдістемелік білімді жіктеу, жүйелеу және қолдану; мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқыту кезінде дүниежүзілік және отандық тарихтың мазмұнын құрылымдау.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты-тарихи пәндерді оқытудың жаңа технологияларын қолдану және жетілдіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы тарихты оқытудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады және оқытудың стратегиясы мен тактикасын анықтайды. Пән оқыту үдерісіне жаңа әдістемелерді интеграциялау үшін тарихи пәндерді оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдарын оқытуға бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты – тарихи оқиғалар мен құбылыстардың ішкі логикасының іргетасын құрайтын негізгі теориялық мәселелерді талдауға қабілеттілікті қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында тарихтың сызықтық және циклдық даму мәселесіне, әртүрлі қоғамдардың дамуын салыстырмалы түрде талдауға, «Шығыс − Батыс» мәселесін әлем тарихының негізгі концепциялары аясында талдауға басты назар аударылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әлеуметтік пәндерді оқытудың негізгі теорияларын талдау, арнайы терминологияны қолдану; қоғамда білім беру үдерісін қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды түсіндіру қабілетін қалыптастырады;
Курс әлеуметтік дамудың негізгі заманауи теорияларын және оларды қолдану дағдыларын, әлеуметтік даму заңдарын, әлем мен Қазақстандағы жоғары білімнің даму үрдістерін, білім беру әдіснамасын, педагогикалық теориялар мен фактілерді зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты білім беру процесінің коммуникативті мәнмәтінін түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс білім беру субъектілерінің оң өзара іс-қимылын түсінудің, білім беру қызметтерін таңдаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады; коммуникациялардың білім беру процесіне әсерін, жеке коммуникативтік ресурстарды, жаңа коммуникативтік технологияларды интеграциялауды, әлеуметтік коммуникациялар мен коммуникативтік практикаларды игеруді зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты түркі халықтарының тарихын Ватиканның сирек кездесетін дереккөз материалдары арқылы сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс таңдалған тақырып бойынша лингвистикалық-латын дереккөздерін талдау; сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және ғылыми зерттеудің басқа да әдістері арқылы тарихи өткеннің жекелеген құбылыстары мен оқиғаларын әлемдік-тарихи дамудың жалпы парадигмасымен байланыстыру мәселелерін қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты дүниежүзілік және отандық тарихтың қазіргі даму тенденцияларын бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән қазіргі заманғы шетелдік және отандық тарихтың сипаты мен үрдістерін зерттеуге бағытталған: дүниежүзілік және отандық тарих саласындағы дербес ғылыми зерттеуді жүзеге асырады, дүниежүзілік немесе отандық тарих бойынша ғылыми зерттеудің мәселелері мен міндеттерін тұжырымдайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты әлемнің түрлі елдерінде ұлттық тарихты оқытудың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Оқу курсы ұлттық тарихтың мемлекет құрушы фактор ретінде, ұлттық бірегейлік пен тарихи сананы қалыптастырудағы рөлін түсінудің теориялық-методологиялық негізін қалыптастырады. Пән ұлттық тарихтың нақты мәселелерін зерттеумен және оларды тарих оқулықтарында жариялаумен танысуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: діндер тарихын оқытудың ерекшеліктерін түсіну, пәнді оқытудың методикалық модельдері, әдістері мен технологияларын жасау қабілетін қалыптастыру. Пән діндер тарихын әлемдік тарих пен өркениеттер тарихы аясында зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін; діни ілімдер, этика және этикет туралы түсініктерді, жеке тұлға қалыптастыру мәселесіне көзқарастар жүйесін, діндердің әр түрлі халықтардың рухани-мәдени дамуындағы рөлін қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты түрік-мұсылман шығысындағы ұқсас үдерістермен өзара байланыста және салыстыруда отандық ағартушылық және зияткерлік элиталардың тарихын қарастыру және бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән Шығыс ағартушылығының жалпы принциптерін, қазақ интеллектуалдық элитасын жадидизм өкілдерімен салыстыруды, түркі элитасының генезисіндегі жалпы және ерекшені және олардың қызметін анықтауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: микро-және макро-зерттеу тәжірибелерін ұштастыру мүмкіндігі туралы қазіргі тарихи ғылымда бар пікірлерді синтездеу. Курс микротарихтық зерттеу бағытының проблемалық өрісін, микроисторияның мәселелері мен ұғымдық аппаратын, түрлі ұлттық тарихнамалық мектептерде микротарихтың пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Орталық Азия халықтарының мәдени және саяси модернизациясын дамытудағы джадидизмнің мәдени-ағартушылық және реформаторлық рөлін анықтау және ХХ ғасырдың басындағы түрікшілдік доктринасының ерекшеліктерін талдау қабілеттерін қалыптастыру. Курс: Орталық Азиядағы ағартушылық идеологияның ерекшеліктерін; джадидизмнің мәдени-ағартушылық және реформалық доктринасының көріністерін; империялық идеологиядағы түрікшілдік доктринасы мен мұсылмандық мәселесін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты-қазіргі ғылымдағы герменевтиканың ерекшеліктері мен даму тенденцияларын талдау негізінде тарихи зерттеулерде тарихи герменевтика әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс зерттеудің жаңа әдістерін дербес оқытуға ықпал етеді және магистранттарды тарихи зерттеулер саласындағы дербес теориялық әзірлемелерге дайындайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннәі мақсаты: тарихи пәндерді оқытудың жаңа технологияларын қолдану және жетілдіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы тарихты оқытудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды және оқытудың стратегиясын және тактикасын анықтайды. Пән оқу үдерісіне жаңа әдістерді енгізу үшін тарихи пәндерді оқыту әдістерін, тәсілдері мен құралдарын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты: білім алушыларда тарихи информатика/Data Science саласында деректер базасын (ДБ) жобалау бойынша теориялық білім және олардың жұмыс істеуінің жалпы қағидаттары негізінде құзіреттіліктерді қалыптастыру. Курс: тарихи зерттеуде ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданудың негізгі бағыттарын; просопографиялық және библиографиялық мәліметтер базасын; дереккөздерге негізделген мәліметтер базасын құру ерекшеліктерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты – ХХ ғасырдың кейбір мемлекеттеріне тән тоталитарлық режимдердің тарихи тәжірибесіне сыни талдау жасау арқылы магистранттардың кәсіби қабілеттерін дамыту. Курсты оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: тоталитаризмнің тарихи аспектісі, оның идеологиялық негіздері,тоталитаризм тарихы мен оның мұрасын зерттеуге қатысты заманауи ұстанымдар.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.