техника ғылымдарының магистрі
Энергияны көп қажет ететін материалдарды жасау саласындағы теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешу және олардың технологияларын жетілдіру үшін кәсіби құзыреттілікке ие магистрлерді дайындау. Ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыруға, жану, детонация және жарылыс саласындағы эксперименттерді жоспарлау және болжау үшін модельдеу процестерін қолдануға кәсіби қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
7M07104
Химия және химиялық технология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және өткізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. <br/> Курс ғылыми зерттеу үдерісінің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. <br/> Пән ғылыми әдістердің негіздерін, ғылыми жарияланымдарды және жобаларды дайындау мен шолу ережелерін зерттеуге бағытталған. Ғылыми эксперименттерді жоспарлауға, зерттеу нәтижелерін ұсынуға және коммерцияландыруға, ғылыми жобаларды дайындауға, ұсынуға ерекше назар аударылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты жану мен жарылыстың жылулық және тізбекті механизмдерін сипаттау және түсіндіру, кәсіби мәселелерді шешуде жанудың заманауи теорияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән химиялық физика, газ қоспаларының негізгі заңдарын, термодинамика заңдарын; жану теориясындағы жалын фронтын, жану режимдерін, жарылыс реакцияларының ерекшеліктерін, Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясын зерделеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: жарылғыш заттар қоспаларын дайындауға арналған техникалық қауіпсіздік ережелерін, жарылғыш заттар өндірісінде шаңдану, жарылысқаупі бар жұмыстарды орындау барысында желдетуге, статикалық электр қуатты, жарылғыш материалдарды өндіруге арналған қоймалар мен кәсіпорындардың найзағайдан қорғауға жарылғыш заттарды дайындауға арналған қауіпсіздік ережелерін.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: заманауи әлемдік ғылым мен өндірісте пиротехникалық құрамдардың рөлін бағалау қабілетін қалыптастыру.<br/> Оқу курсы әлемдік тәжірибені ескере отырып, пиротехникалық құрамдардың жаңа түрлерін жасаудың теориялық және практикалық негізін қалыптастырады. Пән қазіргі әлемдік ғылым мен практикада бар пиротехникалық құрамдар мен компоненттердің, жаңа пиротехникалық құралдардың жалпы қасиеттерін зерделеуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - конденсирленген жүйелердің жану үдерістерінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін талдау қабілетін, жаңа материалдар синтезінде қолданылатын конденсирленген жүйелердің жану теориясын түсінуді қалыптастыру.<br/> Пән жану теориясының элементтерін, конденсирленген жүйелердің жану жылдамдығын анықтайтын негізгі үдерістерді, жанудың кинетикалық және диффузиялық режимдерін, каталитикалық қоспалардың конденсирленген жүйелердің жану үдерісіне әсерін оқып білуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты халықты және қоршаған ортаны пиротехникалық материалдарды қолдану мен өндіріс нысандарының ықтимал теріс әсерінен қорғау қабілетін қалыптастыру.<br/> Пән пиротехникалық құрамдар туралы жалпы мәліметтерді, қорғаныс өнеркәсібі мен төтенше жағдайларда пиротехникалық құралдарды қолдану әдістерін, энергиясыйымды материалдарды өндіру бойынша кәсіпорындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері мен есептеу әдістерін зерделеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: пиротехникалық және жарылғыш заттар өндірісінің технологиялық үдерістерінде талдау мен бақылаудың физикалық әдістерін қолданудың мақсаттары мен міндеттері.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - энергиясыйымды материалдардың детонация үдерістерін модельдеу және детонациялық жануды сипаттаумен байланысты химиялық мәселелерді шешу кезінде қажетті модельдеу дағдыларын қалыптастыру.
Пән жану теориясының негізгі түсініктерін, детонациялық толқын шебінен кейін болатын үдерістердің әртүрлі математикалық модельдерін, детонациялық ағыстарды есептеу мәселелерін, детонацияны бастау үдерісін модельдеуді оқып білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - жану мен жарылыстың жылулық және тізбекті механизмдерін сипаттау және түсіндіру, кәсіби есептерді шешуде жанудың заманауи теорияларын қолдана білу қабілетін қалыптастыру.
Пән химиялық физиканың негізгі заңдарын, газ қоспаларын, термодинамика заңдарын, жану теориясындағы жалын шебін, жану режимдерін, жарылыс реакцияларының ерекшеліктерін, Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясын оқып білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: химиялық кинетиканың негізгі түсініктері мен реакциялардың түрлері, газ динамикасының бір өлшемді теңдеулер жүйесін модельдеу әдістері, газ динамикасының теңдеулер жүйесінің кейбір математикалық қасиеттерін
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты энергияны көп қажет ететін материалдардың жану және жарылыс процестерін модельдеу мен жану процесіне қатысты химиялық мәселелерді шешу кезінде қажетті модельдеу қабілетін қалыптастыру. Пән химиялық кинетика мен реакциялар түрлерінің негізгі түсініктерін, газ динамикасы теңдеулерінің бір өлшемді жүйелерін модельдеу әдістерін, газ динамикасы теңдеулер жүйесінің кейбір математикалық қасиеттерін, детонациялық толқынның алдыңғы жағында болатын процестердің әртүрлі математикалық модельдерін, детонациялық ағынды есептеу мәселелерін, детонацияны инициирлеу процесін модельдеуді зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - жарылыс теориясын, жарылғыш заттарды жіктеу, есептеу және ілеспелі физикалық және химиялық үдерістердің ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жарылғыш заттар өндірісін талдау, есептеу және бағалау негіздерін қалыптастырады. Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттар компоненттерінің физика-химиялық, энергетикалық сипаттамаларын есептеуді, жарылғыш заттарды алудың технологиялық үдерістерін жүзеге асыру тәсілдерін оқып білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жарылғыш заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі қауіпті факторларды талдау қабілетін қалыптастыру.
Пән қоспалы жарылғыш заттарды дайындаудағы қауіпсіздік техникасы ережелерін, жарылғыш заттарды өндіру кезіндегі шаңдану, жарылысқа қауіпсіз жағдайда желдету, статикалық электр тоғы, жарылғыш материалдарды өндіруге арналған кәсіпорындарды найзағайдан қорғау ережелерін, жарылғыш заттарды дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жер бетінде және жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптарын қолдана білу қабілетін қалыптастыру.
Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жалпы сипаттамаларын, автокөлік, темір жол, теңіз, өзен және әуе көлік түрлерімен жарылғыш материалдарды тасымалдау шарттарын, жарылғыш заттар мен бұйымдарды өндіру, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын оқып білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндірісінің технологиясын және жару құралдарының жаңа түрлерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы өнеркәсіптік жарылғыш заттарды дайындау және қолдану технологиясының практикалық негізін қалыптастырады.
Пән жарылғыш заттар өндірісін дамыту принциптерін, өнеркәсіптік жарылғыш заттар зарядтарын инициирлеу жүйесін, жару жұмыстарын кешенді механикаландыруды зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: экологиялық мәселелерді шешу үшін жарылыстық технологияларды қолдана білу қабілетін қалыптастыру.
Пән оқ-дәрілерді пайдаға асыру әдістерін; мұнай төгілулерін жоюға, шиналарды ұсақтауға арналған жарылыс технологияларын, сонымен қатар жарылыс энергиясының көмегімен беріктендіру, қалыптау, нығыздау және аса қатты материалдарды динамикалық синтездеу, оқ-дәрілерді бөлшектеу және жоюдың экологиялық қауіпсіз жарылыс әдістерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жарылыспен қатар жүретін үдерістерді, оны бейбіт мақсатта пайдалану ерекшеліктерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы бейбіт мақсатта жарылыстарды қолдану табиғатын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.
Пән құрылыс, қорғаныс өнеркәсібінде, геологиялық барлау жұмыстарында, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын жарылғыш заттардың сипаттамалары мен қолдану ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: заманауи әлемдік ғылым мен өндірісте пиротехникалық құрамдардың рөлін бағалау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы әлемдік тәжірибені ескере отырып, пиротехникалық құрамдардың жаңа түрлерін жасаудың теориялық және практикалық негізін қалыптастырады. Пән қазіргі әлемдік ғылым мен практикада бар пиротехникалық құрамдар мен компоненттердің, жаңа пиротехникалық құралдардың жалпы қасиеттерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік жарылғыш заттарды алу, қасиеттерін сипаттау және қолданумен байланысты мәселелерді шеш білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өнеркәсіптік жарылғыш заттарды алудың теориялық-практикалық әдіснамасын қалыптастырады.
Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жалпы сипаттамасын, жарылыстың энергетикалық сипаттамаларын, өнеркәсіптік жарылғыш заттарға қойылатын техникалық талаптарды, оларды алу және тау-кен өнеркәсібінде қолданылуын оқып білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - пиротехникадағы өздігінен таралатын жоғары температуралық синтездің (ӨЖС) химиялық технологиясының принциптерін жүйелі түсіну және талдау қабілетін қалыптастыру.
Пәнде келесі аспектілер қарастырылады: Өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез әдісі. ӨЖС әдісінің негізгі технологиялық түрлері. Жану теориясының қарапайым негіздері. Қатты фазадағы жану үдерісінің ерекшеліктері. Жану толқынының құрылымы. ӨЖС термодинамикасы және кинетикасы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - пиротехникалық және жарылғыш заттарды әртүрлі физикалық әдістермен талдау және өндірістік бақылау жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Пән пиротехникалық және жарылғыш заттардың химиялық құрылымын анықтауға және өндірістің технологиялық үдерістерінде бақылау мен талдаудың физикалық әдістерін қолдану саласы мен міндеттерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - пиротехникалық заттардың қасиеттерін жіктеу және есептеу үшін жану және жарылыс теориясын қолдану қабілетін қалыптастыру.
Пән қолданыстағы пиротехникалық заттардың жіктелуін, құрамдарын және пайдалануын зерттеуге, пиротехникалық бұйымдарды өндіруге арналған шикізат пен қосалқы материалдарды іріктеуге, пиротехникалық бұйымдарды, жабдықтарды өндіру сызбасына, пиротехникалық бұйымдарды құрастыруға, сынақтан өткізуге қойылатын жалпы талаптарды білуге бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: тұрмыстық мақсаттағы қарапайым пиротехникалық бұйымдарды құрастыру қабілетін қалыптастыру. Пән пиротехникалық бұйымдарды құрастырудың негізгі принциптерін; корпустарды дайындау үшін қолданылатын материалдарды; пиротехникалық бұйымдардың типтік тораптарының әрекет ету принциптерін; жалын жарығының қажетті күштерін; пиротехникалық жалынның көріну қашықтығын; зарядтың массасын, бұйымның көтерілу биіктігін; меншікті импульсті; пиротехникалық зарядтың габариттік сипаттамаларын зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жану сипаттамалары берілген пиротехникалық құрамдардың рецептураларын әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пән пиротехникалық құрамдардың рецептураларын құрастырудың жалпы принциптерін; компоненттердің қолданылуын, рецептураларды, бастапқы компоненттер мен қос қоспаларды әзірлеудің жалпы принциптері мен реттілігін; қосымшаларды іріктеуді; құрамдарды дайындау технологиясын пысықтау; қатты пиротехникалық отындардың негізгі сипаттамалары мен қолдану салаларын зерделеуге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.