Заманауи ғылымның жаңа аксиологиялық тұжырымдамалары мен әдіснамаларын білу негізінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мен гуманды педагогика идеяларын жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті білім беру мен ғылыми саланың ғылыми-педагогикалық кадрларын сапалы даярлау;оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету, оқушылардың құндылық, біртұтас және позитивті дүниетанымын дамытуға ықпал ету; оқушыларды рухани-адамгершілік дамуға және қоғамға қызмет етуге шабыттандыру.
Өзін-өзі тану және гуманды педагогиканың негіздері ("Бөбек")
7M01801
Философия және саясаттану
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әртүрлі әлеуметтік жағдайлардағы адамдармен педагогикалық жұмыс контекстінде әлеуметтік өзара әрекеттесуді, тұлғаны дамыту мен әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыруды түсінуге және түсіндіруге мүмкіндік беретін іргелі принциптер мен тұжырымдамаларды ұсыну.
Әлеуметтік педагогиканың бұл негіздері әлеуметтік педагогтар әлеуметтік мәселелердің себептері мен салдарын түсінуге және оларды шешудің тиімді стратегиялары мен бағдарламаларын жасауға көмектесетін теориялық тәсілдер, әдістемелік құралдар мен тәжірибелерді қамтиды.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Білім беру мен тәрбиелеудегі гумандық педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерімен магистранттарды таныстыру, гумандық педагогикада білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруды және жоспарлауды және мұғалімді білім берудегі гуманистік тәсілдерді іске асыруға дайындау.
Негізгі аспектілер: гуманды педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері, гуманды педагогиканың ғылым ретінде қалыптасу тарихы, рухани-адамгершілік тәрбиелеудің педагогикалық теорияларын түсіну, адамның рухани гуманизмінің педагогикасын және адамның тәрбиесінің негізгі адами аспектілері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім алушыда педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде туындайтын психологиялық заңдылықтар мен феномендерді бағалау қабілетін қалыптастыру, кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдер қабылдау үшін психологиялық білімді қолдана алуды қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистранттер төмендегі білімдерді меңгереді:
- ғылыми-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру үшін қажетті психологиялық ғылым мен тәжірибенің негіздері туралы қазіргі заманғы ғылыми ақпаратты меңгеру;
- педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде туындайтын психологиялық заңдылықтар мен феномендерді бағалау;
- психология тұрғысынан өмірлік және кәсіби жағдайларды сыни тұрғыдан талдау, мінез-құлық пен оқу нәтижелері арасындағы өзара байланысты, даму ресурстары мен мүмкіндіктерін көру;
- өзі туралы және басқа да психологиялық ақпаратты пайдалану және негізделген пікірлерді қалыптастыру;
- кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдер қабылдау үшін психологиялық білімді қолдану;
- кәсіби, зерттеу және кәсіби міндеттерді шешу үшін табысты коммуникативтік стратегияларды жүзеге асыру.

Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
• Психологияның ғылым ретіндегі теориялық-әдіснамалық негіздерін;
• Оқыту мен тәрбиенің психологиялық теориясын;
• Психологиядағы тұлға мәселесінің әдіснамалық талдауы, психологияның әр түрлі бағыттарындағы тұлға тұжырымдамаларын;
• Тұлғаны зерттеудегі мәдени-тарихи тұғырды;
• Адамдардың бір-бірін қабылдау мен түсінудің психологиялық ерекшеліктерін;
• Оқыту үдерісіндегі кейкілжің психологиясының әдіснамалық талдауын қарастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - өзін-өзі тану және рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселелерін зерттеу қабілетін дамыту; рухани-адамгершілік білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін түсіну, өзін-өзі танудың теориялық және әдіснамалық негіздерін ғылыми білім саласы ретінде меңгеру, ғылым және білім беру қызметінде жалпыға ортақ құндылықтарды қолдану саласында білім алушының құзыреттілігін дамыту.

Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру:
-өзін-өзі тану және жалпы рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық, психологиялық, педагогикалық және аксиологиялық мәселелерін білу және талдау;
-ғылым саласы ретінде өзін-өзі танудың мазмұны мен құрылымын, теориялық және әдіснамалық маңыздылығын жүйелендіру;
-білім беру мен тәрбиелеуге әртүрлі әдістемелік тәсілдерді талдау және ажырату;
-жеке бағдарланған, аксиологиялық, белсенділік, антропологиялық тәсілдерді қолданудың мазмұнын және бағытын талдауды меңгеру;
-пәннің категориялы және тұжырымдамалық аппаратын талдау және жаңасын синтездеу;
-әмбебап құндылықтардың мәнін білу және оларды өмірде қолдану;
-моральдық және рухани тәрбие идеяларын тұтас педагогикалық үдерісіне біріктіру үшін алынған білімді пайдалану;
-интуитивті және дискриминациялық ойлауды дамытумен, қоғамға деген қайырымдылық қызмет дағдыларын қалыптастыруға құзыретті болу
Курстың мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтардың мазмұнын білу, оны зерттеулерде және жеке өмірде қолдана білу, сондай-ақ, біріктіру бастамасын табу мүмкіндігі туралы білімді меңгеруге бағытталған; әлемдегі және ҚР-да рухани білім берудің тарихын білу; студенттердің бойына интуитивті ойлауды дамытатын қоғамға деген адал қызметтің дағдысын, құзыреттілікті қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әлеуметтік педагогикалық кеңес беруде аксиологиялық амалдардың мазмұнын ашу, жалпы адами құндылықтар негізінде және әлеуметтік мұғалімнің кәсіби жұмысында практикалық дағдыларын шыңдай білу бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің аннотациясы: курста әлеуметтік- педгогикалық кеңес беруде аксиологиялық амалдар қарастырылады. Сонымен бірге, жалпы адами құндылықтар негізінде кеңес беру үрдістерінің технологиясы, орның негізгі кезеңдері, кеңес берушінің сапасы, әлеуметтік педагогтың клиенттермен жеке жұмыс жасауы барысында қолданылатын үлгілері мен оның мәні, жанұяға кеңес берудің негізгі ұстанымдары, жалпы адами құндылықтарға негізделген кеңес беру іс шаралары мен техникасы, әлеуметтік- педагогикалық кеңес берудегі рухани- адамгершілікте әңгімелесу бойынша сұрақтар қарастырылады.
Пәнді меңгеру кезінде магистрант қабілетті болады:
- - нақтылы әдістерді таңдауға және әлееуметтік педагогикалық диагностикалау ерекшеліктерін таңдаудағы теориялық әдістемелік амалдарды меңгеру; әртүрлі жас кезеңдерінде адамның мінез құлқы мен іс- әрекетінің реттеу ерекшеліктері, әлеуметтік- педагогикалық кеңес беруге қабілетті болады;
- -әлеуметтік- педагогикалық кеңес беру әдістері мен тәсілдерін қолдануға;
- -әлеуметтік педагогикалық кеңес берудің диагностикалық және түзету дамытушы міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін әдістер мен технологияларды қолдануға;
- - әртүрлі топтарды: оқушылар мен ата -аналар, мұғалімдерге кеңес беру бойынша әлеуметтік- педагогикалық жұмысты жүзеге асыру және оны талдауға; тұлғаның жеке дамуына көмектесу, жанұя мен қоғамда өзара тепе тең қарым- қатынастарды құруға және оны дамытуға;
- -аксиологиялық амалдардың талаптарына сәйкес, кеңес беру, кәсіби тұрғыда әңгімелесу, әртүрлі санаттағы клиенттермен тренингтер жүргізуге;
- -ата-аналар мен оқушыларға күрделі жанұя жағдайларында рухани- адамгершілік тәрбиелеу ойларын жүзеге асыра отырып, әлеуметтік -педагогикалық қолдау көрсету.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: заманауи ғылыми зерттеулердің аксиологиялық қорын анықтауда, ғылыми білімнің әртүрлі аумағын интеграциялаудағы кіретін ауқымдылық, жаңа ғылыми ойлау негізінде басқа да пәндермен өзін өзі тану интеграциясы мен гуманистік психология технологиясын қолданудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Осы пәнді оқу кезінде магистранттар жаратылыстану ғылымдары аумағында психологиядағы жаратылыстық ғылым мен рухани адамгершілік мәдениеттің бірлестігіне ғылыми білімнің әртүрлі аумақтарындағы интеграцияланудың ауқымдылығы кіретін заманауи ғылыми ойлау әдістемесін тәжірибелік қолдану аумағындағы білімдерді меңгереді. Сондай ақ магистранттар ғылыми білімнің аксиологиялық аспектілерін анықтау дағдысын меңгеруі керек, басқа пәндердегі өзін -өзі тану интергациясының аумағында құзіреттіліктерді дамытуы керек, Селлигман, позитивті психологиясын, Чихсенмиханның ағымды әдісін, және гуманистік психологияның басқа да әдістерін тұлғаның рухани- адамгершілік даму құралы ретінде меңгере білуі керек.
Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады:
- өзін өзі тану және басқа да пәндер аумағында тәжірибелік психологияда постнеклассикалық ғылым ойлары мен әддістерін білу және қолдануға;
-тұлғаның рухани адамгершілік даму құралы ретінде гуманисттік психологияның әдістерін қолдануды;
- тұлғаның рухани- адамгершілік даму бойынша, позитивті, ақыл-ой этикалық құзіреттілігі мен эмоционалдық тұрақтылығы бойынша тренингтер жүргізуді;
- мектеп, колледж, ЖОО біртұтас білім беру үрдісінде өзін- өзі тану интеграциясының үрдісін талдау және түзетуге;
- әртүрлі пәндердің мазмұнында жалпы адами құндылықтарды интеграциялай алуды;
-заманауи гуманистік психология әдістерін, білім беру мекемелеріндегі психологиялық педагогикалық жұмысты жүйелі бағалауды және оны жетілдіре білуге;
-заманауи білім беру аумағында аксиологиялық аспектілерді талдауға және бағалауға.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Магистранттардың жоо-колледж-мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қажетті білімдік және практикалық дайындығын қамтамасыз ету және болашақ педагогтің тұлғасын рухани -адамгершілік бойынша қайта өзгертуге мүмкіндік тудыру.
Бұл пәнді оқу барысында магистранттар «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің ғылыми- әдістемелік негіздерін меңгереді, мектепте өзін- өзі тану сабақтарын өткізуді жоспарлай алуға, өткізген сабақтарын талдай алуға үйренеді; өзін- өзі тануды колледжде оқыту ерекшеліктерін түсінеді , рухани –адамгершілік білім беру бойынша ғылыми білімдерін құрылымдауды және оны жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне ендіруді біледі және олар жалпыадамзаттық құндылықтарды рухани- адамгершілік білім берумен сабақтастырып, мектеп- колледж- жоо тұтас педагогикалық үдеріспен кіріктіре алуға практикалық дайындығын дамытады.
Аталған пәнді табысты аяқтаған магистрант қабілетті болады:
- «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың аксеологиялық және әдістемелік негіздерін біледі ;
- Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемесін және оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің мониторингтік ерекшеліктерін меңгереді;
- мектеп- колледж-жоғары оқу орындарында өзін- өзі тану сабақтарын әдістемелік тұрғыда сауатты жоспарлай алуды біледі;
- рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аспектісінде оқу -тәрбие жұмыстарын жоспарлауды біледі;
- жалпыадамзаттық құндылықтарды тұтас педагогикалық үдеріспен кіріктірудің теориясы мен практикасын түсінеді;
- жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік сапаларынтрансформациялау міндетінің шешімін табудың қолданбалы дағдыларын және жалпыадамзаттық құндылықтар мазмұнын талдаудың әдістерін,қоғамдық сананы модернизациялау контексінде жалпыадамзаттық құндылықтардың әдіснамалық және теорялық мәселелерін зерттеуді меңгереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың креативтілігін, шығармашылық ойлауын және шығармашылық шабытын дамытуда оқытудың инновациялық әдістерін қолдануға кәсіби даярлығын қалыптастыру.
Курста өзін өзі тануды оқытуда интуитивті ойлауды дамытудағы креативтіліктің (Гилфорд, Чексентмихая және т.б.) теориялары, инновациялық оқыту әдістерінің жіктемесі, инновациялық оқыту әдістерін қолдану ұстанымдары, арт-технологиялар, театралды педагогика элементтері және т.б., оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін қолданудың рефлексиясы және әдістемелік талдау, гуманды педагогикада инновациялық әдістерді таңдау қарастырылады.
Аталған пәнді табысты аяқтаған магистрант қабілетті болады:
- Креативтілік теориясын, интуитивті ойлауды дамытуды, шабытты шығармашылықты түсіну;
-өзін- өзі тану және гуманды педагогикада оқытудың инновациялық әдістерін білу және оларды таңдай алу;
-өзін- өзі тануды оқытуда , креативтілікті дамытуда, білім алушыларды шабыттандыруда оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану ;
-инновациялық оқыту әдістерін қолдануды талдау және бағалау ;
-өзінің кәсіби қызметінде оқыту мен тәрбиелеудің арт технологияларын, театралды және мұрағат педагогикасының элементтерін қолдану;
-оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін қолдану арқылы рухани- адамгершілік білім беру аясында әлеуметтік серіктестікті дамытуды , өзін өзі тану сабақтарын , оқу- тәрбиелік іс әрекетті жобалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақ этнопедагогикасы ойларымен танысу арқылы «Өзін- өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы ұлттық құндылық ұстанымдарының мәнін ашу негізінде жалпы педагогикалық мәдениетті қалыптастыру.
Курста қазақ этнопедагогикасының ойлары, көшпелі мәдениеттің дүниетанымдық тұжырымдамасы, көшпелі мәдениеттің тәрбие беру құралдары мен факторлары, көшпелі халықтың ұлттық және отбасының тәрбиелеу әдістері қарастырылады. Сондай ақ, өзін- өзі тану сабақтарын жобалаудағы қазақ этнопедагогикасының ойларын қолдану мен қазақ этнопедагогикасының құралдары мен факторларының өзара қатынасы мен тұлға дамуының рухани -адамгершіліктік дағдысы қалыптастырылады.
Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады:
-қазақ этнопедагогикасында тәрбиелеу мен оқыту ойлары мен қағидаларын талдауға;
- оқу- тәрбие үрдісінде этнопедагогиканың әдістері мен тәсілдерін қолдануға;
-көшпенділік мәдениетін даму кезеңдерін анықтауға;
-өзін- өзі тану бойынша сабақты жобалау кезінде қазақ этнопедагогикасының негізінде дүнеитаным жөніндегі білімді қолдануға;
- дала көшпенділерінің мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктерін талдауға;
-рухани -адамгершілік тәрбие бойынша оқудан тыс жұмыстың бағдарламаларын жобалауда ұлттық тәрбие дәстүрлері, тәсілдері мен әдістері жөнінде білімін қалыптастыру;
-этника аралық қарым- қатынас және өзара қарым- қатынастар кезінде этнопедгогикалық білімді қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарды отбасындағы тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздерімен, отбасында гуманды-позитивті қарым-қатынасты қалыптастыру жолдарымен таныстыру.
Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру:
- отбасындағы моральдық тәрбиенің ғылыми және теориялық негіздерін білу және қолдану;
- түрлі отбасылық жағдайларды талдау және оң қарым-қатынастарды дамыту;
- Отбасылық өмірді үйлестірудің заманауи тәсілдерін білу және оларды кәсіби тәжірибесінде адамгершілік әдістерді қолдана білу;
- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіруге бағытталған отбасымен өзара әрекеттесудің заманауи формалары мен әдістерін қолдану;
- ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудің ерекшеліктерін білу, жеке білім беру әдістерін меңгеру;
- қиын отбасылық жағдайлардағы ата-аналарға және студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
- отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбиенің идеясына сәйкес ата-аналармен жұмыс істеу дағдысын меңгеру;
- Өз отбасын құруға дайындау, балаларды рухани және адамгершілік тәрбиелеу үшін өз жауапкершілігін білу.
Аталған курста магистранттар отбасындағы тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздерімен, позитивті қарым-қатынас өнерімен танысып, заманауи гуманды формалар мен әдістерді ата-аналардың жоғары педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда пайдалануды үйренеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарды постнеклассикалық ғылымның қазіргі философиясымен таныстыру, ғылыми білімнің әртүрлі салаларын біріктіру үрдістерін, табиғи және гуманитарлық мәдениетті біріктіруді, заманауи ғылымның аксиологиялық потенциалын, өзін-өзі танудың мета-субъективті ролімен таныстыруды қамтитын жаңа ғылыми ойлаудың негізін қалыптастыру.
Бұл пәнді оқу барысында магистранттар ғылымның мәні мен мазмұнын, ғылыми революцияны, ғылыми революцияның түрлерін зерттеу арқылы постнеклассикалық ғылымның қазіргі заманғы философиясы саласында білім алады; жаңа ғылыми ойлауды қалыптастыру негіздерін, ғылыми білімнің әртүрлі салаларын интеграциялау үрдістерін, табиғи және гуманитарлық мәдениетті біріктіруді үйренеді; заманауи ғылымның аксиологиялық әлеуетімен және өзін-өзі танудың мета-субъективті рөлімен танысады. Сонымен қатар, магистранттар ғылыми білімнің құрылымы мен мазмұны бойынша жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау дағдыларын меңгеруі тиіс; нақты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде этикалық және экологиялық мәселелерді ескере отырып,зерттеулер жүргізу дағдысын қаыптастыру.
Осы пәнді аяқтағаннан кейін магистранттар қабілетті болуы керек:
- қазіргі заманғы және постнеклассикалық емес философия ғылым саласындағы білімді қолдану; ғылыми білімнің дамуының әрбір кезеңінің нақты әдістемесінің түрлерін (классикалық, классикалық, кейінгі классикалық), жаһандық ғылыми революция (тұжырымдамалық ерекшеліктері кезеңінің мәнін сипаттайтын үш қадам, логикалық, әдістемелік, идеология саласындағы әрбір сатысына тән) кезеңдерін сипаттай алады және жалпыға ортақ құндылықтар бойынша ғылыми-зерттеу мәселелерімен таныс болады;
- ғылымның дамуындағы зерттеу талаптарын тәжірибеде қолдану;
- адами құндылықтар арқылы қазіргі заманғы ғылым зерттеулерде аксиологиялық әлеуетті талдау және анықтау;
- білім, ғылым одағының және гуманитарлық мәдениеттің түрлі саласындағы интеграциялау үрдісімен танысу және оларды зерттеуде қолдану;
- өзін-өзі танудың мета-пәндік ролін анықтау;
-постнеклассикалық емес ғылым принциптерін ескере отыоып, адами қндылықтар бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстарының ғылыми аппаратын құрастыру;
- адами құндылықтарды әртүрлі пәндер мазмұнына кіргізе білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - кәсіби қызметте гуманистік принциптерді қолдану қабілетін дамыту; магистранттардың гуманистік психологияның негізгі қағидалары, бағыттары, әдіснамасы мен технологиясы жайлы ғылыми психологиялық түсініктерін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистранттер төмендегі білімдерді меңгереді:
- практикалық психологияда гуманистік көзқарастарды тізімдеу және қолдану;
- адам санасын зерттеуде жаңа зерттеулерді талдайды; зерттеуді шығармашылық түрде қолдану;
- позитивті психологияның әдістерін кәсіби қызметінде және жеке өмірінде қолдану;
- трансцендентальды психология негіздерін тереңдетіп зерделеу, рухани-адамгершілік тәрбиелеуде қолдануға арналған құралдарды меңгеру;
- білім беру қызметінде адамгершілік психология әдістерін қолдану;
- адамгершілік психология саласындағы қазіргі қазақстандық зерттеулерді талдау;
- адамның рухани-адамгершілік дамуының жаңа әдістерін әзірлеу.
Гуманистік психологияның негізгі ұғымдары мен теориялық қағидалары; практикалық психологиядағы гуманистік идеялардың дамуы; практикалық психологиядағы негізгі гуманистік тұгырларды жүзеге асыратын гуманистік бағдарланған практикалық психологияда гуманистік тұғырларды қолдану құраладары ретіндегі гуманистік психологияның нақты технологияларын; гуманистік психологияның дәстүрлі әдістерін, рухани-адамгершілік қасиетті дамыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау арқылы рухани адамгершілік білім берудегі педагогикалық коучингтің теориялық негіздері, әдістері және техникасымен таныстыру, коуч- кеңес беру және рухани- адамгершілік мәдениеттің ерекшеліктері, коучинг стратегиялары және педагогтің гуманистік бағыттылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Курста рухани- адамгершілік білім берудегі коучингтің әдіснамалық негіздері, ұстанымдары, кезеңдері, өзін-өзі танудағы тұлға құрылымын иерархиялық кіріктірудің тұғырлары және коучинг деңгейлерінің пирамидасы, трансформациялық әңгіме -педагогикалық коучингтің стратегиялары мен техникасы, терең тыңдау, ашық сұрақтар, коучинг тілі, құндылықтар терезесі, шәкілдеу және т.б.; мұғалімнің рухани- адамгершілік мәдениетін дамытудың коучинг бағдарламасын құрастыру қарастырылады.
Аталған пәнді табысты аяқтаған магистрант қабілетті болады:
- рухани -адамгершілік білім берудегі коучингтік стратегиялардың ерекшеліктерін білу және қолдану;
- коучингтің бес ұстанымын, коучинг Н -теориясының ерекшеліктерін, өзін өзі танудың және коучинг құндылықтарының деңгейлерінің кіріктірілген моделінің иерархиялық моделін бағалай алу ;
- трансформациялық әңгіме - педагогикалық коучингтің техникаларын, терең тыңдау, ашық сұрақтар, коучинг тілі, құндылықтар терезесі, шәкілдеу және т.б.; педагогикалық қабілеттіліктерді және педагогикалық техниканы қолдана алу ;
- коучинг- позицияға ену техникасын қолдану, оқушыларды рухани адамгершілікке дамуға шабыттандыру;
- өзін- өзі тану негіздерін және коучинг тұғырларын кіріктіру және талдау;
- коучингтік тұғырларды пайдалан отырып, жалпыадамзаттық құндылықтардың көрініс табу үдерісін салыстыру және талдау ;
- өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруде коуч- бағдарлама жобалай алу;
- коуч- техникаларды қолдана отырып, өзін өзі тану сабақтарын жобалау .
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың тұлғаның рухани адамгершілік сапалары мен құндылықтарын дамытуда сторителлингті қолдануға кәсіби дайындығын қалыптастыру.
Курста сторителлингтің тарихы, рухани- адамгершілік білім берудегі сторителлингті қолдану және жобалау негіздері, сторителлинг түрлерінің жіктелуі, тиімді сторителлинг техникасы, классикалық,белсенді және сандық сторителлинг, өзін- өзі тану пәнін оқытуда жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау үшін оқиғаларды айту әдістері ретінде сторителлингті пайдалану; өзін-өзі тану және гуманды педагогикада сторителлингті қолдану ерекшеліктері қарастырылады.
Аталған пәнді табысты аяқтаған магистрант қабілетті болады:
- рухани- адамгершілік білім беру және сторителлингтің генезисінің даму бағыттарын айқындау;
-сторителлингтің түрлері мен типтерін ,тиімді сторителлинг техникасын өзінің кәсіби қызметінде қолдану;
- рухани- адамгершілік білім беруде сторителлингтік оқиғалардың ерекшеліктерін жобалай алудың ерекшеліктерін ашу және оны рухани- адамгершілік білім беру пәндерін оқытуда қолдануды ендіру;
- сторителлингтіжалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау үшін өзін- өзі тану пәнін оқытуда қолдану;
- сторителлингтік технологияларды дайындау, соның ішінде ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық,қиянат жасамау құндылықтарын анықтау үшін сандық сторителлинг жасау;
- оқытуда және тәрбиелеуде сторителлингті қолдануды талдау және бағалау .
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: рухани- адамгершілік білім беру бойынша білім беру бағдарламаларын жобалау ерекшеліктерімен таныстыру, рухани- адамгершілік білім беру бойынша білім беру бағдарламаларын жобалау дағдыларын, талдау, бағалау және синтездеуді қалыптастыру.
Пәннің аннотациясы: курста педагогикалық жобалаудың негізгі түсініктері қарастырылады. Рухани- адамгершілік білім бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жобалаудың дидактикалық тұжырымдамасы, рухани- адамгершілік білім беру бойынша идентификациялау көрсеткіштерін, рухани -адамгершілік білім беру мазмұнын жобалаудағы модульды амалдарды, рухани- адамгершілік білім беру бойынша қазақстандағы білім беру бағдарламаларының құрылымы бойынша сұрақтар қарастырылады.
Пәнді жетістікпен аяқтауда магистрант қабілетті болады:
-тұлғаның рухани -адамгершілік білімі аумағындағы жеке және жалпы білім беу бағдарламаларын жобалауды;
-рухани -адамгершілік білімдегі ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және бағалау, басқару, әзірлеуге;
- рухани- адамгершілік білімді дамыту мен осыған сәйкес мамандықта мамандарды даярлауда қазіргі тенденцияларды білуді;
-кредиттік оқыту жүйесі аумағында рухани білім беру теориясын және дидактикасы бойынша білімі негізінде ЖОО да педагогикалық үрдісті жобалау және жүзеге асыруды;
-рухани- адамгершілік білім беру аумағында кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа амалдар мен әдістерді іздеуге;
-ЖОО-ң білім беру бағдарламаларын жобалау, талдау және бағалауға;
-мектеп, колледж, ЖОО жағдайында гуманистік педагогика мен өзін- өзі тану бойынша рухани- адамгершілік пәндердің мазмұнын құрастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазақ қоғамының рухани туындауындағы контекстінде ұлттық бірегейлікті дамыту үшін халық педагогикасын рухани -адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде әдістерді қолдануға даярлығын қалыптастыру.
Пәннің аннотациясы: курста қазақ мәдениетіндегі рухани- адамгершілік ойларды дамыту генезисі қарастырылады. Қазақ халқының әлемдік тану тұжырымдамасы ретінде тенгрианс негіздері, қазақтың адамгершіліктік рухани мұрасы ақындардың ақылгөйлігін, жыршылардың даналығы, түрік ойшылдарының шығармашалығы, қазақ ағартушыларының педагогтар мен психологтардың гуманистердің өмірлері қарастырылады, Сонымен бірге өзін өзі тануда халықтың рухани мұрасын зерттеу ерекшеліктері қарастырылады, қазақ этнопедагогикасының құралдары мен факторларының өзара қарым қатынасы мен жанұялық тәрбиелеудегі халық педагогикасының рөлі қарастырылады.
Пәнді меңгеру барысында магистрант қабілетті болады:
-халық педагогикасында рухани- адамгершілік тәрбие берудің теориялқ негіздерін талдауға;
- қазақ мәдениетінде рухани-адамгершілік ойларды дамытып, оны өз зерттеулерінде қолдауға
- рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасын жобалауда тенгриан негіздерінің әлемдік көзқарасы жөніндегі білімдерді қолдануға;
- қазақ халқының мұғалімдерінің өмірі, шығармашылығы мен рухани ерекшеліктерін талдауға;
- ата- аналармен жұмыс жасау бойынша бағдарламаларды жобалауда тәрбие берудің ұлттық дәстүрлері бойынша білімді қалыптастыру;
- мұғалімді кәсіби дайындау мазмұнының қажетті компоненті ретінде халық педагогикалық тәжірибесіне көзқарасын қалыптастыруды;
- қазақ қоғамының рухани туындысы мен қоғамдық санасының модернизациясы контекстінде ұлттық бірегейлікті дамыту негізінде қоғамға таза ниетпен қызмет ете білу дағдыларын меңгереді.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.