философия докторы (PhD)
химия ғылымы мен өнеркәсібінің қазіргі заманғы мәселелерін талдауға және шешуге қабілетті химиялық процестерді, заттар мен материалдарды зерттеудің негізгі әдістері бойынша іргелі білім мен дағдылар кешені бар химия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Химия
8D05301
Химия және химиялық технология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: докторанттарда ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша өз ұстанымдары мен қорытындыларын, аргументтері мен гипотезаларын академиялық жазу стилінде көрсете білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ашық басылымдарға ұсынудың, ғылыми жобалар конкурстарына қатысудың және басқа елдердің ғалымдарымен қарым-қатынастың әдіснамалық негізін қалыптастырады. Курсты меңгеру нәтижесінде докторант қабілетті болады:-Scopus және Web of Science деректер қорына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар жаза алуға; ғылыми жұмыстарды сыни талдауға, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете алуға;әдебиеттерді және өз нәтижелерін талдау негізінде қорытынды жасап, диссертациялық жұмыс дайындауға
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: докторанттарда жоғары деңгейде фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ететін және халықаралық талаптарға сай келетін нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін зерттеулердің қазіргі заманғы инновациялық теориялық және эксперименталдық әдістерін саналы түрде таңдап және қолдана алатындай креативті қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы докторанттарға ғылыми-инновациялық қызметке белсенді қатысуға және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға ынталандырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: физикалық химияның жаңа бағыттарының ғылыми теориясы мен проблемаларын жүйелеу және түсіндіру, осы білімді әрі қарай өздігінен зерттеу және ғылыми проблемаларды шешу үшін қолдану. Оқу курсы физикалық химияның қазіргі заманғы теориялық тұжырымдамаларын бағалауға, сондай-ақ кәсіби педагогикалық және ғылыми қызметте осы пәнді игеру барысында алған білімді пайдалануға мімкіндік береді.Пәнді оқу барысында қарастырылатын болады: классикалық, статистикалық термодинамиканың теориялық және қолданбалы аспектілері, химиялық және электрохимиялық үрдістердің негізгі кинетикалық параметрлерін анықтау үшін заманауи химиялық кинетиканың теориялық және қолданбалы аспектілері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: химиялық процестерді оңтайландыру және молекулалардың құрылымының негізінде химиялық қосылыстардың қасиеттерін болжау үшін компьютерлік модельдеуді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Осы пәнді оқу кезінде докторанттар кванттық механиканың іргелі заңдарын жаңа материалдар шығару үшін химиялық жүйелер мен реакцияларды зерттеу құралы ретінде қолдана алады. Пән докторанттарда қол жетімді компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, химиялық реакция механизмдерін модельдеуді қоса алғанда, кванттық-химиялық есептеулер жүргізу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты:биосорбенттер мен биокатализаторларды алу үшін биодисперсиялардың беттік қасиеттерін реттеудің ең тиімді әдістерін таңдау құзыреттілігін қалыптастыру. Оқу курсы дисперстелген жүйелердің арнайы класы - микроағзалар жасушаларының қасиеттерін мақсатты басқарудың теориялық және әдіснамалық негізін, оларға адсорбция заңдылықтары мен тұрақтылық теориясын қолдануды қарастырады. Жасуша бетінде қос электр қабаты түзілуі, олардың суспензияларының тұрақтылығын ДЛФО теория негізінде сипаттау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің ақсаты:инновациялық тәсілдерді қолдана отырып дәрілік препараттарды жасау және өндіру технологиясын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы негізгі параметрлерді, олардың жаңашылдығы мен өзектілігін ескере отырып, қазіргі заманғы технологияларды құрудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.
Пән дәрілік препараттар мен жаңа буын дәрілік формаларын жасау саласындағы негізгі үрдістерді талдауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: докторанттардың каталитикалық және каталитикалық емес процестердің негізгі заңдылығын сыни бағалауға қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы физика-химиялық зерттеулерді және жаңа гетерогенді және гомогенді катализаторларды жасау қабілетін қалыптастырады.
Пәнде катализдік өндірістің технологиялық сызбаларын оңтайландыру жолдары қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: химиялық, каталитикалық және электрохимиялық реакциялардың кинетикалық заңдылықтарын жүйелі түсінігін қалыптастыру. Оқу курсы күрделі процестердің кинетикалық сипаттамаларын есептеу әдістерін критикалық талдау, кинетикалық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қалыптастырады. Пән химиялық кинетиканың есептеу әдістерін зерттеуге бағытталған:
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерде қолдану үшін қолданбалы коллоидты химияның даму үрдістерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми зерттеулерді орындау кезінде коллоидтық химияның заманауи теорияларын пайдаланудың ғылыми негізін құрайды.Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: коллоидтық химияның өзекті мәселелерін үйренуге, коллоидтық химияның қолданбалы заңдары мен әдістемелерін қолданудың инновациялық жолдарын меңгеруге; өндірістік дисперсияларда, тағамдық жүйелерде және дәрілік композицияларда коагуляциялық үрдістерді реттеуге.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: көмірсутектер негізіндегі тауарлық өнімдерді өндірудің каталитикалық процестерінің ғылыми аспектілерін, олардың мәні, ерекшеліктері мен өндірістегі орнын бағалау мүмкіндігін қалыптастыру. Оқу курсы көмірсутектерді каталитикалық өңдеуге арналған инновациялық технологиялардың теориялық және практикалық мәселелерін түсінуді қалыптастырады. Пән оқытылуға бағытталған: көмірсутектерді өңдеудің қазіргі катализдік процестерінің даму келешегі мен міндеттері; гетероорганикалық қосылыстардың негізгі гидрогенолиз реакциялары,қалған қалдықты гидрогенизациялық өңдеу ерекшелігі;резеңке құрамды және полимерлі қалдықтардың жаңа катализдік технологиясы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: химиялық ток көздерін өндірудің технологиялық мәселелерін шешу, жоғарыэнергиялық ток өндіретін электрохимиялық жүйелерді құру және жетілдіру қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторанттар электрохимиялық энергия түрлендіргіштерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін бағалауға; электрондық құрылғылар мен элементтерді өндірудің әр түрлі нұсқалары мен әдістерін іс жүзінде қолдануға қабілетті болады. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: химиялық энергияны электр энергиясына айналдырудың негізгі практикалық аспектілері, белгілі химиялық ток көздерінің электрохимиялық параметрлеріне, ток түзуші жүйенің қасиеттерінің жалпы батареяның сипаттамасына әсері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: қатты фазалы микроэкстракция негізінде әдістемелерді қолдану және оңтайландыру дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында қатты фазалы микроэкстракция негізінде талдаудың әдістемелері және әртүрлі үлгілерден алынған аналиттердің қатты фазалы микроэкстракция процесін модельдеу мүмкіндіктері қарастырлады. Қатты фазалы микроэкстракция әдісінің теориясы мен жабдықтары, сондай-ақ аналиттердің және талдаудың дәлдігіне әр түрлі параметрлердің әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінген.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты:полимерлі кешендердің қасиеттерін талдай білу және олардың негізіндегі композиттік материалдарды алудың жаңа әдістерін өңдей білуді қалыптастыру. Оқу курсы полимерлі кешендердің және композициялық материалдардың химиясының жаңа бағыттары мен зерттеулерінің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды.Пән табиғаты әртүрлі полимерлердің қатысында өзара әрекеттесу үрдістерінің заманауи тұжырымдамаларын, комплекс түзу үрдістерін зерттеу әдістерін қарастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: материалдарды синтездеу және модификациялау үшін механохимиялық әдістерді тиімді пайдалану қабілетін қалыптастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады механохимиялық үдерістердің принциптерін терең түсінуге.әнді зерделеу кезінде қарастырылады: механикалық энергияның материалдар құрылымына әсерін қоса алғанда, механохимиялық үдерістердің принциптері мен механизмдері; Механохимиялық өңдеудің материалдардың фазалық құрамына, микроқұрылымына және қасиеттеріне әсері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты:білім алушыларда функционалдық мақсаттағы наноөлшемді объектілерді алу үшін электрохимиялық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру.
Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант нанообъектілерді алу үшін электрохимиялық процестердің жүруінің теориялық заңдылықтарын қолдану құзыреттіліктеріне иеленуі қажет.
Пәнді оқыту кезінде наноматериалдарды алудың электрохимиялық әдістері, нанообъектілерді диагностикалаудың физикалық әдістері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты:полимерлерді синтездеу мен зерттеудің заманауи әдістерін шығармашылық талдау және түсіну қабілетін қалыптастыру.Оқу курсы белгілі бір параметрлері мен олардың сипаттамалары бар полимерлерді синтездеудегі заманауи тәсілдер саласындағы теориялық және әдіснамалық негіздерді құрайды. Пән жүйелі құрылысты және белгілі бір берілген құрылымды (со)полимерлердің синтездеудің заманауи әдістерін; мақсатты өнімді алу барысында орын алатын үрдістердің нәзік реттелуіне ықпал ететін факторларды қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты:радиациялық экологияның өзекті мәселелерін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі заманғы радиоэкологиялық мәселелерді шешу үшін ең оңтайлы жағдайларды болжау қабілетін қалыптастырады.
Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант
радиоэкологиялық мәселелерді шешу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ең қолайлы заңнама мен нормаларды пайдалануғ қабілетті болады.Пәнді оқу барысында: Қазақстан және жалпы әлемдегі уран өнеркәсібінің негізгі экологиялық мәселелері; Қазақстан және Орталық Азия елдерінің мысалында уран өнеркәсібінің мұрасы қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты шектерді жан-жақты бағалау және талдау негізінде зерттеу есебін шешу үшін химиялық термодинамиканың ең қолайлы есептік немесе эксперименттік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант химиялық реакцияны немесе фазалық айналуды жүргізудің оңтайлы шарттарын таңдай алады. Пәнде химияның қолданбалы есептерін шешудегі заманауи химиялық термодинамиканың бағыттары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: дәрілік препараттарды әзірлеу, өндіру және олардың сапа көрсеткіштерін бағалау кезеңдерінде инновациялық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру.Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант дәрілік препараттардың құрамын бағалау, әсер ететін заттардың құрылымдық және кеңістіктік құрылысының ерекшеліктерін, олардың себебін және оларға кіретін эксципиенттерді таңдау мүмкіндігін түсіндіре алады.Пән тиісті өндірістік практиканың (GMP) қазіргі талаптарына сәйкес синтетикалық және табиғи дәрілік препараттарды құрудың инновациялық әдіснамасын оқытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мақсатты ерекшеліктерге (анықтау шегі, дәлдігі, бір үлгіні талдау құны және уақыты, экологиялығы) қол жеткізу үшін химиялық және физика-химиялық талдау әдістемелерін өңдеу және оңтайландыру дағдыларын қалыптастыру. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленеді: берілген сипаттамалары бар химиялық және физика-химиялық талдаудың жаңа әдістемелерін жасауға;берілген сипаттамаларға жету үшін талдаудың бар әдістемелерін оңтайландыруға.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.