Педагогика және психология

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

философия докторы (PhD)

психологиялық- педагогикалық ғылымдар әдіснамасының негіздерін, сол сияқты сабақтас ғылымдар саласының әдіснамасын, жүйелі білімдер мен құзыреттіліктерді және цифрлық технологияларды меңгерген, ғылымды дамытуға қажетті тұжырымдамалық білімдерді жасауға қабілетті, халықаралық деңгейдегі ғылыми пікрталастарда жұмыс тілін қолдана отырып оларды презентациялай алатын және зерттеушілік пен инновациялық психологиялық-педагогикалық қызметке қабілетті жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау.
Бағдарлама маманның төмендегідей кәсіби тұлғалық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталады:
- аталған ғылыми білімдер саласындағы сараптамалық бағалау талаптарына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы салыстырмалы білім берудің өзекті мәселелерін тауып құрастыру және талдау;
- педагогика және психологияның өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың құрылымы мен мазмұнын жасай алу, тұжырымдамалық түрде ойлау;
-өзінің кәсіби қызметін бағдарламалау және жоспарлау; жоспар құрастыру және оның нәтижесін болжай алу; орындалатын кәсіби- педагогикалық әрекеттерді түсініп негіздей алу, ғылыми педагогикалық білімдерді жаңа жағдаяттармен байланыстыра алу.
Осы білім беру бағдарламасы жетекші әлемдік университеттердің оқу жоспарларын талдау негізінде құрастырылды.
Докторлық білім беру бағдарламасының құрылымы тең маңызды екі компоненентті құрайды: ғылымилық және білім берушілік.
Бағдарламаларды жүзеге асыруға шетелдердің құзыретті мамандары шақырылып, жұмылдырылады.
Білім беру бағдарламасы құзыреттілік тұғыр негізіндегі модульдік ұстанымға құрылды.

Педагогика және психология

8D01101

Философия және саясаттану

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

1750000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)