Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

- Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарында мемлекеттік билік пен басқару саласы, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету.
- Түлектер теориялық және эксперименттік негізде, стратегиялық жоспарлаудың, мемлекеттік әкімшілік пен саяси менеджменттің жаңа жетістіктеріне, аралас ғылыми салаларға негізделген терең жүйелі білім алуы тиіс.
- Мемлекеттік қызмет пен басқару мәселелерін шешуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және саяси коммуникацияларды дамытуға байланысты кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
- Мемлекеттік қызметтегі басқарудың, саяси талдау мен болжаудың қазіргі заманғы технологияларын меңгеруді қамтамасыз ету.
- Білім алушылардың бойында ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, қазіргі заманғы мемлекеттік және қоғамдық мәселелердің жағдайын талдау, қорыту және сыни бағалау, болашақ кәсіби қызметтің бағытын саналы таңдау, таңдаған салада табысты жұмысқа орналасу қабілетін қалыптастыру.
- Түлектер терең теориялық және практикалық және бірегей нәтижені қамтамасыз ететін техникаларды талап ететін ғылыми жобаны орындауы тиіс.
- Бітірушілер Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің кез келген жетекші университетінде ғылыми дәреже алу үшін, ұлттық, өңірлік және жергілікті басқару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білімді қолдануға негізделген мемлекеттік билік және басқару органдарында басқару функцияларын жүзеге асыру үшін оқуға дайындалуы тиіс.

Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік

7M03107

Философия және саясаттану